1-4 сыныптар үшін музыка пәнінің оқу бағдарламасы: мақсаттар мен сабақ үлгісі


Slide 1

Бастауыш мектептің 1-4 сыныптарына арналған музыка пәнінің бағдарламасы

Slide 2

2. Жаттығу жұмысы: ә) әр түрлі буындарға әндету - У - О - А. Бұл жаттығуды 3 - 4 сыныпта пайдалануға болады.

а) «Бөбегім» - үзінді (Қ. Сәтиев - жергілікті композитор, сөзі М. Мақатаевтікі) әндетіп, баяу, нәзік, жұмсақ. Орындау барысында интонация тазалығына, 2 дауысқа көңіл бөлу, оны қадағалау.

Мақсаты: терең демді алып үнемді шығару - пайдалану, әдемі дауысты қадағалау, 2 дауыстылыққа көшу (бірігіп, қатар - қатар арқылы т. с. с. ) .

Slide 3

Сабақтың барысы, жүрісі

1. Музыка туралы әңгіме, Ән туралы әңгіме

2. Жаттығу жұмысы: «Апорт деген тәтті алма» Д. Ботпаев (қайырмасы) .

3. «Апорт деген тәтті алма» - 1- ші шумақ, үйрету.

4. Өздері білетін әндерді еске түсіру.

5. «Бесік жыры» қазақ халық әні - тыңдау.

6. Бұлбұлдың, аққудың дауысын ажырату тыңдау арқылы.

7. «Апорт деген тәтті алма» - әндетіп - қайталау.

8. «Кім қалай дауыстайды?» - ойын өткізу.

9. Қорытынды.

Slide 4

Бағдарламаның ең негізі тақырыптылық.

1 сынып: 1. Музыка қандай сезімді білдіреді? (ойын баласы)

2 сынып: Музыка қандай сыр шертеді? (бала және ертегі)

3 сынып: Музыка қалай толғайды? (бала шығармашылығы)

4 сынып: Музыка нені толғайды? (бала және аңыз)

Slide 5

Міндет, талап, максат

Жалпы міндеті - 1сынып оқушыларына қойылатын міндеттермен сипаттас, сабақтас болып келеді. Қызығушылығын әрі қарай қалыптастырады, музыкалық қабілеті дамиды. Музыканы саналы түрде қабылдап, терең сезіне білуіне, әнді орындау шеберлігінің шыңдала түсуіне бағытталады.

Біріншіден - 2 сынып оқушысы тәжірибелі бала, мектептің сабаққа қойылатын талабын біледі, зейіні тұрақтала түседі.

Олардың оқи, жаза алатындықтары музыка сабағында қойылатын талаптарды шешуге жағдай жасайды. Оқушыларға музыка сабағын өте қызықты өткізуге толық мүмкіндік бар.

Slide 6

Музыка сабағы (үлгі ретінде)

Тақырыбы: Музыканы қабылдау, әнді үйрету әдісі үстіндегі оқушылардың шығармашылығы.

Мақсаты: бастауыш сыныпта өтілетін 4 тоқсанның тақырыбына байланысты музыка қабылдау, әндерді үйрету барысында балалардың шығармашылығын байқап, оны дамыту, ой - өрісі арқылы, пікір - талдау барысында іске асыру. Әртүрлі іс - әрекеттер арқылы музыканы түсіну, мазмұнын ашып идеясын білу. Қабылданған шығармалар, үйретілетін - орындалатын әндер арқылы орындаушылық қабілетін дамытып, есту - түсіну арқылы орындаушылық шеберлігінің дамуын қадағалау. Халық музыкасына, композиторлық музыкасына көзқарасы және де өмірбаянын, шығармашылықтарын білу. Балалардың шығармашылық ынтасын, ой - өрісін, қиялын дамыту.


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектептің 1-4 сыныптары үшін музыка пәнінің типтік бағдарламасы
Мұрагер бағдарламасы: 1-9 сыныптар үшін ән-күй пәнінің оқу-әдістемелік бағдарламасы
1-4 сыныптарға арналған музыка пәнінің тақырыптық бағдарламасы мен сабақ жоспары
1-4 сыныптар үшін математика сайысының кезеңдері мен тапсырмалары
5-сыныптар үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің Зымыран сұрақтар байқауы
Мұрагер: қазақ мектептері үшін ұлттық-педагогикалық негіздегі музыка оқыту бағдарламасы
Әлем халықтарының этнологиясы пәнінің оқу-әдістемелік бағдарламасы
Өзін-өзі тану пәнінің оқу бағдарламасы мен мұғалімдердің кәсіби талаптары
Назарбаев Зияткерлік мектептері: 2-4 сыныптарға арналған Қазақ тілі оқу бағдарламасы - мақсаттар, күтілетін нәтижелер және саралау тәсілдері
Мұрагер ән-күй пәнінің 1-9 сыныптарға арналған интеграцияланған әдістемелік бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz