Еңбек қорғау жөнінде нұсқаулар беру және іс-жүргізу



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
ТАҚЫРЫБЫ:1 Еңбек қорғау жөнінде нұсқаулар беру және іс-жүргізу
2 Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тіркеу
3 Жұмыс орнындағы микроклиматқа баға беру
Орындаған:Ерболатова А
Тексерген:Жұманова Т. Г .
СЕМЕЙ 2015

Еңбек қорғау пәні
Еңбекті қорғау пәні - бұл қызметкерлердің еңбек процесі барысында еңбекпен қорғалудың, яғни олардың өмірі мен денсаулығының қорғалуын қамтамасыз ететін, өндірістегі қауіпті жағдайларды, кәсіптік зияндарды болдырмау және оқыс жағдайлардың алдын-алу шараларын жасайтын, оқытатын, зерттейтін пән. Яғни, Еңбек құқығының бір институты болып табылады

Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту ережесі
Жалпы ережелер
Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулығы - өндірістік жайларда, кәсіпорын аумағында, құрылыс алаңдарында, көлік құралдарында немесе осы жұмыстар жүргізілетін не қызметтік міндеттер атқарылатын ұйымның басқа жерінде жұмыстарды орындау барысында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамалардың қолданылуын нақтылайтын жұмыс берушінің актісі.
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты (бұдан әрі - Нұсқаулық) жұмыс беруші, мүдделі құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлердің өкілінің қатысуымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маман (бұдан әрі - жауапты тұлға) жасаған тізбеге сәйкес, учаскедегі, цехтағы, қызметтегі, зертханадағы және жалпы ұйымдағы әрбір мамандық үшін, сондай-ақ жеке жұмыс түрлері (биіктегі жұмыс, сынақтар) мен жұмыс орындарына да әзірлейді. Сондай-ақ нұсқаулықтарды әзірлеуді жұмыс берушінің (ұйым) тапсырысы бойынша келісім-шарттық негізде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ғылыми мекемелердің мамандары да жүзеге асыруы мүмкін.

Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекітудің осы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әзірленді және ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекітудің тәртібін белгілейді.
2. Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық - жұмыс берушінің өндірістік орындарда, кәсіпорын аумағында, құрылыс алаңдарында, көлік құралдарында және ұйымның осы жұмыстар жүргізілетін немесе қызмет міндеттері орындалатын өзге де орындарында жұмыстар атқару кезінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында заңдардың қолданылуын нақтылайтын актісі.
Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту ережесі

Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тіркеу
Өндірістік жарақат дегеніміз - қауіпсіздік техникасының талаптарын ескермегендіктен болатын жарақат.
Егер қызметкерге жазатайым оқиғаның нәтижесiнде мертiгу немесе жұмыс берушiнiң кiнәсiнен денсаулығына өзге де зақым келтiрiлсе, онда жұмыс берушi қызметкерге сақтандыру өтемақысының төлемi болмаса оған келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде көзделген тәртiппен және шарттармен өтеуге мiндеттi.
Тергеу барысында ақиқатты анықталған мынадай жағдайларда: 1) зардап шегушi өз бетiмен жұмыс берушiнiң мүддесiмен байланысты емес жұмысты орындау кезiнде; 2) өзiнiң денсаулығына әдейi (қасақана) зиян келтiру нәтижесiнде немесе зардап шегушi қылмыс жасаған кезде (соттың үкiмiмен анықталған) ; 3) өндiрiстiк факторлардың қауiптi және зиянды әсерiне қатыссыз зардап шегушiнiң денсаулығының кенет нашарлауы; 4) жазатайым оқиғаға себепшi болған алкогольдiк мастық, күштi әсер ететiн уландырғыш және нашақорлық заттарды пайдалану жағдайы қызметкерлердiң өндiрiстегi жарақаттары мен өзге де зақымдары өндiрiстiк (кәсiптiк) ретiнде ресiмделмейдi. Комиссия жазатайым оқиғаны тексеру кезiнде жұмыс берушi оларға жүктелген функцияларды орындау жөнiндегi еңбек заңнамасының сақталуы үшiн мемлекеттiк бақылау органдарының өкiлдерiне қажеттi барлық жағдайларды қамтамасыз етедi.

Өндірістегі жазымдарды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктері:
1. Жазымды арнайы тергеп-тексеруді мемлекеттік енбек инспекциясы органынын аумактык бөлімшесі курган комиссия мына қурамда жургізеді.
Төраға - мемлекеттік еңбек инспекторы мүшелері - жұмыс бepyшi және қызметкерлердің өкілі.
2. Адам қайтыс болған топтық жазымдарды тергеп-тексеруді облыстын, республикалык маңызы бар каланын бас мемлекеттік енбек инспекторы баскаратын комиссия жургізеді;
3. Қayinтi өнеркәсіп объектілерінде болған жазымдар кезінде комиссия құрамына төтенше жағдайлардын алдын алу және оларды жою жоніндегі мемлекеттік инспектор кіреді.
4. Қайтыс болган адамдар саны үш адамнан бес адамга дейін болса. топтык жазымдарды тергеп-тексеруді енбек жоніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, ал бес және одан да көп адам кайтыс болганда - Қазақстан Республикасынын Укіметі курган комиссия жургізеді
5. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелерді шешу ушін арнайы тергеп-тексеру жөншдегі комиссиянын торагасы уйымдардын мамандары. галымдар және бакылау-кадагалау органдары катарынан сараптамалык Kішi комиссиялар құруға құқылы

Жазатайым оқиғалардың статистикасы және талдау
Н-1 нысанындағы актiмен ресiмделген әрбiр жазатайым оқиға жазатайым оқиғалар мен өндiрiстегi өзге де денсаулық жарақаттарын тiркеу журналына жазылады (6-қосымша) және өндiрiстегi уақытша еңбекке жарамсыздық пен жарақат алу туралы статистикалық есепке енгiзiледi, оған жұмыс берушi қолын қояды және белгiленген тәртiппен статистика органдарына ұсынады.
Жұмыс берушi Н-1 нысанындағы актiге сәйкес еңбек жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның аумақтық органына тиiстi мерзiм iшiнде ұйымда болған жазатайым оқиғалардың өсу қарқынының үдемелi қорытындысын белгiленген нысанға сәйкес мәлiметтер беруге мiндеттi.
Егер жазатайым оқиға салдарынан болған уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңiнде зардап шегушi қайтыс болса, жұмыс берушi ол туралы еңбек меминспекторына хабарлауға және тиiстi кезеңдегi статистикалық есепке қажеттi өзгерiстер енгiзуге мiндеттi.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz