Стенобионттық және эврибионттық организмдер
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: 1.Стенобионттық және эврибионттық
организмдер.
2.Негізгі абиотикалық факторлардың –
жарықтың,
температураның,ылғалдылықтың, тұздылықтың және т.с.с.
экологиялық мәні.
Орындаған
3.Абиотикалық факторлардың сигналдық : Бекенов
мәні . М.Қ
Топ: ВС-403
Тексерген: Мурзалимова А К
Семей 2015 ж
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім:
•Стенобионттық және эврибионттық организмдер.
•Негізгі абиотикалық факторлардың – жарықтың, температураның,
ылғалдылықтың, тұздылықтың және т.с.с. экологиялық мәні.
•Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні.
Кіріспе.
Тіршілік ортасы– организмнің өсіп-өніп,көбеюіне,ұрпақтарын жалғастыру ға
қолайлы табиғи, тарихи қалыптасқан орта. Кез келген тіршілік иесі үнемі
өзгеріп отыратын күрделі әлемде, сол өзгерістерге қарай реттеп отырады. Белгілі бір
факторға қатысты организмнің өмір сүре алатын төзімділік нүктелеріні ң арасын
организмдердің экологиялық валенттілігі(толеранттылы ғы) деп атайды.
Фактордың ең төменгі немесе ең жоғары мәндерінен асып, организмні ң
тіршілігін тоқтуы туралы ұғымды ғылымға 1913 жылы американдық зоолог В.
Шелфорд енгізді. Бұл максимум заңында немесе толерантты қ (т өзімділік) за ңында
көрсетілген. Кейде мұны Шелфорд ережесі деп те атайды:
- организмдердің белгілі бір ортада орналасуы немесе тіршілік етуі, органимзні ң
белгілі бір шыдамдылық (толеранттылық, латынша tolerantia – шыдам, төзім)
шектері бар кешенді экологиялық факторларына байланысты. Организм тек осы
минималды (ең төмен) және максималды ( ең жоғарғы) мәндердің аралығында
ғана өмір сүре алады.
Кез келген тіршілік иесі тіршілік тіршілік еті я ғнм т өзімділігіне байланысты екі
түрге бөлінеді.
Негізгі бөлім
1)Стенобионтты және эврибионты организмдер.
Табиғатта тіршілік ететін организмдер экологиялық толеранттылығына байланысты екі
типке бөлінеді. Олар:эврибионттылар және стенобионттылар. Эврибионттар (грек. eurys –
кең, ауқымды және bіontos – тіршілік ететіндер)– сыртқы орта факторларының ауқымды
түрдегі өзгерістеріне бейімделе тіршілік ететін өсімдіктер немесе жануарлар. Қо ңыржай
белдеулердегі құрлықта мекендейтін жануарлардың көпшілік түрлері температураның,
ылғалдылықтың, күн радиациясының, т.б. қоршаған орта факторларының едәуір ауқымды
өзгерістерін елемей тіршілік ете береді. Эврибионттардың сыртқы орта факторларының
ауқымды түрдегі ауытқуларға бейімделуі олардың жоғары деңгейлік төзімділігімен немесе
оларда болатын орфофизиологиялық механизмдер арқылы анықталады. Мұндай
бейімделушілік белгілер мен қасиеттер арқылы Эврибионттар өздерінің ішкі орта
жағдайларының гомеостазын белсенді түрде сақтай алады. Мысалы, эвритермді түрлер –
температураның үлкен ауытқуына төзімді организмдер, ал эврифагтар – әртүрлі азықтармен
қоректене беретін организмдер және т.б.
Стенобионттар – (грекше stenos – тар) –тек белгілі бір орта жағдайларында ғана тіршілік ете
алатын (ортаның шамалы ғана ауытқулрына төзе алатын) организмдер. Олар стенотермді тек
температураның аз ғана ауытқуына шыдамды (теңіз маржандары), стеногалинді су
тұздылығының өзгеруіне төзе алмайтындар (ұлу) стенобатты қысымның ауытқуына шыдай
алмайтындар стенофагтар азықтың белгілі бір түрлерімен ғана қоректенеді, стенотоптар тек
белгілі бір тіршілік ортасында ғана өмір сүре алады және т.б
2)Негізгі абиотикалық факторлардың – жарықтың, температураның,
ылғалдылықтың, тұздылықтың және т.с.с. экологиялық мәні.
Мекен ету ортасында тірі ағзаға әсер ететін экологиялы қ факторларды ң
көптүрлілігіне қарамай, олардың ағзаға әсер ету сипаты мен тірі а ғзаларды ң
жауап ретінде беретін реакциялары бойынша бір қатар жалпы за ңдылы қтарды
көрсетуге болады. Тірі ағзаларға экологиялық факторды ң әсеріні ң қолайлы
немесе қолайсыз болуы, ең алдымен оның әсер ету күшіне байланысты.
Фактордың жетіспеуі немесе шектен тыс к өп болуы а ғзаларды ң тіршілігіне
қолайсыз әсер етеді.Сонымен экологиялық фактор дегеніміз организм үшін
қажетті немесе зиянды әсерін тигізетін ортаны ң элементтерін айтамыз.Факторлар
өзінің ықпал ету ерекшеліктеріне қарай үш негізгі топқа бөлінеді:
1)абиотикалық факторлар
2)тіршілік факторлары
3)антропогенді факторлар
Абиотикалық факторлар дегеніміз - организмдерге әсер ететін бейорганикалық ортаның
жиынтығы . Олар химиялық (атмосфераның химиялық құрамы құрамы , теңіз және тұщы
сулар , шөгінділер т.б) және физикалық (температура , қысым ,ылғал, жел , радация, т.б) деп
бөлінеді.Сол сияқты жердің бедері, геологиялық және геоморфологиялық құрылымы ,
ортаның сілтілік немесе қышқылдығы, ғаламдық сәулелер, т.б факторлар организм үшін әр
түрлі деңгейде әсер етеді.
Жарық, температура, ылғалдылық,топырақтың тұздылығы, судың ащылығы,
қысым, атмосфералық газдар сияқты өлі табиғаттың құрамды бөліктері.
Жарық – тірі организмдер үшін негізгі факторлардың бірі.Белгілі француз астрономы К
Фламмарион (1842-1925) «Біздің планетамызда жүрген , қозғалған , өмір сүретін
нәрселердің барлығы күннен жаралған» - деді.
Күн сәулесінің спектрінде биологиялық әсері бойынша ультракүлгін, инфрақызыл,
көзге көрінетін сәулелер болып бөлінеді. Ультракүлгін сәулелер аз мөлшерде ағзалар ға
қажет, өйткені онық бактерияларды жоятын, өсу үрдісін және жасушалардың дамуын
әрекеттендіретін, D витаминін түзілуіне әсері бар. Көп мөлшерде мутацияға себеп болуы да
мүмкін. Ультракүлгін сәулелердің басым бөлігі озон қабатында шағылысып, жерге жетпейді.
Көзге көрінетін сәулелер – фотосинтезге энергия беретін, жердегі тіршіліктің негізгі к өзі.
Инфрақызыл сәулелер – жылу энергиясының көзі.
Өсімдіктерге күн сәулесі фотосинтез үшін энергия көзі болғаны үшін маңызды. Ортаның
жарықтығына бейімделуіне байланысты өсімдіктер гелиофиттер(жарықсүйгіш),
сциофиттер (көлеңке сүйгіш) және фокультативті гелиофиттер (көлеңкеге шыдамды)
болып бөлінеді.
Пойкилотермді ағзалар – дене температурасы тұрақсыз, қоршаған
ортаның температурасына қарай өзгеріп отыратын ағзалар. Олар микроағзалар, өсімдіктер,
саңырауқұлақтар, омыртқасыздар және кейбір омыртқалылар (балықтар, қосмекенділер,
бауырымен жорғалаушылар) жатады. әдетте олардың дене температурасы сыртқы ортаның
температурасынан 1-20С - қа жоғары немесе бірдей болады.
Гомойтермді ағзалар – дене температурасын сыртқы ортаның температурасынан тәуелсіз
тұрақты дәрежеде ұстап тұра алатын ағзалар. Гомойтермді топқа құстар мен сүтқоректілер
және адам жатады.
Өсімдіктер төмен температураға шыдамдылығына байланысты жылылық
сүйетіндер және суыққа төзімділер деп бөлінеді. Жылу сүйгіштерге жүзім, шабдалы, өрік,
алмұрт жатса, суыққа төзімділерге мүк, қыналар, қарағай, шырша, самырсын т.б. жатады.
Әрбір жеке организмнің өзіне тән температураға деген талабы және шегі болады. Кейбір
организмдер температураға төзімділік көрсетеді. Мәселен, балықтар 520С-та, ал бактериялар
800С-та қалыпты тіршілік етеді. Кейбір көк жасыл балдырлар 440С-таөмір сүре береді.
Температураның қалыпты мөлшерден кемуі кез келген ағзаның денесіндегі зат алмасуды
тежеп, клеткадағы биохимиялық реакцияларды бұзып, одан әрі біртіндеп жасушалар
кристалданып, жалпы тіршілігі тоқтайды.
Су ағзадағы зат алмасуда және жалпы ағзаның қызметтерін дұрыс атқаруын қамтамасыз етеді.
Жасушалардағы судың құрамы шамамен 70%.
Судың негізгі қорын,яғни 94% - ын мұхиттар мен теңіздер құрайды. Қалған 6% - ы мәңгі
мұздықтар,тоғдар, өзен мен көлдердің үлесіне тиеді.
Су көптеген ағзалардың тіршілік ететін ортасы болып табылады. Су ағзалары мекен ететін
су қабатына және тіршілік ету түріне байланысты келесі экологиялық топтарға бөлінген:
Планктон – негізінен су ағынымен пассивті түрде орын ауыстыратын ағзалар. Планктонда
фитопланктон (бір жасушалы балдырлар) мен зоопланктон (бір жасушалы қарапайымдылар)
ажыратылады.
Нектон – судың орта қабатында белсенді түрде қозғалып тіршілік ететін ағзалар. Оларға
балықтар, басаяқты былқылдақ денелілер, тасбақалар, киттәрізділер жатады.
Бентос – судың түбін және топырақта тіршілік ететін су ағзалары. Оларды фитобентос
(бекініп өсетін балдырлар және жоғары сатыдағы өсімдіктер) және зообентос (шаянтәрізділер,
былқылдақ денелілер, теңіз жұлдыздары, т.б.) деп бөледі.
Перифитон – су өсімдіктерінің сабақтарына және жапырақтарына
жабысып тіршіліе ететіндер.
Ылғалдың жануарлар тіршілігінде маңызы зор. Жануарларға ылғал жетіспегенде, олар әр
түрлі бейімделеді. Мысалы: түйе өркешінің майынан метаболиттік су алады, сарышұнақтар
ұйқыға кетеді т.с.с. Ал өсімдіктер жапырақтары транспирациясының азайтады, сексеуіл
тамырларын тереңге жібереді т.с.с.Ылғал көбінесе климаттық, құрылықтың температуралық
белдеулеріне, табиғат белдемелеріне байланысты болады. Кей бір жағдайда ылғал шектеулі
фактор рөлін атқарады. Ылғалдың жетіспеуі өсімдіктерді өнімді төмендетіп жібереді. Әсіресе
шөл, шөлейтті белдеулерде ылғал жетпейді. Ал орман мен батпақты жерлерде керісінше әсер
байқалады. Ылғалдың әсеріне байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары төмендегідей
жіктеледі.
Гидрофиттер – суды мол қажет ететін, ылғалды ортада өсетін өсімдіктер.
Мысалы: қамыс, қоға, күріш, тұғиық т.б.
Ксерофиттершөл, шөлейт,дала сияқты ылғал тапшы аймақтардың өсімдіктері.
Олар қатты ыстыққа және сусыздыққа төзімді болады. Мысалы: сексеуіл, ж үзген,
жусан, қылша, теріскен, селеу, күйреуік т.б
Мезофиттер ылғалдылығы орташа,жеткілікті аймақтарда өседі.
Жапырақтары ашық әрі ірі болып келеді. Мысалы: қайың, алм ұрт,
шалғындардағы өсімдіктер.
Суккулентті ксерофиттерден
де ылғалы тапшы аймақтың өсімдіктері. Оларды ң жапыра қтары немесе саба қтар
ы ішінде су жинап, етжеңді болып келеді. Мысалы: кактус, алоэ т.б.
3)АБИОТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ СИГНАЛДЫҚ МӘНІ
Абиотикалық факторлар – бейорганикалық шарттардың жиынтығы. Жансыз
табиғат компоненттерін қамтиды. Оларға мыналар жатады : жары қ, температура,
ылғалдылық, жел, атмосфералық қысым, және т.б. Абиотикалы қ факторларды ң
сигналдық маңыздылығы орта сипаттамалары туралы а қпаратты өзгерту ж әне
организмдердің өмір сүру стратегиясын өзгертуді жүзеге асырады. Мысалы :
күннің ұзақтығы. Абиотикалық фактордың сигналдық мәні қоршаған ортаны
қорғау факторының үлгісі болып табылады.
Абиотикалық фактордың сигналдық мәні қоршаған ортада болып жат қан
өзгерістер жайлы ақпарат беріп, сол организмге сол өзгеріске бейімделуіне ы қпал
жасайды. Өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі үшін температура,ыл ғал, жары қ,
қысым, атмосфераның электромагниттік өрісі, мұхиттар мен те ңіздерді ң тасуы
мен қайтуы, күннің ұзақтығы, т.б. климаттық фактор маңызды.Табиғатта ж үйелі
түрде ауысып келіп отыратын факторларға байланысты өсімдіктер мен жануар
тіршілігінде де құбылыстарға үйлесе дамитын бейімделушілік қалыптасады.
Осыған орай, әрбір өсімдік пен жануарлардың түрлерінің өзіндік ерекшеліктері
мен қасиеттері болады.
Абиотикалық факторлардың өзгеруіне түрлердің бейімделуінің негізгі
жолы – бейімделу эволюциясы. Ал экологиялық факторлар географиялы қ
таралуды анықтаушы шарттар, яғни ареалдың алмасуына, пішініне және
көлеміне ықпал етеді. Бұл көрсеткіштер бір мезгілде бірнеше фактор ға
тәуелді болады. Құрлықта тіршілік ететін түрлер үшін, әсіресе, ауа
температурасы ерекше рөл атқарады.
Дегенмен көптеген факторлардың ішінде біреуі шешуші, әрі шектеуші
фактор деңгейінде болады. Ол бір организмдер үшін қорек, екіншілерінде
– температура немесе ылғал, жарық, т.б. болуы мүмкін.
Экологиялық жүйелер деңгейі барлық экофакторлардың
организмдерге кешенді түрде әсер ету жиынтығы экожүйенің климаттық
режимін түзеді, түрдің барлық тіршілік процестері және түрлердің өзара
әсерлесуі соның ауқымында жүзеге асырылады. Екіншіден, экожүйенің
құрамына кіретін барлық особьтар абиотикалық факторлардың ықпал ету
нысаны болып табылады. Абиотикалық факторлардың тиімсіз әсері
особьтар санын кемітіп немесе жойып жіберуі мүмкін.Нәтижесінде,
экожүйе құрамына кіретін популяциялардың тығыздығын кемітеді. Бұл
әсерлер өз кезегінде бүкіл экожүйедегі зат және энергия алмасудың тепе
– теңдігінің, биологиялық өнімділікті өзгерте келіп, сукцессия
құбылысына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Сондықтан экофакторлар экожүйеге ықпал ете отырып, сол жүйенің
қасиеттерін, сипатын және даму эволюциясын да анықтайды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz