Көк итқонақ/ Setaria viridis




Презентация қосу
Көк итқонақ/
Setaria viridis
Жоспар:
• Көк итқонақ шөбіне сипаттама
• Көк итқонақтың морфологиялық
ерекшелігі
• Көк итқонақ шөбінің таралу
аймақтары
• Күресу шаралары
• Қорытынды
• Пайдаланылған әдебиет
Көк итқонақ.
Итқонақ (могар) - біржылдық
астық тұқымдас шөп. Ол ерте
піседі.
Қуаңшылыққа төзімді. Жақсы
алшын береді.
Итқонақтың 100 кг көк
балаусасында 17-18 а.ө. жəне 1,8
кг
қорытылмалы протеин, 100 кг
пішенінде 52-54 а.ө. жəне 5,0-5,3 кг
қорытылмалы протеин бар.
Итқонақтан жақсы сүрлем, шөп
ұнын жасауға
болады. 100 кг сүрлемінде 15-18
а.ө. жəне 1,6 кг қорытылмалы
протеин бар.
Көк итқонақтың морфологиялық ерекшеліктері.
Тамыр жүйесі күшті дамыған,
негізгі массасы топырақтың жырту қабатында (0-25 см)
орналасқан.
Сабағы тік өседі, биіктігі 50-150 см. Саба қтарда 5-14 ірі
жапырақтар
орналасқан. Жапырақтануы жақсы, өсімдік массасыны ң
45-55% құрайды.
Гүлшоғыры – масақ тəрізді сіпсебас (ұзындығы 6-25 см),
пішіні
цилиндр немесе ұршық тəріздес. Масақшалары
қылтықсыз, бірақ олардың
түбінен жұмсақ жіп тəріздес қылтықтар дамып шығады
да сіпсебасқа түктілік
береді. 1000 тұқымның массасы 1,5-4 г.
Көк итқонақтың морфологиялық
ерекшеліктері.
Көк итқонақтың таралу аймақтары.
Дүние жүзінде кең тараған. Қиыр Шығыста,
Солтүстік-Шығыс Қытайда, Жапония
және Корей аралдарында кездесетін 21 түрі белгілі.
Итқонақ – егістіктер мен бау-бақшаның
арамшөптері. Қазақстанда құрғақ далалық
аймақтар мен таулардың тастақты беткейлерінде
өседі.
Көк итқонақпен күресу шаралары.
Көк итқонақ арамшөптеріне қарсы алдын ала күресу
шаралары, агротехникалық, химиялық және биологиялық
күрес шаралары қарастырылған. Алдын алу шараларының
негізгі міндеті — арамшөптердің тұқымдарымен
вегетативтік көбею мүшелерінің таралуын болдырмау. Ол
үшін өңделмейтін жерлердегі арамшөптердің тұқым
шашуына жол бермеу керек. Ол үшін тұқымдарды арнайы
тұқым тазалағыш машиналардағы елеуіштермен
триерлерді пайдаланатын 1-2 класс деңгейіне көтеру қажет.
Егер егінді жинау жұмыстары мезгілінде, кешіктірілмей
жүргізілсе, арамшөптер тұқымының негізгі бөлігі комбайн
бункеріне немесе сүрлемдік дақылдармен бірге көк
балаусаға түседі. Дәнді бөлектеп жинағанда тікелей орып
бастыруға қарағанда арамшөптердің тұқымдары жерге
көп шашылады.
Қорытынды:
Арамшөптер ауылшаруашылық
дақылдарының өнімін күрт төмендетеді. Орыс
агрономиясының классигі А.П.Костычевтың
айтуынша арамшөптер алынатын өнімнің тең
жартысын, қала берсе 30 пайызын төмендетеді
екен.Арамшөптер тек ғана ауылшаруашылық
дақылдарының өнімін азайтып қоймайды,
сонымен қатар олардың сапасын төмендетеді.
Атап айтқанда, бидай дәніндегі ақуыз, майлы
дақылдар дәніндегі майдың мөлшері,
талшықты өсімдіктердің талшығының сапасы
нашарлайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
• Ю.Б. Рычин “Сорные растения”
• Л.Н.Верещагин “Атлас травянистых
растений”

Ұқсас жұмыстар
Арамшөптермен күресу шаралары
Бүлдіргеннің биологиялық сипаттамасы
Жеміс-жидек дақылдарының зиянкестерімен күресу
Филяриатоздар. Жылқы парафиляриозы.Та қтұяқтылар онхоцеркозы. Ірі қара сетариозы
Теңқанаттылар отряды Homoptera
Арамшөптер
Еркекшөп Қылтықсыз арпабас
Қос жарнақты тұқымда
Көк бөрі
Көк гүлкекіре
Пәндер