Германия мемлекетіндегі былғары шикізатын өңдеу технологиясы



Германия мемлекетіндегі былғары шикізатын өңдеу технологиясы

Былғары өндірісі - бірінші кезекте Шығыста дамыған, сонымен қатар алғашқы уақытта ол замштық өндіріс түрінде болғанға ұқсайды. Былғарыдан жасалған ыдыстар мен киімдік бұйымдарды алғаш болып еврейлер мен египтіктер қолданған, және былғарыны өндіру солардан римдіктерге көшкен.
Теріні ыдырату үшін, әдетте жүнсіздендіру үшін римдіктер тұт ағашының жапырақтары, брионии(переступень) және зәрдің көмегіне жүгінген. Илеу материалдары ретінде терек, ольха ағаштарының тамыры, анар ағашы, қарақұмыр жаңғақтары, сумах, емен ағашының шырыны, египтіктерде бір акацияның бұтағы, сонымен қатар квасц пен ас тұзын пайдаланады. Орта ғасырларда қарақұмыр жаңғақтарымен илеу Шығыста етек жайған, ал емен ағашының тамырымен илеу Батысқа тән, квасцтармен илеу сарациндерге тән болатын.

Ұзақ жылдар бойы Шығыс былғары өндірісі бойынша Батысты озып келетін еді. Турция мен Морокконың сафьяндары барлығынан да танымал еді. Сафьянды өндіретін алғашқы европалық фабрика 1749 жылы Эльзада салынған, ал тек 1797 жылы сафьянды өндеу Францияда, кейіннен 1800 жылдары Германияда (Вютембергте) кең етек жайды. Англияда былғары кереметтілігі XVIII ғасырда танымалдылыққа ие болды, ал осы уақытта Германиядағы Мальмеди және Майнце былғары зауыттары атағы кеңінен тараған еді. Берлиндегі былғары өндірісі 1734 жылы Француз тасымалдаушыларының арқасында айтарлықтай дамып кең етек жайып келе жатты. Лакталған былғарыны пайдалану алғаш Францияда жетістікпен қолға алынды, кейін Германияға тарады, мұнда Француз қаласы Аннонэ мен оның аймақтарының арнайы ойлап тапқан дүниесі қозы мен қой былғарысын квасцтау Франциядан Германияға көшкен.

Қазіргі уақытта Германия алғашқысы Оффенбахта, кейін Мюнхен, Мейнц және Вормц қалаларында өндірілетін Лактанған былғары мен лайка өндірісінде бірінші орынды иемденеді. Германдық сұрыптағы лайкалар (Kidleder) Германияда жыл сайын 2, 25 млн данаға жуық өндірілетін, соның 2/3 бөлігі шет елге жіберілетін жаңа туылған бұзау терілерілерінен айтарлықтай ерекшеленеді. Жалпы жыл сайын 5, 5 млн -ға дейін бұзау терілері өңдеуден өтеді, Соның ішіндегі 2, 3 млн Вормста, 450 мың Майнцте, 600 мың Мюнженде, 800 мың Дрезденде өнделеді. Танымалдылығы жоғары, әсіресе жоғарғы сортты былғарыларымен Германия мемлекеті (Майнц, Франкфурт на Майне, Берлин, Гамбург, Мюльгаузен, Страсбург, Кельн және т. б. . ) барлық мәдениетті мемлекеттерді қамтамасыз етеді; жыл сайын 7 млн-нан артық қозы мен қой былғарысы өндіріледі, соның 900 мыңнан артығы Майнц қаласынан шығарылады.

Герамандық былғары өндірісінің негізгі мамандандырылуы жылқы терісін өңдеу болып табылады. Жоғары сапалы ауыр ұлтарақтық тауар Рейнде және Мозеледе, Ганноверде, Берлинде, Страсбургте, Нюрнбергте және Пассада, солтүстік Германияда тасымалданған терілерден, ал оңтүстікте жергілікті жануарлардың терілерінен әдетте бұрыны өңдеу әдістері бойынша өндіріледі. Германиядағы былғары өндірісінің дамуына өндірушілердің корпоративті жиыны қолдау көрсетеді. 1850 жылдары неміс былғары өндірушілерінің алғашқы достастығы құрылды, кейінірек жеке округтер (18-ге жуық) өндірушілерінің достастығы туындады, ал 1892 жылы Берлинде «Германдық былғары өндірісінің орталықтандырылған ұжымы» ұйымдастырылды, оған 10-ға жуық округтік ұжымдар бірікті.

Бұл ұжымдар мен жеке зауыттардың қажеттіліктеріне, саксондық билік өкілдерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін 1889 жылы Фрейбергте құнды түрде жабдықталған былғары ісінің мектебі (DeutscheGerberschule) ашылды, мұнда бір жылдық теориялық ( теориялық және тәжірибелік химия, былғары өндірісінде химияны пайдалану, физика, микроскопия, машиналар теориясы, сызу, бухгалтерия, сауда туралы ілім, есептік бөлім, неміс тілі және абайсызда болллған жағдайларда алғашқы көмек көрсету) және тәжірибелік курстарға 17 жастан асқан және тәжірибе жүзінде былғары зауытында жұмыс істеген адамдар қабылданады, 40 оқушылардың 1/3 шет елдіктер.

Германиядағы былғары өндірісі
Неміс былғары өндірісі үшін 2000 жыл жағымды жыл болды. Автокөлік орындықтарына арналған қаптауларға деген сұраныстың артуын және «мықты доллар» әрекет еткен былғары көлемінің жоғарылауын ескере отырып неміс былғары өндірісі өткен жылы өндірістігін 10 пайызға, яғни жуықтағанда 17 млн кв. м. беттік былғарыға кеңейтуге қабілетті болды.
Өндірілген былғарының жалпы санының 60 пайызы жиһаз және автокөліктер өндірісінде қаптама ретінде, 30 пайызы ұлтарақтық және аяқ-киім өндірісінде беттік былғары ретінде, ал қалған 10 пайызы былғары бұйымдары мен былғары киімдері өндірісінде қолданылады.
50-ге жуық ірі компаниялардан құралған сектордың жалпы тауарайналымы өткен жылы 3. 500 жұмысшылардан 9 пайызға ұлғайды, яғни бұл - 546 млн. Евро.

Шет елдерден алынған тауарайналымы 33 пайызға 262 млн евроға дейін жоғарылаған уақытта Германиядағы тауар айналымы 284 млн евро шегінде тоқтап қалды. Ең маңызды экспортты нарықты өзге елдер иемденді: ЕС мүшелері, Польша, Венгрия, АҚШ, Чехия, Хорватия, Словакия және Шығыс Азия. Өткен жылы реэкспортты ескергендегі жалпы экспорт 706 млн евроны құрады. Көршілес Шығыс Еуропа елдеріне экспорт айтарлықтай мөлшерде немістің аяқ-киім өндірісі мен жұмсақ жиһаз өндірісі өнімдеріне келіп түсті.
Немістің былғары импорты (590 млн евро) айтарлықтай мөлшерде (68%) ЕС-тің өзге елдерінен (соның ішінде Италиядан 70%), сонымен қатар Польшадан, Үндістаннан, Пәкістаннан, Венгриядан, Мексикадан және Бразилиядан келіп түсетін. Оңтүстік-Шығыс Азияның импорты соңғы жылдары кеміді, себебі бұл елдер қазіргі уақытта өсімді жиілікпен жартылайфабрикаттарды, сонымен қатар дайын өнім - аяқ-киім мен былғары бұйымдарын экспорттайды.

Германиядағы былғары шикізатының нарығы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz