Халық педагогикасындағы тәрбиенің түрлері


Slide 1

Халық педагогикасындағы тәрбиенің түрлері

Slide 2

«Бала - қазына, тағы үлкен қазынасы - оның тәрбиесі».

Халық даналығы

Slide 3

Халық педагогикасында тәрбиенің мақсаты:

Білім алушылардың қазақ халық педагогикасындағы тәрбие ерекшеліктері жайлы білімдерін тереңдету, жүйелеу;

Білім алушыларға бала тәрбиесіне байланысты салт- дәстүрлердің тәрбиелік мәнін, мағынасын ашып түсіндіру, теориялық білімдерін күнделікті өмірде, тұрмыста қолдана алуға баулу;

Қазақ халқының қыз ұзату, келін түсіру, адамды жерлеу салт-дәстүрлеріне байланысты жасалатын рәсім, кәде- жоралғылары жайлы білімдерін жетілдіру, толықтыру;

Білім алушыларды қоғамдық, отбасылық өмірде этноәлеуметтік рөлдерін дұрыс атқара алуға даярлау;

Ұлттық рухани деңгейі биік, іскер, қабілетті, иманды, әдепті адам тәрбиелеу.

Slide 4

Халық педагогикасының міндеті: сегіз қырлы, бір сырлы; жан - жақты жетілген азамат тәрбиелеу;

Мазмұны: Ұлттық салт - дәстүрлер арқылы балаға ақыл - ой, адамгершілік, әсемдік, дене, денсаулық, еңбек тәрбиелерін беру, мінез - құлық дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбие ортасы: Отбасы, мектеп, ұлт, мемлекет, қоршаған орта (достар, сыныптастар, басқа адамдар) ;

Тәрбие объектісі: Бала;

Халық тәрбиешілері: Әке - шешесі, ұстазы, атасы мен әжесі, ауыл үлкендері;

Slide 5

«Өзіңді өзің тану - рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтардың негізі»,

Еңбек тәрбиесі

Халық педагогикасынан орын алған еңбек және еңбекке тәрбиелеу қазіргі педагогика теориясы принциптерімен ұштасып жатыр. Еркін еңбек барысында өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам материалдық және рухани құндылық жасайды. Шығармашылық еңбек барысында адам өз күшінің шамасын және қабілетін анықтайды. Қоғамның басты талаптарының бірі - әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдағы байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу болып табылады.

Slide 6

Дене, қалып тәрбиесі

Ұлт ойындары қоғамның өзгеруімен байланысты әлеуметтік -экономикалық жағдайдың негізінде дамып, жаңарып, жетіліп отырған. Мәселен Қазақстан жерінде алғашқы қауымдық құрлыста: аң аулау, таяқ жүгірту, садақ ату, қақпатас, қара тас ойындары пайда болса, бертін келесі дәуірде қайталау-жаттығу нәтижесінде бұл ойындар аң аулау, буркіт салу, құс салу, садақ тарту, жамбы ату, қақпан -тұзақ құру т. б. спорттық ойындардың аттары өзгеріп мазмұны байый түскен.

Тұрмыс - салт, тарихи - әлеуметтік жағдайға байланысты қазақ халқының дене тәрбиесіне лайықтаған дәстүрлері көп. Атқа отырғызу, күрес, жарыс, жаяу жарыс, көкпар, аударыспақ, найзаласу, жамбы ату сияқты шынықтыру дәстүрлерімен қатар, халық өз ұрпағын батырлық және ғашықтық жырлар арқылы ерлікке баулиды, адалдыққа тәрбиелейді.

Slide 7 Slide 8

Халықтық педагогика тағылымдарының жемісті болуы -педагогтардың шығармашылық іскерлігіне байланысты.

Slide 9

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында. - Алматы: Атамұра, 1999. -9б.

2. С. Қалиев, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. -

Алматы: Рауан, 1994. 7-10б

3. Наурызбаева Р. Бастауыш мектепте халықтық тәлім-тәрбие берудің шығармашылық жолдары. - Алматы: Білім, 2006. 19б.


Ұқсас жұмыстар
ЭТНОПЕДАГОГИКА ЖАЙЛЫ
Этнопедагогика оқулықтары
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар:бала тәрбиесінде нақыл, қанатты,шешендік сөздер қолдану;халық педагогикасындағы тәрбиенің түрлері
Халық педагогикасындағы тәрбиенің түрлері (отбасы)
атырлар жырының дү ниетанымд жә не тә рбиелік мә ні
Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың міндеттері мен бағыттары
Қазақ халқындағы азаматтық патриоттық тәрбиенің ерекшелігі
Әдебиет шығармалар ауыз әдебиеті тарихында
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ
Халық педагогикасындағы дене тәрбиесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz