«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы»



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1469қаулысы Осы Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде шетелдіктер мен шетелдік заңды тұлғаларға жануарлар дүниесін арнайы пайдалануға арналған рұқсат берудің тәртібін айқындайды.

Жануарлар дүниесін пайдалануға арнайы рұқсаттар (бұдан әрі - рұқсаттар) жануарлар дүниесін пайдаланудың мынадай түрлеріне:
1) аң аулауға;
2) теңіз сүт қоректілері мен судағы омыртқасыз жануарларды аулауды қоса алғанда, балық аулауға;
3) аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалануға;
4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға;
5) жануарлардың пайдалы қасиеттерін және тіршілік ету өнімдерін пайдалануға беріледі.

Рұқсаттар жануарлар дүниесін пайдалану үшін төлемдер енгізу шарттарына және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жануарларды алып қоюдың белгіленген көлеміне (мөлшеріне) беріледі.
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы бақылау. Осы Ережені бұзу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген жауапкершілікке әкеледі.
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту жәнепайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау (Заңның 49-бабы)

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлімшелері:
1) тексерулердiң жылдық жоспары бойынша жылына бiр реттен көп емес;
2) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзу фактiлерi туралы жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша, олардың түсуiне қарай;
3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы келеңсiз салдарларды растайтын ғылыми зерттеулер мен жануарлар дүниесiнiң мониторингi нәтижелерi бойынша, олардың айқындалуына қарай, оларды жою жөнiндегi ұсынымдарды ескере отырып;
4) жоспарлы iс-шаралар нәтижесiнде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың нұсқамада көрсетiлген мерзiмде орындалуын бақылау мақсатында жүзеге асырады.

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті және аумақтық органдардың лауазымды адамдарының:
1) объектілерге жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылау мақсатында баруға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметі туралы ақпарат алуға;
2) осы Заңда берiлген өкiлеттiктер шегiнде актiлер шығаруға;
3) тексеру материалдарын құқық қорғау органдарына iс жүргiзу шешiмiн қабылдау үшiн беруге;
4) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуы анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың қызметiн тоқтата тұруға немесе қызметiне тыйым салу туралы ұсыныс енгiзуге;

5) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуы салдарынан келтiрiлген зиянның көлемiн анықтауға және осының негiзiнде кiнәлi тұлғаларға осы зиянды ерiктi түрде өтеу туралы талап қоюға не сотқа талап-арыз беруге; 6) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға; 7) аңшылық алқаптардың, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің аумақтарында және олардың жағалау белдеуінде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және олардан шыққан кезде көлiк және жүзу құралдарын тоқтатуға, оларды жете тексеруге;

7-1) су тарту құрылыстарын оларды тиісті балық қорғау құрылғыларымен жабдықтау және су тұтыну шарттарын уәкілетті органмен келісу нысанына тексеруді жүзеге асыруға;
7-2) аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде, жағалау белдеуінде болған және олардан шыққан кезде адамдардың жануарлар дүниесін пайдалану құқығына арналған құжаттарын тексеруге;
8) жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау құралдарының тыйым салынған түрлерiн сот шешiм қабылдағанға дейiн сақтау үшiн алып қоюға;
9) заңсыз ауланған жануарлар дүниесi объектiлерiн және олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен алып қоюға;
10) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын сот шешiм шығарғанға дейiн уақытша сақтау үшiн алып қоюға;
11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен арнаулы құралдар мен қызметтік қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға құқығы бар.

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті және аумақтық органдардың лауазымды адамдары:
1) аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргiзу ережелерiнiң сақталуына;
2) аң аулау және балық аулау ережелерiнiң сақталуына;
3) жеке және заңды тұлғалардың аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарт талаптарының орындалуына;
4) жануарларды ерiксiз немесе жартылай ерiктi жағдайларда ұстау тәртiбiнiң, сондай-ақ зоологиялық коллекциялардың сақталуына;
5) жануарлар дүниесiн пайдалану үшiн белгiленген шектеулер мен тыйым салулардың сақталуына;
6) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi iс-шаралардың орындалуына;
7) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыру мен жерсіндіруді жүзеге асыру тәртiбiнiң сақталуына;
8) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердiң сақталуына;
9) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарының өзге де талаптарының орындалуына бақылау жасауға мiндеттi.

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар айырым белгілері бар нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етiледi.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz