Қайта өрлеу кезеңінде психологияның дамуы


Slide 1

Қайта өрлеу кезеңіндегі психологияның дамуы

Орындаған: Сыдықанова А.

Тексерген: Едігенова А. Ж.

Slide 2

Қайта өрлеу кезеңінде психологияның дамуы

Қайта өрлеу заманының білімділері антикалық құндылықтарды қайта өрлету, антикалық кезеңнің көріністерін «орта ғасырлық сұмдықтардан» тазарту міндеттерін алға қойды. Жаңа философтар Аристотель еңбектерін, оның ішінде «Жан туралы» трактатына қайта орала бастады және пікірталастар мен келіспеушіліктер орын алды. Келіспеушіліктердің түп төркіні жанның мәңгілік екенінде болды.

Slide 3

АРИСТОТЕЛЬ (ГРЕКШЕ, ἈΡΙΣΤΟΤΈΛΗΣ; БЗЗ. Б. 384Ж. (ОРТАЛЫҚ МАКЕДОНИЯ), ХАЛКИДИ ТҮБЕГІ - Б. З. Б 322Ж. . 7 НАУРЫЗ, ХАЛКИДА, ) -ЕЖЕЛГІ ГРЕК ФИЛОСОФЫ, ПЛАТОННЫҢ ШӘКІРТІ, ЕСКЕНДІР ЗҰЛҚАРНАЙҰЛЫНЫҢ(ҰЛЫ АЛЕКСТАНДР) ҰСТАЗЫ, «АДАМЗАТТЫҢ БІРІНШІ ҰСТАЗЫ» ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІ АТАҚҚА ИЕ. ОЛ ҒЫЛЫМ МЕН ПАРАСАТТЫҢ КӨПТЕГЕН ТАҚЫРЫПТАРЫН ЖҮЙЕЛІ ӘРІ ЖАН-ЖАҚТЫЛЫ ЗЕРДЕЛЕП, ЖАРАТЫЛЫС ПЕН ӨМІРДІҢ ТҮРЛІ ҚҰБЫЛЫСТАРЫНА НАҚТЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖАСАП, АРТЫНА СҮБЕЛІ ЕҢБЕКТЕР ЖАЗЫП ҚАЛДЫРДЫ. АРИСТОТЕЛЬ ҒЫЛЫМНЫҢ КӨПТЕГЕН САЛАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ НЕГІЗІН ҚАЛАДЫ, ОЛАРДЫҢ АРАСЫНДА ФИЗИКА, МЕТАФИЗИКА, ПОЭТИКА, ТЕАТР, МУЗЫКА, ЛОГИКА, РИТОРИКА (ШЕШЕНДІК ӨНЕРІ), САЯСАТ, ЭТИКА, ЭСТЕТИКА, БИОЛОГИЯ, ЗООЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА ҚАТАРЛЫЛАР АЙРЫҚША АТАЛАДЫ.

Slide 4

Екі топ екі түрлі ұстанымда болды.

Бірінші топ (Аввероистер) ақыл мен жанды бөліп көрсетіп, ақылды жанның жоғары, мәңгілік бөлігі ретінде көрсетті.

Екінші топ (александристер) Аристотель ілімінің тұтастығына және оның «жанның барлық қабілеттілігі жанмен бірге жоғалады» деген тезисін алдыға қойды.

Slide 5

Қайта өрлеу кезеңіндегі идеялар Италия және Испанияда белсенді дамыды:

Италияндық Леонардо да Винчидің (1452-1519) ойынша, адам өзінің рухани күштерін шынайы құндылықтарға айналдыра алады және табиғатты өз шығармашылығында әрлендіреді, ал жоғары құндылық құдайлық ақыл емес, шығармашылық күш және өнім.

Slide 6

Қайта өрлеу кезеңіндегі ұлы дәрігерлер:

Испандық дәрігер Хуан Луис Вивес (1492-1540) «Жан және өмір туралы» кітабында адам табиғатын түсінудің басты және жалғыз тәсілі бақылау мен тәжірибе екендігін көрсетті. Сонымен бірге бала табиғатына дұрыс тәрбие беру арқылы әсер етуге болатынын айтты.

Дәрігер Хуан Уарте (1530-1592) «Ғылымдарға қабілеттілікті зерттеу» кітабында адамдар арасындағы индивидуалды айырмашылықтарды олардың әр түрлі мамандыққа жарамдылығын анықтау міндетін психология тарихында ең алғаш көтерді.

Slide 7

Леонардо Да Винчи

Италияндық Леонардо да Винчидің (1452-1519) ойынша, адам өзінің рухани күштерін шынайы құндылықтарға айналдыра алады және табиғатты өз шығармашылығында әрлендіреді, ал жоғары құндылық құдайлық ақыл емес, шығармашылық күш және өнім.

Slide 8

Қайта өрлеу кезеңінде психология пәнінің екі жақты екендігі байқалды:

Сананы және оның

қалыптасуын,

Дүниенің бейнеленуінің

даму кезеңдері

және өзін зерттеу

Қозғалушы

күштерді,

мінез-құлықты

Ішкі ғана емес,

сонымен бірге

индивидтің

сыртқы белсенділігін

зерттеу

Slide 9

Ньютонның механикасы мен физикасының дамуына байланысты бүкіл әлемді үлкен механизм ретінде, ал адам денесі машина - автомат ретінде кез келген механизм принципі бойынша ететіндігін дәлелдеген көзқарастар пайда болды.

Slide 10

Таным процестерін зерттеу барысында екі қарама-қарсы көзқарас байқалды:

Сенсуализм

Рационализм

Slide 11

Сенсуализм (лат. sensus - сезім, түйсік) - психикалық өмірдің негізі - сезімдік әсерлер деп білетін ілім. Антикалық заманда бұл ілімді бірқатар философиялық мектептердің өкілдері (киренаиктер, эпикурийліктер, неғұрлым біртоға нысанда стоиктер) жактады. Сезімішілік тану мүмкін емес деп пайымдаған стоиктер ақылды тәжірибе өз жазбаларын таңбалайтын "таза тақта" деп қарастыруды ұсынды. Зердеде әуел баста сезімдерде болмайтындай ештеңе жоқ деген афоризм солардан қалған. Бертін келе осы қағидаларды Қайта өрлеу және Жаңа заман дәуірлерінің сенсуализмді жақтаушылары насихаттады. Оларға танымда принципті тұрғыда түйсіктерден шығарылмайтын мазмұн бар деп дәлелдеген рационализм өкілдерімен күресуге тура келді. Сенсуализмнің ықпалымен дамыған ассоциациялық психологияда күрделі психикалық өнімдер тудыратын элементарлық түйсіктердің байланысы не сананың қасиеті немесе "тәндік" мәшине мен сыртқы дүние арасыңдағы материалдық өзара әрекет жүйесінің туындысы деп қарастырылады.

Slide 12

Рационализм(лат. ratіo - ақыл), архитектурада - 20 ғ-дың 1-жартысындағы архитектуралық бағыттар жиынтығы. Қазіргі ғылым мен техника жетістіктерін жүйелі түрде меңгере отырып, бейнелеу өнеріндегі жаңа ағымдар әкелген пошым тудыру принциптерін архитектурада қолдану - Рационализмнің негізгі ерекшелігі. Ол кең мағынада “заманауи архитектурасы” ұғымымен қатар қолданылады. Рационализм негізі 19 ғ-дың аяғында қалыптаса бастады. 20 ғ-дағы 20-жылдардың бас кезінде Рационализмнің қалыптасуына, Францияда ЛеКорбюзье, Ресейде К. С. Малевич,, Германияда В. Гропиус насихаттаған теориялар негіз болды. Рационализмнің дәуірлеген кезеңі - 20 ғ-дың 20 - 50-жылдары. Бұл бағытты насихаттаушылар заманауи архитектурасының халықаралық конгресін құрды. Олардың жалпы архитекторлардың пайымдаулары негізінде халықаралық стиль дүниеге келді. Рационализм өкілдері ден қойған архитекторлардың пайымдаудағы өріссіздік пен әлеуметтік-реформистік утопизм оны 20 ғ-дың 50-жылдарының соңына таман тоқырауға әкеліп соқтырды

Slide 13

Рационализм -болмыс пен танымның негізгі ақыл-ой деп сенетін философиялық бағыт. Рационализм 3 түрге жіктеледі:

1. онтологиялық 2. гносеологиялық 3. этикалық рационализм


Ұқсас жұмыстар
Қайта өрлеу философиясының ерекшелігі
ПСИХОЛОГИЯ пәні
Педагогиканың пайда болуы мен дамуы
ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУЫ
АРИСТОТЕЛЬДІҢ РИТОРИКАСЫ
Ортағасырлық дәуір Ортағасырлық дәуір Ортағасырлық дәуір
Ежелгі Дүние дәуірі Ежелгі Дүние дәуірі Ежелгі Дүние дәуірі
ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІНІҢ МӘДЕНИЕТІ
Қайта өрлеу мәдениеті
Ғылымныӊ пайда болуының негізгі кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz