Модельдеу модель турлері
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
ИНЖЕНЕРЛІК - ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ
СӨЖ
Тақырыбы:Модельдеу модель турлері
Орындаған: Жанат.А
Оқытушы:Рысжанова.А.С
2015
. Модель
Модель дегеніміз - нақты объектіні, процессті немесе құбылысты ы қшам
әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
Модельдеу – объектілерді, процесстерді немесе құбылыстарды зерттеу
мақсатында олардың моделін (макетін) құру.
Біздің өміріміздегі модельдер:
Модель – көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы м үмкін.
Мұндай модель барлық уақытта біздің ойымызда бейнеленетін прототип
пайда болғанға дейін жасалады. Бір объект үшін әр түрлі модель жасалуы
мүмкін. Модельдің жасалуы зерттеу мақсатына және прототип жөнінде
жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді болады.
Модельдерді қасиеттеріне қарай мынадай топтарға жіктейді:
1. Қолдану аймағы.
2. Модельде уақыт факторын ескеру.
3. Білім саласына қарай топтау.
4. Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау .
Қолдану аймағына қарай модель не үшін және қандай мақсатқа
қолданылады деген сұраққа жауап беру мақсатында оқу, тәжірибелік,
ғылыми - техникалық, ойын, имитациялық тәрізді топтарға жіктеледі.
Оқу моделі – көрнекі оқу құралдары, әр түрлі машықтандырушы, үйретуші
программалар түрінде болуы мүмкін.
Тәжірибелік модель – жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда
объектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады.
Ғылыми - техникалық модельдер – процесстер мен құбылыстарды зерттеу
мақсатында құрылады. Оған мысал ретінде электрондардың жылдамдығын
үдеткіш – синхротрон, найзағайдың разрядын бақылаушы құрал және
теледидар тексеруге арналған стендтерді айтуға болады.
Ойын модельдеріне - әскери, экономикалық, спорттық ойындар жатады. Б ұл
модельдер әр түрлі жағдайда объектіні бақылауға жаттықтырады. Ойын
модельдері адамдарға әр түрлі жағдайда психологиялық көмек көрсетеді.
Имитациялық модель – шын мәніндегі нақты объектіні өте жоғары
дәлдікпен бейнелей алады. Тәжірибе нақты объектіні зерттеу, бағалау
мақсатында бірнеше рет қайталанады немесе бір мезгілде әр т үрлі жа ғдайда
бірнеше ұқсас объектілермен қатар жүргізіледі. Дұрыс шешім таңдауды ң
мұндай тәсілі байқау және қатенің әдісі деп аталады.
Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және
статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады.
Статистикалық модель деп объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір
уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады.
Динамикалық модель – уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің
өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді.
Модельдерді көрсетілу әдісіне қарай материалдық және ақпараттық болып
екі топқа жіктеледі.
Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға
болады. Олар түпнұсқаның геометриялық және физикалық қасиеттерін
көрсетеді. Материалдық модельдердің қарапайым мысалдарына балалар
ойыншықтарын алуға болады.
Ақпараттық модельді қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі, олар тек
ақпараттарға ғана құрылады. Мұндай модельдер қоршаған ортаны
ақпараттық жағынан зерттеуге мүмкіндік береді. Ақпараттық модель
дегеніміз – объектінің, процесстің, құбылыстың қасиеттері мен күйін
сипаттайтын ақпарат жиынтығын және сыртқы әлеммен өзара байланыс
болып табылады.
Модельдерді көрсетілу әдісіне қарай топтау:
Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға да
болады. Олар түпнұсқаның геометриялық және физикалық қасиеттерін
көрсетеді. Материалдық модельдердің қарапайым мысалдарына балалар
ойыншықтарын алуға болады.
Ақпараттық модельді қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі, олар тек
ақпараттарға ғана құрылады. Мұндай модельдер қоршаған ортаны ақпаратты қ
жағынан зерттеуге мүмеіндік береді.
Ақпараттық модель дегеніміз – объектіні, процестің, құбылыстың қасиеттері
мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы әлеммен өзара
байланыс болып табылады.
Таңбалық және вербальдық ақпараттық модельдер
Вербальдық модель дегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған
ақпараттық модель.
Таңбалық модель деп арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл
құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады.
Көрсету түріне қарай ақпараттық моделді мынадай топтарға жіктеуге
болады:
Геометриялық модель – графикалық пішіндер мен көлемді
конструкциялар.
Ауызша модель – иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша
сипаттаулар.
Математикалық модель–объект немесе процестің әр түрлі
параметрлерінің байланысын көрсететін математикалық формулалар.
Құрылымдық модельдер – схема, графиктер мен кестелер т.б.
Логикалық модель – ой қорытындысы мен шарттарды талдау негізге
алынған іс – әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген
модельдер.
Арнайы модельдер – ноталар, химиялық формулалар.
Компьютерлік және компьютерлік емес модельдер
Тарату тәсіліне қарай модельдер компьютерлік және компьютерлік
емес болып бөлінеді.
Компьютерлік модель деп программалық орта іске асатын модельдерді айтады.
Кез келген жұмысты қолға алмас бұрын, берілгені мен соңғы нәтиже және
орындалатын іс – әрекет кезеңдерін айқындап алу қажет. Модельдеу кезінде
бастапқы зерттелетін объект – прототип болады. Ол шын мәнінде бар немесе
жобаланатынын объект(процесс) болуы мүмкін.
Модельдеудің соңғы кезеңі шешім қабылдау болып табылады. Күнделікті
тұрмыста адам әр түрлі шешім қабылдайды. Демек, модельдеу ар қылы
зерттелген модельдің жаңа объектісін құруға, бар объектіні жақсартуға немесе
қосымша ақпарат алуға болады.
Модельдеудің енгізгі кезеңдері есептің қойылу шарты мен мақсатына қарай
анықталады. Модельдеудің жалпы кезеңдерін келесі төменнен көруге болады.
Бірақ, модельдеу шығармашылық процесс болғандықтан, бұл кезеңдердің
кейбір блоктары болмауы немесе жақсартылуы, ал бірқатары толы қтырылуы
мүмкін.
Назарларыңзға рахмет
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz