Психопрофилактика




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СРО
Психопрофилактика
Орындаған: Назарбек А.М
Тексерген: Мазтаева Л.С

Семей 2015 ж
Психопрофилактика – бұл
психикалық аурулардың және
олардың нәтижесінде болатын
асқынулардан сақтандырумен
(ескертумен) айналысатын
психиатрияның бір бөлігі.
Педагогикада

Психопрофилактика -
Оқушыларда кездесетін
психикалық
ауытқушылықтың алдын алу
шараларын жүргізу, Бала
психологиясындағы
өзгерістер туралы ата-анаға
дер кезінде психологиялық
кеңестер беріп, олардың
алдын-ала сақтандырып
отыру.
Мектеп жағдайындағы
психопрофилактикалық жұмыстарға
жататындар:

- балалардың мектептегі оқуға
психологиялық даярлығын анықтау (ес,
зейін, ерік, ойлау, сөйлеу, қабылдау т.б.);

- бастауыш сынып оқушыларының
мектептегі оқуға тез бейімделуін
анықтап, ата-аналар мен ұстаздарға
ұсыныстар беру;

- оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу
барысындағы психологиялық ерекшеліктеріне
зерттеу жүргізіп, психологиялық кешеуілдеу мен
ауытқушылықтарды анықтап, оны жоюға
бағытталған шаралардың бағдарламасын жасау;
- оқушылардың әрбір психикалық
үрдістерінің, сезімі мен еркінің, қабілеті
мен мінезінің дамуына үзбей зерттеу
жүргізіп, ұсыныстар беру;

- арнаулы бағдарламамен жұмыс жүргізуді
қажет ететін оқушылар үшін пән
мұғалімдерімен бірлесе отырып, арнаулы
бағдарламалар дайындау;

- оқушылардың тұрмыс жағдайларына,
оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктеріне
(күрделілік, олқылықтар, мұғалімнің
өзіне тән психологиясын түсінбеу т.б.)
байланысты олардың жүйке жүйесінің
бұзылуының алдын алу;

- педагогикалық ұжымда үйлесімді психологиялық
ахуалды қалыптастыру, ұстаздар мен оқушылардың, ата-
аналар мен ұстаздардың арасында сенімді байланысты
қалыптастырып, психологиялық ынтымақтастықты
орнату
Психолог
психопрофилактикалық
жұмыстарды жүргізу
үшін сынып
жетекшілермен бірлесе
отыра, оқушылар туралы
мәліметтер жинақтайды:
- дарынды оқушылар;
- озат оқушылар;
- үлгермеуші оқушылар;
- «қиын» оқушы
мәселесі.
Психипрофилактикалық қызмет 3
деңгей арқылы жүзеге асырылады:

І деңгей – алғашқы профилактика деп аталады.
Психолог мектептегі барлық балалармен бірдей
жұмыс істейді және олардың психикалық
денсаулықтарын қамқорлыққа алады.

ІІ деңгей – екінші профилактика. Бұл « тәуекелшіл » деп
аталатын топқа, яғни мәселелері жаңадан басталған
балаларға бағытталаған. Екінші профилактика балалардың
оқу мен мінез-құлқында ерте пайда болған қиындықтарды
зерттейді.

ІІІ деңгей – үшінші профилактика. Психолог нақты
оқуда немесе мінез-құлқында мәселесі бар баламен
жұмыс істейді. Оның негізгі міндеті – түзету немесе
күрделі психологиялық қиындықтарды жеңу.
Психологиялық профилактика
мыналарды талап етеді:
1. Білім беру ұйымдарында бала
тұлғасының біртұтас психикасының дамуы
мен қалыптасуы үшін қажет психологиялық
жағдайлардың сақталуына жауапкершілікті;
2. Қарым-қатынасында, мінез-
құлқында, интеллектуалдық және
эмоционалды дамуында белгілі бір
қиындықтарға әкеп соқтыратын балалардың
ерекшеліктерін дәл уақытында анықтауды;
3. Балалардың келесі жастық кезеңге
өтуімен байланысты мүмкін болатын әр
түрлі қиындықтарды ескеруді;
Қорынтынды: Психопрофилактикалық
жұмыс жеке балалармен, балалар тобымен,
сыныппен, сол сияқты тәрбиешілермен,
мұғалімдермен, ата-аналармен және баланы
дамуына, дүниетанымына әсер ететін басқа да
адамдармен де жүргізіле береді.
Бұл жұмыстағы қиындық мынада –
психолог педагогикалық ұжымның
психопрофилактиканың маңызын түсінбейтін
жағдайларға көп тап болады.
Психопрофилактиканың нәтижелі болуы
тұтастай психологқа байланысты. Психолог
өзінің біліміне сүйене отырып, баланың білім
алуы мен тәрбиесінің дамуына жағымды
жағдай туғызу үшін нені өзгерту керек, нені
ескеру қажет және қалай кеңес беру керектігін
қамтамасыз етеді.
Назарыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Психопрофилактика туралы түсінік және оның түрлері
Психотүзетудің негізгі әдістері
Психологияның басқа ғылымдармен байланысы
Психологиялық тәрбие
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Әлемдік психология ғылымындағы негізгі бағыттар
Адамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының даму заңдылықтарын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастырады
Практикалық балалар психологының кәсіби әрекетінің негізгі бағыттары
Әскери психология
Мектеп психологының мақсаты
Пәндер