Алгоритмдік тілдің және семантикасы
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
Жаратылыстану – математика факультеті
СӨЖ №4
Орындаған: Бекбосунова Мариям Т- 311
Тексерген: Рысжанова Айжан Сайлаухановна
Семей 2015 жыл
Жоспар:
1. Алгоритмдік тілдің алфавиті, синтаксисі
және семантикасы.
2. Тілдің синтаксисін синтаксистік диаграмма
және метатіл формуласы көмегімен сипаттау.
АЛГОРИТМДІК ТІЛДІҢ АЛФАВИТІ, СИНТАКСИСІ ЖӘНЕ
СЕМАНТИКАСЫ
Алгоритмдік тіл дегеніміз – алгоритмдерді біркелкі және дәл жазудың және оларды
орындаудың ережелері мен белгілер жүйесі. Алгоритмдік тілді анықтауда келесі ұғымдар
берілуі керек:
1) Тілде қолдануға болатын символдардың жиынтығын алфавит дейміз.
2) Программалау тілінің синтаксисі дегеніміз – алфавит символдарынан дұрыс программа
құру тәсілдерін анықтайтын ережелер жиыны. Тілдің синтаксисін біле отырып берілген
текст дұрыс программа немесе дұрыс емес екенін анықтайтын алгоритмді тұрғызуға
болады.
3) Программалау тілінің семантикасы – бұл ережелер жиыны, сол бойынша орындаушы
осы тілде программаны орындайды. Тілдің семантикасын пайдалана отырып енгізілген
мәліметтер бойынша программаның орындалу нәтижесін анықтауға болады.
Жоғары деңгейлі алгоритмдік тілдері көріктілігі мен алгоритмді жазу ықшамдылығы
математика тілдеріндегідей. Жоғары деңгейлі алгоритмдік тілдерінің командаларын
операторлар дейміз. Жоғары деңгейлі алгоритмдік тілінің күрделі операторларын
компьютер орындай алмайды. Жоғары деңгейде жазылған программаны орындаудың екі
тәсілі бар, олар: компилятор, интерпретатор.
Арнайы қызметші программа компилятор алдымен барлық операторларды машина тіліне
аударады, содан кейін алынған машиналық программа компьютермен орындалады.
Компилятор программаны бір бүтіндей машина тіліне аудара отырып, жеке операторларды
сонымен бірге олардың өзара келісімділіктерінің дұрыстығын тексереді. Екінші қызметші
программа интерпретатор операторларды бірінен соң бірін машина тіліне аударады және
бірден компьютер оларды орындайды.
Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әріпі мен
цифрлары қолданылады.
Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция
(амалдар) белгілері жатады.
Арифметикалық амал белгілері:
(+) – қосу; (-) –азайту;
(*) – көбейту; (/) – бөлу.
DIV – және (логикалық көбейту) операциясы;
MOD – қалдықты табу. Мысалы: 10 MOD 3 амалының нәтижесі 1;
Логикалық амал белгілері:
AND – және (логикалық көбейту) операциясы;
OR – немесе (логикалық қосу) операциясы;
NOT – емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;
XOR – арифметикалық немесе амалы;
SHL – биттер (1 мен 0-дер)тіркесін солға ығыстыру;
SHR – биттер (1 мен 0-дер)тіркесін оңға ығыстыру;
Айыру белгілеріне бос орын, барлық басқару символдары, тыныс
белгілері, ENTER (келесі жолға көшу) пернесін басу белгісі және
түсініктемелер жатады.
Сонымен айыру белгілері: ____ (бос орын); , (үтір); . (нүкте); : (қос
нүкте); ; (нүктелі үтір) ; ` (апостроф); (;); [;] ; {;}.
Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері: = (тең),
<>(тең емес), (үлкен), = (үлкен не тең).
Программалау тілдерінде «өрнек», «операторлар», «тіл
синтаксисі» мен «семантикасы» ұғымдары кең пайдаланады.
Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен
біріктірілген айнымалар атаулар, функциялар, жиымдар т.б.
мағынасы бар сөздер тізбегі - өрнек деп аталады.
Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын
тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлем – оператор деп
аталады.
Тілі объектілерін, яғни программадағы пайдаланылатын
мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын ала
анықтайтын сөйлемдер жиыны - программаның сипаттамасы
болып табылады.
Синтаксистік диаграммаларда екі геометриялық фигура
тіктөртбұрыш және (кейде дөңгелек) кең пайдаланады.
Тіктөртбұрыш ішінде тілдің анықталатын элементтер ал
элипс ішінде терминалдық символдар, яғни анықтауды қажет
етпейтін таңбала жазылады.
Тілдің қарапайым объектілеріне «сан», «идентификатор», «тұрақты»,
«айнымалы», «функция» және «өрнек» ұғымдары кіреді. Программадағы
негізгі амалдардың орындалуын керекті мәліметтердің сандық, логикалық
немесе символдық (литерлік) мәндері болады.
1. Сандар. Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты болып бөлінеді. Дербес
компьютерде бүтін сандар ағылшынша integer, нақты сандар real деп
жазылады.
Мысалы: Бүтін сандар: +4, -100, 15743,0 т.б. Нақты сандар: 2.65, 0.5, -0.856,
-6.0.
2. Атау – идентификатор (identification – объектің белгілі бір символдар тіркесін
сәйкестігін бекіту) программаны және прграммадағы тұрақтыларды, типтерді
айнымалаларды, функцияларды, файлдарды т.б. белгілеп жазу үшін қажет.
Идентификатор – міндетті түрде әріптен басталанатын сандар мен әріптердің
тізбегіне тұратын атау.Мысалы: Х, Х1, СҮММА, Р23РН6, МТ54АР т.б.
3. Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында бірден
сандық мен берсек де немесе оны программаның сипаттау бөлімінде
идентификатор түрінде белгілеп алып мән берсек те болады. Олар сандық,
символдық, логикалық және тіркстік (integer, real, boolean, cha string) мәндерді
қабылдай алады. Логикалық түрдегі тұрақтылар – true (ақиқат) немесе fallig
(жалған) мәндерінің біріне ие бола алады.
Мысалы: x = 25; y = -0.5; z = 4E15; g = 9.8; pi = 3.14 т.б.
4. Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді
қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар идентификаторлармен белгіленіп,
әр уақытта ір түрлі мәнге ие бола алады. Айнымалылар атауы сипаттау
бөлімнде var түйінді сөзінен кейін орналасады да, атауынан кейін қос нүкте
қойылып, айнымалының типі көрсетіледі.
ТІЛДІҢ СИНТАКСИСІН СИНТАКСИСТІК ДИАГРАММА
ЖӘНЕ МЕТАТІЛ ФОРМУЛАСЫ КӨМЕГІМЕН СИПАТТАУ
Синтаксистік анықтама формальды немесе формальды емес т əсілдермен беріледі.
Формальды тəсілдердің үш түрі бар:
- Бэкус-Наур формуласы делінетін металингвистикалы қ символика;
-синтаксистік Вирт диаграммалары;
-жақшалы конструкциялар.
Бэкус-Наур формуласы тілі математикалық формулаға ұқсас
ықшамды формула түріндегі формада ұсынылады. Тілді т үсіну үшін
жалғыз метаформула бар болады. Ол оң жəне сол б өліктен т ұрады. Сол
бөлігінде анықталынатын ұғымдар, оң бөлігінде осы ұғым ға
біріктірілетін тілдің қолданылатын конструкциялар жиыны беріледі.
Формуладағы анықталатын ұғымдарға бұрыштық жақша түріндегі
арнайы метасимволдар (сол бөлікте) қолданылады немесе алдын-ала
анықталған ұғым (оң бөлікте), ал сол жəне оң бөлікті ң бөлінуі,
мағынасы
"анықтама бойынша бар" сөзіне эквивалентті,
метасимволымен көрсетіледі.
Идентификаторды Вирт диаграммасы
арқылы сипаттау
Қорытынды
Алгоритмдік тіл осындай элементтерден тұрады: символдар, лексемалар,
өрнектер, операторлар. Лексемалар символдардан, өрнектер лексемалардан
және символдардан, ал операторлар символдардан, лексемалардан,
өрнектерден тұрады .Символдар- негізгі бөлінбейтін таңбалар; Лексема-
өзіндік мағынасы бар тіл бірлігі; Өрнек- қандай да бір м әнні ң есептелу
ережесі; Оператор- қандай да бір істің аяқталған сипаттамасы.
Алгоритмдік тіл құрамы: Тіл алфавиті: бас және кіші латын әріптері; 0-ден
9-ға дейінгі араб цифрлары; Арнайы белгілер: [] {} , . ( ) + - / * \ % ; : ? < >
= ! & # ^ “ ' бос орынды символдар: бос орын (пробел), табуляция символы,
жаңа жолға көшу символы Символдардан лексемалар құралады:
идентификаторлар; түйінді сөздер; операция таңбалары; тұрақтылар;
бөлгіштер (жақша, нүкте, үтір, бос орынды символдар).
Идентификаторлар– программалық объектінің аты. Әріп немесе сызық
таңбасы идентификатордың бірінші символы болуы мүмкін, біра қ цифр
бола алмайды. Түйінді сөздер – компилятор үшін арнайы мәні бар
резервтелген идентификаторлар. Операция таңбалары– операндтар ға қолда-
нылатын бір немесе бірнеше символдар. Тұра қтылар - өзгермейтін
шамалар. Комментарийлер – компилятор үшін маңызы жоқ программаны ң
бөлігі және программа мәтінін оқу ыңғайлы болуы үшін қолданылады. Ол
// символынан басталады.
Қолданылған ақпарат көздері:
1. О. Камардинов «Информатика», Алматы,2006
2. Каженова Ж.С. Программалау 1. Дәрістер жинағы
3. Камаддинов О. Есептеуіш техника және программалау. –
Алматы: РБК, 1992ж.
4. Қаленова Б.С. Практикалық информатика курсы / Оқу
құралы. - Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2003 ж.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz