Мектепке дейінгі білім берудегі педагогикалық технологиялардың схемалық сипаттамасы


Slide 1

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың технологиясына схемалық сипаттамасы

Орындаған: п-223 топ студенті

Әлімбаева Арай

Тексерген: Жакпарова Г. А.

Slide 2

Педагогикалық технология -педагогикалық іскерліктердің жетістігіне жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру. Сонымен педагогикалық процесс белгілі жүйе принциптерінде құрылатын болғандықтан, педагогикалық технология сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Осы принциптерді жалғастырмалы орындау олардың объективті қарым-қатынасында және педагогтің тұлғасын толық көрсететін жинағы ретінде қарастырылуы мүмкін.

Slide 3

Педагогикалық технологияның құрылымын Г. К. Селевко былай түсіндіреді:

Концептуалды негіз

Оқытудың мазмұндық бөлігі

Үдерістік бөлімі - технологиялық үдеріс

оқытудың жалпы және нақты мақсаттары

оқу материалының мазмұны

оқу үдерісін ұйымдастыру

оқушылардың оқу әрекетінің әдістері мен түрлері

оқу үдерісінің диагностикасы

оқытушының материалды меңгерту үдерісін басқару әрекеті

оқытушы жұмысының әдістері мен түрлері

Slide 4

Жаңа оқыту технологияларына тән басты екі түрлі ерекшелік бар:

жаңа педагогикалық технологиялар тіл үйренушінің тілдік тұлғасын дамытуды басты міндет етіп, олардың оқу уәждемесі мен құзыреттілік деңгейіне байланысты өз бетімен білім алуына интерактивті әдістер арқылы дағдыландырады

дәстүрлі сабақтардағыдай тіл үйренуші - білімді оқытушыдан қабылдаушы объект емес, өз бетімен білім ала алатын, өзін-өзі дамытуға мүмкіндігі бар субъект деп қарап, оқу үдерісін соған лайықтап ұйымдастыруға бет алады.

Slide 5

Жаңа педагогикалық технологияның дәстүрлі әдістемеден басты айырмашылығы

оның оқыту объектісін меңгертуде педагогикалық үдерістің тұтастығын көздеуі

Slide 6

Технологияларды педагогикалық тұрғыдан құрастырудың шарттары:

ақпараттың логикалық құрылымының оқу мазмұнына сай болуы

ақыл-ой және дене күшіне түсетін жүктеме мөлшерінің сәйкестілігі

таным үдерісінің жоғары өнімді деңгейде болуы

оқытушы - оқушы жұмысының синхрониясы

оқытудың жеделдете жүргізілуі

технологияның бейімділігі

дамытушылықтың тиімді жүзеге асуы

Slide 7

Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар:

Екіншісі - тəжірибемен жүзеге келуі

Біріншісі - теориялық негізде орындалуы

Slide 8

Жаңа педагогикалық технология мақсаты - оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп.

Ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.

Проблемалы оқыту технологиясы. Проблемалы оқыту - мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.

Slide 9

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске асады:

ассоциация

бірлестік қызмет

оқу үрдісінде қызығушылық артады

көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау. Бұл технология бойынша:

оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады

оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі

Slide 10

Деңгейлік саралау технологиясы. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;

Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.

Slide 11

Жекелеп оқыту технологиясы. Жекелеп оқыту - оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен үлгілерін қарастырады.

мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді

оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т. б) болады. Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.

Slide 12

Топтық технология. Бұл сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.

Өзіндік дамыту технологиясы (М. Монтессори) Мақсаттық бағыты:

жан-жақты дамыту

жекелікті тәрбиелеу

бала санасында ойлау қызметі мен пәндер түзгіштерін біріктіру

Басты мақсаты

оқыту дағдысы: қолдағы ұсақ моторлар, есті дамыту

Slide 13

Дамыта оқыту технологиялары


Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі білім берудегі оқыту технологиялары мен педагогикалық зерттеу әдістері
Мектепке дейінгі білім берудегі оқыту технологиялары мен инновациялық құралдар
Мектепке дейінгі білім берудегі сапа саясаты: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің зерттеу және пилоттық жобалары
Білім берудегі инновациялардың теориясы мен педагогикалық технологиялары
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы қазіргі педагогикалық технологиялар мен ұйымдастыру формалары
Білім берудегі педагогикалық менеджмент: негізгі элементтері мен мониторингі
Мектепке дейінгі білім беруге инновациялық технологияларды енгізу жүйесі
Мектепке дейінгі тәрбие мекемелеріндегі педагогикалық үдерісті ұйымдастыру және бақылау
Мектепке дейінгі жастағы балалардың темперамент ерекшеліктері және педагогикалық ұсынымдар
Кәсіптік білім берудегі педагогикалық менеджмент: принциптер, функциялар және әдістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz