Адам ісәрекетінің литосфераға әсері. Минералды шикізат ресурстарының ұтымды пайдаланудың міндеттері. Биосфераның Жер геосфераларының бірі ретіндегі негізгі ерекшеліктері
Презентация қосу
АДАМ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ЛИТОСФЕРАҒА ӘСЕРІ.
МИНЕРАЛДЫ ШИКІЗАТ РЕСУРСТАРЫНЫҢ
ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ.
БИОСФЕРАНЫҢ ЖЕР ГЕОСФЕРАЛАРЫНЫҢ БІРІ
РЕТІНДЕГІ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Орындаған:Кусайнова Б.
Тобы: БЖ315
Тексерген:Кабышева Ж.К
АДАМ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ
ЛИТОСФЕРАҒА ӘСЕРІ.
Биоценоз деп – тірі организмдердің жануарлардың,
өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, микроорганизмдердің,
бір жерде бір-бірімен өзара байланыста тіршілік ету
жағдайын айтамыз. Оларды кейде экологиялық топтар деп те
атайды. Олардаң мекен ететін жерлері: Теңіз, көл, тау, дала,
шөл, орман т.б. болуы мүмкін. Биоценоз деген атауды
немістің ғалымы Карл Мебиус 1877 жылы Солтүстік теңіз
устрицаларын зерттегенде ең бірінші болып ғылымға енгізген
еді.Осы атауды тек тірі организмдердің топталып тіршілік
ететін түрлеріне,белгілі бір ортаға бейімделуіне,осы ортада
көптеген жылдар бойы өмір сүретін осы ортаның
абиотикалық факторларына бейімделген түрлердің топтарына
қолдануды ұсынған болатын “Биоценоз” деген терминді
экологиялық әдебиеттерде бір территорияның бөлігіндегі
мекендейтін организмді айтқанда жиі қолданылып отырады.
Мысалы: Шырша биоценозы,шөлді жердегі шөптесін
биоценозы, бетегелі дала биоценозы деп құрлықта бірыңғай
орналасқан өсімдіктердің атауына да қолдануға
болады.Сонымен бірге біз тек,өскен өсімдіктерді ған атап
отырғанымыз жоқ, соған қоса осы мекенді тіршілік ететін
басқа да тірі организмдерді айтамыз. Осындай атау
АДАМ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ
ЛИТОСФЕРАҒА ӘСЕРІ.
Биоценоз жағдайында барлық организмдер жинақталып, сол
аймақтың биотасынқалыптастырады. Биотоп – табиғат кеңістігінің бір бөлігі.
Биота – автотрофты және гетеретрофты организмдерден құралған.
Биоценоз құрылысының тағы бір қасиеті олардағы түрлердің санын бөліп қана
қоймай,әр түрлердің, жеке түрлердің арасындағы қатынастарды да білген пайдалы.
1-сурет Табиғи биоценоздар
2-сурет теңіз түбіндегі биоценоз
Биоценоз жағдайында барлық организмдер жинақталып, сол
аймақтың биотасынқалыптастырады. Биотоп – табиғат кеңістігінің бір бөлігі.
Биота – автотрофты және гетеретрофты организмдерден құралған. Биоценоз
құрылысының тағы бір қасиеті олардағы түрлердің санын бөліп қана қоймай,әр
түрлердің, жеке түрлердің арасындағы қатынастарды да білген пайдалы.
Агроценоз – табиғи биоценоздың орнын мәдени өсімдіктерді өсіру мақсатымен
құрылған биоценоз. Бұл биоценозды қалыптастыру барысында адам баласы
агротехникаларды пайдаланып, оның табиғи құрауыштарын, фаунасы мен флорасын
түбегейлі өзгертіп жіберді.Оның үстіне мол өнім алу үшін бұл алқаптарды қосымша
суарып, тыңайтқыштар беріп, ауылшаруашылығы зиянкестерімен, арам шөптермен
күресу үшін химиялық улы заттарды пайдаланды.
АДАМ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ
ЛИТОСФЕРАҒА ӘСЕРІ.
1954 жылы басталған тың және тыңайған жерлерді игеру деген жа ңса қ ұранмен миллионда ған гектар
жайылымдар босқа жыртылды. Ондай жерлерде алдын ала ғылыми зерттеулер ж үргізілмеді ж әне әрбір
аймақтың жергілікті табиғи жағдайлары ескерілмеді.
Ғалымдардың деректері бойынша Қазақстанда 180 млн га мал жайылымыны ң 30 млн га ал қабы мал
тұяғынан тозаңы шықты, 50 млн га жер су тапшылы ғынан жарамсыз к үйге ұшырады. Бірнеше жылды ң
ішінде еліміздің солтүстік аймақтарындағы шұрайлы жерлер эрозия ға (желді ң әсерінен) ұшырап, не егін
егуге, не мал жайылымына жарамай қалды. М ұндай мысалдарды Жер шарыны ң бас қа айма қтарынан да
келтіруге болады. БҰҰ сарапшыларыны ң мәліметі бойынша, Жер шарында ғы құрлы қты ң 30% ал қабы
қазіргі кезде техногендік әсерден шөлді айма ққа айнал ған. Б ұл к өрсеткіш жыл сайын 6 млн г- ға өсіп
отырғаны да белгілі.
Соңғы кезде ауаның радиоактивті заттармен к өптеп ластануы адамзатты к өбірек тол ғандырып отыр. 1986
жылы сәуір айында болған Чернобыль экологиялық апатынан табиғатқа орны толмас орасан зор н ұқсан
келді.
Адамның ойланбай жасалған іс- әрекеттерінің әсерінен жануарларды ң к өптеген т үрі жойыл ған. 1600
жылдан бастап қазіргі кезге дейін құстарды ң 162, с үт қоректілерді ң 100-ге жуы қ т үрі біржола жойылып
кеткен. Олардың көпшілігінің жойылуына тікелей адамдарды ң шектен тыс аулауы әсер еткен. Кейде
өсімдіктер мен жануарларды бір жерден екінші жерге алдын ала ойланбай жерсіндіру де пайдалы бола
бермейді. Мысалы, Австралия жерінде жабайы қояндарды ң к өбейіп кетуі, кактусты ң қаптап өсуі ауыл
шаруашылығына орасан зор зиян келтіруде.
Арал теңізінің көлемі соңғы 40 жыл ішінде 60%- ға азайды. Бал қаш к өліні ң к өлеміні ң кемуі де жылдан-
жылға айқын байқалуда.
АДАМ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ
ЛИТОСФЕРАҒА ӘСЕРІ.
Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген өңірі экологиялық апатты аймақ деп аталады. Соның мысалына
Семей полигонын атауға болады. Оның аумағы шамамен 18 мың км2 алқапты қамтиды. Семей
полигонында 1949-1989 жыл аралығында 500-ге жуық жарылыс болып, сынақтар өткізілген. Осындай
жойқын жарылыстардан Семей өңірінің табиғаты да, халқы да өте ауыр зардап шегуде. Мұндай әр
түрлі деңгейде жүргізілген сынақтар мен арнайы жарылыстар Қазақстанның 34 жерінде жүргізілгені
белгілі болып отыр.
Қазақстанда атом энергиясын халық игілігі үшін пайдалану мақсатында 1963 жылдан бастап Ақтау
қаласында Каспий теңізінің суын тұщыландыру қондырғысы жұмыс істейді. Ол қондырғы "БН-350"
деп аталады. Онда тәулігіне 120-150 мың м3 теңіз суы тұщыландырылады.
Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен
ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді де. Сондықтан табиғатты
өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері
әсер ететін озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес,
техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын
мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды тыңайтқыштар енгізу, ол
заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен
шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Ірі бөгендер салуда
аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырақ, өсімдік жамылғысы
мен сол жердің микроклиматының өзгеруіне әкеп соғады. Қазіргі кезде антропогендік ландшафтар
басым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бірі –
мелиорация. Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін арттыруға
бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және
қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет. Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларын есепке
ала отырып Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі проблемалары және қоршаған ортасының
жағдайына ғаламдық, ұлттық және жергілікті деңгейде қаралуын қарастырады.
АДАМ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ
ЛИТОСФЕРАҒА ӘСЕРІ.
Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың
өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің
азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы
(деградация) жатады. Ұлттық экологиялық
проблемаларға экологиялық апатты аймақтар;
Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді
игерумен байланысты проблемалар; тарихи
ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери
ғарыштық және тәжірибелік кешендер
полигондарының әсерін жатқызуға болады.
Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа
бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық
және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және
техногендік төтенше жағдайларды жатқызуға
болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез
шешуді қажет ететін проблемалар бар.
МИНЕРАЛДЫ ШИКІЗАТ РЕСУРСТАРЫНЫҢ
ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ.
Адамзат қоғамының минералды – шикізат ресурстарын
пайдаланбай өмір сүруі мүмкін емес. Пайдалы қазбалар
қалпына келтірілмейтін ресурстарға жатады. Ал бұл олардың
көпшілігінің қорларының уақыт өте келе толығымен
таусылуы мүмкін екендігін көрсетеді.
Қазақстан – жердегі минералды – шикізат базасына бай
аздапған елдердің бірі. Әлемдегі алынатын 55 түрлі пайдалы
қазбалардың ( олардың 29 –ы металдар) Қазақстанда 39 –ы
алынады. Салыстырмалы түрде алсақ жоғар көрсеткіштер
тек Ресейде – 49, Қытайда – 45, Австралия және АҚШ – 42,
Бразилия – 41 түрлі пайдалы қазбалар өндіріледі.
Мұнай мен табиғи газ қорлар бойынша республика әлемі
елдерінің бірінші ондығына кіреді, мұнда тас және қоңыр
көмір, темір, хормит, қорғасын, мырыш, мыс, уран және сирек
кездесетін металдар т.б. табылған.
Аталған пайдалы қазбалардың түрлерін өндіру, қайта өңдеу
және байыту процесінде литосфера мен тұтас қоршаған
орта жағдайына неғұрлым мұнай, табиғи газ
концентраттарын өндіру ықпал етеді.
МИНЕРАЛДЫ ШИКІЗАТ РЕСУРСТАРЫНЫҢ
ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында кен-
металлургия кешені Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық
жағынан жоғары дамыған елдердің қатарына қосылуын қам
тамасыз етуге жәрдемдесетін басым салалардың бірі ретінде
белгіленген. Республика кен-металлургия кешенінің басты міндеті
ішкі және сыртқы рыноктардың қажеттерін қанағаттандыратын
бәсекеге қабілетті өнімдер шығару болып табылады.
Қазақстанның минералдық-шикізаттық кешені әлемдік минералды
шикізат балансында айтарлықтай күшті позицияға ие, әлемдік
минералды шикізат рыногының дамуы мен ұлғаюына үлкен ықпал
ете алады. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
геология және жер қойнауын игеру комитетінің ақпараттық-
талдау орталығының мәліметтері (2003 ж.) бойынша әлемдік
зерттелген қор жөнінен Қазақстанның алар үлесі мынадай:
алтын – 2,7% (әлемде 8-орында), күміс – 16%, мыс 7,1%, марганец
– 30% (2-орын), қорғасын – 22%, мырыш – 15,2%, барит – 47,2% (1-
орын), темір – 6%, кобальт – 3,9% (5-орын), хром – 37,6% (8-орын),
боксит – 1,4% (10-орын), никель – 1,4% (12-орын).
МИНЕРАЛДЫ ШИКІЗАТ РЕСУРСТАРЫНЫҢ
ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ.
Минералды шикізат өнімдерін өндіру және алу жөнінен республика
хром бойынша екінші орында, титан бойынша – екінші-үшінші,
мырыш және қорғасын бойынша – алтыншы, марганец бойынша –
сегізінші, күміс бойынша тоғызыншы орында.
Әлемдік мыс, титан, ферроқорытпа және болат рыноктарында
Қазақстанның атқаратын рөлі аз емес, ал Еуразиялық субконтинентте
хром бойынша монополист, темір, марганец, алюминий жөнінен
өңірлік рынокта (ТМД елдері, бірінші кезекте Ресей) айтарлықтай
ықпалы бар.
Бұл жетістіктер өздігінен келген жоқ, ол ғалымдар мен инженерлік-
техникалық қызметкерлердің ерен еңбегінің жемісі болды. Кезінде
осы сала Қазақстан ғылымының қарыштап дамуына зор әсер етті.
Отандық геология, кен ісі, металлургия салалары әлемдік
жетістіктерге қомақты үлес қосты.
Соңғы 15 жылда Қазақстан ғылымының алдында қосымша міндеттер
пайда болды. Яғни, отандық ғылымның жауапкершілігі артты. Кеңес
өкіметі кезінде осы саладағы қазақстандық ғалымдар тек ғылыми
ізденістермен – жаңа технология жасау, оларды сынақтан өткізу,
өндіріске енгізу сияқты мәселелермен айналысатын, ал өндірістің
даму стратегиясын жасауды үкімет ол кезде тек мәскеулік
ғалымдарға тапсыратын.
МИНЕРАЛДЫ ШИКІЗАТ РЕСУРСТАРЫНЫҢ
ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ.
Бүгінгі Қазақстандағы кен-металлургия жүйесіне келсек, ол екі ірі саладан
тұрады – қара металлургия және түсті металлургия:
– қара металлургия темір, марганец, хром кенін, болат, шойын, прокат,
ферроқұймасы, отқа төзімді өнімдер, металл сынықтарын қайта өңдеу
өндірістері сияқты 12 саладан тұрады;
– түсті металлургия 26 өнеркәсіп кіретін қорғасын, мырыш, мыс, титан,
бағалы және сирек металдар, глинозем, молибден концентратын, уран
шикізатын өңдеу сияқты 8 саладан тұрады.
1996-2005-жылдар аралығында Қазақстанның минералды-шикізат кешеніне
55 млрд. доллардан астам, соның ішінде жер қойнауын игеруге 40 млрд.
доллардан астам инвестиция салынды. Бұл туралы еліміздің энергетика
және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов бүгін
Алматыда ІІІ инвестициялық саммит барысында мәлімдеді, деп хабарлайды
Kazakhstan Today тілшісі.
Б.Ізмұхамбетовтың айтуынша, көмірсутегі шикізатына бағытталған
инвестициялардың орта есеппен 79 проценті өнім өндіруге, 21 проценті
геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге жұмсалды.
Министрдің айтуынша, қазіргі жағдаймен Қазақстан көмірсутегі
шикізатының қорына қарай әлемдегі алдыңғы ондыққа кіреді. Ал табиғи
газдың барланған қоры бойынша еліміз дүниежүзінде 15-ші орында.
Расталған және алып пайдалануға болатын мұнай қоры 35 млрд. баррельді,
газ қоры 3 трлн текше метр
МИНЕРАЛДЫ ШИКІЗАТ РЕСУРСТАРЫНЫҢ
ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ.
Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде 120-ға жуық құрылым
анықталған. Олардың арасында көмірсутегі шикізатының үлкен қоры
болуы әбден мүмкін. Мамандардың болжамы бойынша, Каспий
теңізінің қазақстандық бөлігінің көмірсутегі ресурстары 12-17
миллиард тонна болады.
Солтүстік Каспий жобасының аясындағы алғашқы барлау бұрғылау
жұмыстарының алғашқы нәтижелері – Каспийдің қазақстандық
бөлігінің болашағы зор деген қорытынды жасатып отыр.
Республикамызда 197 мұнай және газ кен орындары, олардың
ішінде 102 мұнай, 29 газ конденсаты, 30 мұнай –газ конденсаты, 6
мұнай –газ, 11 газ конденсаты және 12 газ кен орындары
ашылған. Мұнайдың ашылған кен қорлары 3млрд. тоннасы, ал
газдың анықталған қорлары 3 трлн. текше метрді құрайды. Негізгі
мұнай мен газды өндіру Батыс Қазақстанда жүзеге асырылады.
Онда мұнайдың 90,4% және газ конденсатының 100% өндіріледі.
Бұл регион Қазақстан территориясындағы неғұрлым ластанған
және экологиялық жағдайы нашар аудандар қатарына жатады.
Тау – кен өндіру өнеркәсәбәнің мұнай өндірі саласы жеке
тұрғыдыан алғанда да басымдық маңызға ие ( 2030 жылға қарай
мұнай өндіруді жылына қарай 150 млн.т – ға дейін жеткізу
болжамын есепке алғанда).
МИНЕРАЛДЫ ШИКІЗАТ РЕСУРСТАРЫНЫҢ
ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ.
Тас көмір мен қоңыр көмір өндірудің де экологиялық салдары бар.қоршаған
ортаның эколргиялық жағдайына негативті әсер ететін отын ресурстарының
басқа түрлерінің ішінен уран рудаларының ірі кен орындарын атап өтейік.
Сондай ақ темір, марганец, хром, қорғасын, мырыш, мыс рудаларын алтын,
фосфориттер, құрылыс тастары,
мен минералды шикізат ресурстарының басқа да түрлерін өңдеумен және қа
йта өңдеумен байланысты көптеген рудниктер және карьерлер
табиғи ортаға жағымсыз әсер
етеді.Осылардың барлығы қоса алғанда ландшафтар табиғатының литогенді
ортасын қорғау жөнінде тиімді шараларды қолдануды талап етеді.
Жер қойнауларын қорғау мәселесі литосфера қабаттарынан
минералды шикізатты рудалы және рудалы емес пайдалы қазбалар
түрінде неғұрлым толығымен айырып алуды қамтамасыз ететін
шаралардың жиынтығын қамтиды. Жер қойнауларын қорғау жөніндегі
шаралар кешені сондай – ақ рельеф формасының сақталуын,
геодинамикалық процестердің көрініс табуда жоюын қамтиды.
Осыған байланысты пайдалы қазбалардың кен орындарын кешенді
түрде өңдеу , минералды шикізатты өндіру , өңдеу , және тасымалдау
кезінде шығынды жан–жақты жоюға ұмтылу жер қойнауын
эксплатациялаудың басты қағидасы болуға тиіс.Бұл шығындар неғұрлым
аз болған сайын, соғұрлым көп пайдалы қазбалар болашақ ұрпақтың
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жер қойнауында қала
береді .
МИНЕРАЛДЫ ШИКІЗАТ РЕСУРСТАРЫНЫҢ
ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ.
Тау–кен өндіру өнеркәсібі қоршаған ортаға жан–жақты әсерін
тигізеді .бұл рельефтің өзгеріске ұшырауынан , карьерлердің ,
жарлардың , террикондардың пайда болуынан және тау
жыныстарының құлауынани көрінеді.Пайдалы қазбаларды өндіру
топырақ , атмосфера , су бөгендері мен жерасты суларының сулық
режимінің жағдаййына әсер етеді.Мұның үстіне өсімдіктер мен
жануарлар тіршілігінің мән жайлы түбірімен өзгереді.Пайдалы
қазбалардың кен орындарынөңдеу тікелей ландшафтардың
геохмиялық жағдайына , техногендік аномалиялардың пайда
болуына әсерін тигізеді.
Өндіру және қайта өңдеу процесінде пайдалы қазбаларды шала
алу минералдарды–шикізат ресурстарын эксплутациялаудағы
басты кемшілік болып табылады.Технологиялық дамымаудың
нәтижесінде түсті металлургияда өндірілген рудаларды байыту
кезінде алынған шикізаттың 10-20% ғана пайдаланылатыны ал80-
90% лақтырылатынымәлім болды.
Бұл қалдықтар химиялық реагенттер сіңген тау жыныстарының
ұсақталған түрін білдіреді.Концентраттарды балқыту процесінде
материалдың пайызына жуығы шлаққа айналады.
МИНЕРАЛДЫ ШИКІЗАТ РЕСУРСТАРЫНЫҢ
ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ.
Байыту фабрикаларында өңдеу процесінде минералды шикізат көп
жұмсалады.Руданың гегізгі компоненттерін айыру кезінде қосалқы лақтырылып
тасталады да , су мен жел эрозиясы нәтижесінде жойылып кетеді.Қосалқы
пайдалы компоненттердің жалпы құны көбінесе негізгі түрдің құнынан жоғарғы
болатынын ұмытпауымыз тиіс. Өндірістік қалдықтарды қайтадан эксплутациялау
үлкен экологиялық және басқа да қиыншылықтармен жалғасады және барлық
уақытта мүмкін бола бермейді.Нәтижесінде қалпына келтірілмейтін табиғи
ресурстар үлкен шығынға ұшырайды.
Қалдықсыз кен қалдығы аз өндірісті жасау жер қойнауының байлықтарын
неғұрлым толық пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етеді.
Жер қойнауы ресурстарын рационалды пайдалану және қорғау негізінде келесі
басымдықтар жатқызылуы тиіс:
– пайдалы қазбалар өндіру технологиясын жетілдіру;
– бос, өңделген жынысты пайдалану арқылы кен орындарын кешенді түрде
өңдеу;
– пайдалы қазбалар кен орындарын үнемдеп пайдалану олардың іске
жарау мерзімін ұзартуға ұмтылу;
– қажетті жағдайларда сирек кездесетін минералды шикізаттардың орнына
басқа нәрсе қолдану;
– тау –кен орындары игерілген жерлерді кеңінен рекультивациялаужәне т.б.
Жер қойнауын пайдалану мен қорғау тәртібі мен мән жайларын реттейтін және
олардың рациональды , кешенді пайдаланылуына және экологиялық зардаптың
алдын алуға бағытталған құқықтық нормалар бар.Табиғатты қорғау аясындағы
тау –кен игеру қызметі Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
Қ Р заңымен реттеледі.
БИОСФЕРАНЫҢ ЖЕР ГЕОСФЕРАЛАРЫНЫҢ БІРІ
РЕТІНДЕГІ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Ғылыми-техниканың ғарыштап дамуы табиғатты тиімді пайдалану ісін
ұйымдастыруда адамзаттың алдына бірқатар жаңа міндеттер қойып, табиғатты
қорғаудық көптеген мәселелерін шиеленістіріп жіберді. Ғылыми-техникалық
дамудың барысында негізгі бағыттық әрқайсысы оларды шешудің өзіне ғана тән
жолдарын іздестіруді талап ететін табиғатты қорғаудың өзіндік мәселелерін алға
тартып отыр. Табиғат ресурстарын пайдалану көлемінің артуы, тұрған ортаның
өндіріс және тұтыну қалдықтарымен ластануынын, өсуі, адамзаттың энергиямен
қарулануының артуы жаңа заттар жасап өндірістің жаңа салаларының пайда
болуы, ауыл шаруашылығын интенсивтендіру, халқы көп ірі қалалардың көбеюі
негізгі шешімін тезірек табатын мәселелердің қатарына жатады.
Соңғы ондаған жылдар ішінде табиғат ресурстарын пайдаланудың артуына
байланысты адамзаттың табиғатқа тигізетін әсері өте күшейді. Адамзат өндірістік
қызмет процесіне барған сайын табиғатты елеулі өзгерістерге ұшыратушы,
табиғаттағы геологиялық жүйенін зат алмасуының тепе-теңдік құрылымын
бұзушы қуатты фактор ретінде көрінеді.
Ғылыми-техникалық революция экологиялық ортаның ластануына қарсы күрестің
міндеттерін қиындатып жіберді. Ластану дегеніміз ауаның, жер мен судың біз
қаламайтын қолайсыз өзгерістерге ұшырауы, ол қазір немесе болашақта
өсімдіктердің, жануарлардың, адамның өміріне, өнеркәсіп пен ауыл
шаруашылығындағы өндіріс процестеріне, табиғат ресурстарының жай-күйіне
қолайсыз ықпалын тигізуі мүмкін.
Өзінің тегі мен қасиеттеріне қарай барша антропогендік ластағыштар сан түрлі
болып келеді. Өнеркәсіп қалдықтары соның ішіндегі анағұрлым кең тарағандары.
Табиғи ресурстарды пайдалану көлемінің үнемі артуы табиғи ортаның өндіріс
қалдықтарымен ластану проблемасын шиеленістіре түседі. Мысалы, өнеркәсіптік-
тұрмыстық ағындар арқылы ластанған судын, көлемі, қазірдің өзінде өзен суының
16%.
БИОСФЕРАНЫҢ ЖЕР ГЕОСФЕРАЛАРЫНЫҢ БІРІ
РЕТІНДЕГІ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Қең көлемдегі суармалы егіншілікті, су қоймаларын жасау, ылғалы мол аудандардан кұрғақшылық аудандарға су
жеткізу — осылардың барлығы да региондық, сондай-ақ орасан зор көлемде табиғи процестердің барысында
елеулі өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, үнемі жылы климат жағдайларында жер суару адам
мен малдың бірқатар ауруларға шалдығуына қолайлы жағдай туғызады. Су қоймаларының каналдар мен
арықтардың жылып кеткен, баяу ағатын суларына безгек таратқыш сансыз маса қоныстанады.
Ерте кезде безгек ауруы суармалы егіншіліктің тұрақты жол серігі болып келді. Археологтар мен тарихшылар
Жетісу мен Оңтүстік Шығыс Азияда (цивилизацияның) өркендеп дамудың әлденеше рет жойылып кетуі елеулі
дәрежеде безгек эпидемиясына байланысты болды деп есептейді.
Үй малдарының эктопаразиті — масалардың көбеюі де ылғалы мол су қоймаларына байланысты.
Су арқылы улы химикаттар аса үлкен аймақтарға тарайды. Егінді, әсіресе күріш пен мақтаны суарған су өзенді
ластап қана қоймайды, сонымен бірге көлдерді де былғайды. Судың улы химикаттармен ластануының бірнеше
жолдары бар. Олар қар және жаңбыр суымен де ластанады. Судағы пестицидтер балықтарға үлкен зиян келтіреді.
Жыл сайын өзендерге уланған су қосылып отырады. Олардың ішінде жанармай қалдықтары, улы қосылыс —
фенолдар, тұздар, қышқылдар бар. Мысалы, АҚШ-тың оңтүстігінде 1950 жылдары химиялық улы препараттарды
жиі пайдаланған. Мақташылар қоңызбен күресу үшін ең күшті улы препараттарды колданған. Мақтаға шашылған
у суарылған сумен қосылып кішкене бұлақтарға құйылған, олар жинала-жинала өзен сияқты ағып көлдерге,
теңіздерге кұйылған. Нәтижесінде өзен-көлдердің балықтарына зиянын тигізген.
Ауасы мен суының ластануы жағынан Алматы облысы да қолайсыз экологиялық жағдайға душар болған
аймақтардың бірі. Ластау көздері негізінен тұрмыстық және өндіріс қалдықтары, су көздеріне жақын орналасқан
мал шаруашылығы кешендері мен улы химикат-тыңайтқыштарды сақтайтын қоймалардың сыйымдылығы жылына
30 мың тонна ғана, ал облыстық «Сельхозхимия» бірлестігіне жылына 100 мың тоннадан астам тыңайтқыш түседі.
Қоймалардың жетіспеуінің салдарынан осы тыңайтқыштардың дені, ашық аспан астында далада сақталады.
Мұндай жағдайлар Талғар, Балқаш, Іле аудандарының шаруашылықтарында орын алған.
Тыңайтқыштарды өлшеусіз пайдалану, топырақты өндірістік қалдықтармен ластау, жердің құрамындағы зат
алмасуын қиындатып бүлдіруде.
Осының бәрі адамды ойландырады, табиғатқа деген ерекше көзқарасты қажет етеді. Нәтижесінде табиғатты
корғау қажет деген орынды сұрақ туады.
Алматы облысының жерінде 124 үлкенді-кішілі өзен бар. Бұл өзендердің бойында мал қораларымен қоса қойды
карелинге тоғытатын орындар орналасқан.
Осындай табиғат көрінісі сырттай қарағанда ешқандай зиянсыз көрінуі мүмкін. Дегенмен оның әрекеті көрінбей
көзден таса болып қала алмайды. Жұрт бір сәтте өзендер мен көлдердің бетінде қисапсыз қалқьп жүрген
балықтарды көрген. Олар біраз күннен кейін шіріп, борси бастаған.
БИОСФЕРАНЫҢ ЖЕР ГЕОСФЕРАЛАРЫНЫҢ БІРІ
РЕТІНДЕГІ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Табиғатта тірі организмдер арасында трофикалык байланыс болады, демек тамақтық байланыс. Мысалы,
адамзат масаларды улы химикаттар шашып кырады. Маса-шіркейді құртуға шашылған пестицидтерді
суда тіршілік ететін жәндіктер денесіне сіңіреді екен. Оларды ірі жәндіктер қорек етеді. Ал ірісімеи де,
ұсағымен де балықтар коректенеді. Удың залалы балықтармен коректенетін құстарға да тиеді. Өлген
құстарды лабораториялық зерттеулерден өткізгенде, олардың май қабаттарыда у болып шықты.
Табиғатта кұстарға жем болатын ірілі-ұсақты тірі организмдер— балдырлар, дафниялар, циклоптар,
ұлулар, балықтар химиялық анализден өткізілген. Балдырлар меи ұлулардың организміндегі токсофеннің
мол жері миллионның 0,3 бөлігіндей ғана болды. Ал дафнияда бұл пестицид миллионның 0,2—0,7 ұсақ
балықтарда 0,3 бөлігіндей болатыны анықталды. Сайып келгенде, судағы қарапайым жәндіктер улы
химикаттардың «қоймасы» деуге болады.
Ауыл шаруашылығында пестицидтер кең қолданылғандықтан кейінгі кезде сыртқы қоршаған ортаның
мөлшерден тыс уланғаны байқалып отыр. Бұлар адам баласына және жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне
үлкен зиян келтіруде. Улар ең алдымен ауаға қосылады, ауадан — суға, судан — топыраққа, топырақтан —
өсімдіктерге, өсімдіктерден — малдарға малдардан — адамдарға тарайды. Сөйтіп көзге көрінбейтін
биологиялық тізбек жасайды. Сондықтан, жердің неше түрлі пестицидтермен мөлшерден тыс уланбауын
қадағалап отырған жөи.
Ауыл шаруашылық өндірісін интенсивтендіруде де тигізетін әсерлері бар. Қазіргі заманғы ауыл
шаруашық өндірісін машиналар мен құрал-саймандар қолданбай жүргізу мүмкін емес. Алайда ауыл
шаруашылық өндірісінің негізгі құралы — жерге әсерін тигізетін атты техниканы абайлап қолдануды
қажет етеді.
Әсіресе егіс даласын әлденеше рет кайталап өңде-Внде ауыр доңғалакты тракторлар мен басқа да ауыл
•аруашылық машиналары топырақты тереңдете нығыз-Ьп тастайтындығы соңғы жылдары дэлелденіп
отыр. Іұндай нығыздалған қабат топырақтың түрі мен оған Іасалған әрекетіне қарай әр түрлі тереңдікте
пайда Ірлады. Әдетте, нығыздалған қабатты казіргі заманғы •рал-саймандармен ендеу қиын, ол тіпті
терең жыртқан Іуннің өзінде өңделмей сол күйінде қалады. Мұндай Іабат капиллярлық байланысын үзіп,
топырақтьщ су, ауа Іәне химиялық режимін бұзады, бұл сайып келгенде Ііннің шығымдылығын
төмендетеді. Ауыл шаруашылық вшиналарының салмағы мен куатын есірудің белгіленген шегі бар, ол
шек топырақ қабатының ерекшеліктерін ескере отырып қойылуы керек. Бұдан басқа, топырақтың терең
нығыздалуына жол бермес үшін, егіс даласының топырағына қысымы аз түсетін шынжыр табанды трак-
торлармен өңдеген дүрыс.
БИОСФЕРАНЫҢ ЖЕР ГЕОСФЕРАЛАРЫНЫҢ БІРІ
РЕТІНДЕГІ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Ғылыми-техникалық прогресс өндіріс күшін дамыта-ды, адамдардын, тұрмыс жағдайын
жақсартады, оның .әл-ауқатын арттырады. Сонымен бірге адамдардың қызметінің артуы,
табиғатқа араласуы, кей уақытта қоршаған ортаға экологиялық және биологиялық мағы-
на жағынан ешуақытта айтып қалпына келтіре алмай-тындай өзгеріс кіргізеді. Қоршаған
ортаның ластануы, бүлінуі, ресурстардың сарқылуы адамдардың тікелей әсерінің
нәтижесі.
Егер бір жылда жер қойнауынан алынған минерал-дық ресурстарды вагондарға артатын
болсақ, ол поез-дын, ұзындығы жер шарын 16,5 есе орап алған болар еді. ІІІьш
мағынасында жаңары табиғаттан алынған барлық шикізаттардың қоғамнық пайдасына
қоршаран ортаға тек бір проценті ғана пайдаланылады да, ал қалған барлық бөліктері
экологиялық уланған күйінде лақтырылып тасталынады.
Рас, біздің елімізде табиғат байлыры ұшан теніз. Әлі де талай миллиард адамдарды
миллиондаған жылдар бойы асыраура жетеді. Деседе пайдалы қазба байлық-тары, көмірі,
табиғи газы, мүнайы жетпей жаткан слдер де бар.
Адамдар мұнайды ертеден «қара алтын» деп атады. Ал, қазіргі кезде мүнай алтыннан да
қымбат. Тіпті мұнай өндіруді бір сәтке тоқтатқанның өзінде — жылу электростанциясы,
заводтар, транспорттың барлық түрі тоқтайды. Қаладары тіршілік сөнеді. Егер мұнайды
ка-зіргі жағдайға сәйкес көп мөлшерде пайдаланатын болсак, онда оның қоры 37 жылға
ғана жететін кө-рінеді.
Сонғы он жыл ішінде биосфераға адам қолымен жасалған бұрын белгісіз болып
келген жаңа заттар барған сайын кәптеп түсуде. Олардың көпшілігі өте тұрақты
және биосфера заттарының табиғи айналысы-нан келіп түседі. Мұндай заттардың
жиналуы табири процестердің барысын бұзады, экологиялық жағдайларды
нашарлатып, бірқатар жағдайда территориялык жэне аквальдық кешендердің
бұзылуьша септігін тигізеД .Мысалы, тұрмыста және өнеркәсіпте синтетикалык, *У
ғыш қосындыларды кеңінен пайдалану өзендер мен көлдердің ластануын күшейте түседі.
Бұл заттарды тазалағыш күрылыстарда толықтай ұстап калуға мүмкіндік зкок..
Сондықтан индустриялы аудандардары көптеген өзендердің бетін көбік жауып кеткен.
Ондай өзендерде тіршіліктің болуы мүмкін емес, ал өзен суы ауыз сура пайдаланура
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz