Бруцеллезді диагностикалау әдістері: клиникалық, зертханалық және аллергиялық тәсілдер


Slide 1

Қазакстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындагы мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Бруцеллезды балау әдістері

Орындаған: Амиргалина Ж. К

Тексерген:Нуркенова М. К

Slide 2

Бруцеллез - бұл адамдар мен малдардың, бруцелла -төменгі температура мен дымқыл ортаға тұрақты ұсақ микроағзалармен жұғатын жұқпалы ауру. Көңде 75 күнге, жерде - 3 айға, қойдың жүнінде - 3-4 айға, сүтте - 20-70 күнге дейін сақталады. Қайнатқан кезде олар бірден өліп қалады.

Slide 3

Патогенезі

Бруцеллалар ағзаға тері немесе шырышты қабаттар арқылы енеді, сосын макрофактормен ұсталып, сол жерде көбейеді де, лимфа ағынымен регионарлық лимфа түйіндеріне енеді. Содан соң қан тамырлар арқылы бүкіл ағзаға жайылады. Патогенезінде инфекцияның дамуы бес фазадан өтеді:

лимфогенді фаза

гематогенді фаза

көп ошақты себу жайылу фазасы

экзоошақты себу фазасы

метомффоз фазасы

Әр фазаның көрінуі және олардың дамуы организмнің индивидуальды ерекшелігіне байланысты, кіру жеріне, түріне қоздырғыш дозасына және зақымдану шартына байланысты.

Slide 4

Бруцеллезды балау әдістері

Slide 5

Бруцеллезге диагноз кешенді түрде тексерудің нәтижесінде өтеді:

Slide 6

Індеттанулық тесеру

Індеттанулық деретерден бұл жерде бұрынғы уақытта бруцеллездің болған-болмағаны, өткен жылдардағы бруцеллезге тексердің қорытындылары еске алынады. Айрықша көніл бөлетін мәселе -шеттен әкелінген мал және оны карантиндеу ретінің орындалуы. Соңғы жылдары алынған төлдің санына, аналық малдың іш тастауы мен қысыр қалуына және оның себептеріне мұқият талдау жасалынады.

Slide 7

Клиникалық тексеру

Жануарларды клиникалық тексеру кезінде бурсит, еркек малда орхит, ұрғашы малда эндометрит, іш тастау, шуы түспеу сияқты құбылыстарға баса назар аударылады. Клиникалық тексеру арқылы енін, еннің шылауын сипап қошқардың жұқпалы эпидимитіне түпкілікті диагноз қоюға болады .

Slide 8

Зертханалық тексеру

Буаз мал іш тастаса, міндетті түрде лабораьориялық тексеру жүргізеді. Ол үшін бактериологиялық зерттеуге тастанды төлді ұрық қабымен немесе төлдің қарнын екі жағын ішіндегісімен, бауыр мен көкбауырдың кесінділерін енін шылауымен, жатырдың өзгеріске ұшыраған тұстарынан кесінді және сөл түйіндерін алады. Аталған материалдарды аырған малдың әрқайсысынан жеке-жеке кешіктірмей бірден іш тастаған немесе сойған кезде алып, лабораторияға консервіленбеген күйі жеткізіледі. Егер патматериалды бір тәулікте жеткізілмесе, оны глицерининнің 30% судағы ерітіндісімен консервілейді. Сонымен бірге лабораторияға серологилық тексеруге сол малдың сүтін, қанын немесе қанның сарысуын жібереді

Slide 9

Бактериологиялық диагноз үшін жағындыларды микроскоппен қарап, ауру қоздыршысының өсіндісін алып, теңіз тышқанына биологиялық сынама қояды.

Серологиялық реакциялар бруцеллезге малды жаппай тексеру үшін кеңінен қолданылады. Ең танымал әдістер:агглютинация реакциясы(АР), комплемент байланыстыру реакциясы(КБР), комплемент ұзақ байланыстыру реакциясы(КҰБР), сонымен қатар роз бенгел сынамасы (РБС)

Slide 10

Аллергиялық тексеру

Аллергиялық тексеру бруцеллездің соңғы кезеңдеріде нәтижелі деп есептеледі. Бұл үшін бруцеллин аллергені пайдаланылады. Оны тері ішіне және тері астаны жіберіледі. Бірақ, аллергиялық әдістің сезімталдығы серологиялық реакциялардан төмен.

Slide 11

Қолданылған әдебиеттер:

Ө. Ығылманұлы. Ветеринариялық патологиялық анатомия. Алматы 2010 жыл

Т. Сайдуллин Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары Алматы 2009 жыл

Интернет желісі

Slide 12

Назарларыңызға рахмет


Ұқсас жұмыстар
Бруцеллезді диагностикалау: бактериологиялық және серологиялық әдістері
Бруцеллезді диагностикалау әдістері, патогенезі және ветеринариялық-санитариялық шаралары
Зертханалық зерттеу әдістері: түрлері, клиникалық қолданылуы және науқасты дайындау
Бруцеллезді серологиялық зерттеу және диагностикалық әдістері
Урологиялық науқастарды клиникалық, зертханалық және аспаптық тексеру әдістері
Қан түзу жүйесінің патологиясын диагностикалау: субъективті және объективті тексеру әдістері мен клиникалық синдромдар
Ауыл шаруашылық малдарында буаздықты анықтаудың клиникалық және зертханалық әдістері
Толық алмалы-салмалы протездеудің клиникалық және зертханалық кезеңдері мен әдістері
Зәр шығару жүйесінің ауруларын клиникалық және зертханалық-асаптық зерттеу әдістері
Артериялық гипертензияны диагностикалау және емдеудің қазіргі заманғы әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz