Оқушылар арасындағы достықты тәрбиелеу


Slide 1

Тақырыбы: Достық-қымбат өмірде

Орындаған: Айтмағанбетова Ж

ФМФ Т-413топ

Slide 2

Мақсаты: Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым - қатынасын нығайту. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету, адамгершілік қасиетін, бір - біріне деген достық сезімдерін нығайту.

Slide 3

Достық деген өмірде ең керегі, Достық болып дүние дөңгеледі. Өзендегі толқындар дос боп ақты, Қанатымыздай жүгіріп кеудедегі. Адам үшін ата - анадан кейінгі ең жақын - абзал дос. «Доссыз өмір - тұл», «Доссыз өмір - тұссыз ас»- деп халық бекер айтпаған. Адам ес біліп етек жапқаннан бастап өзін түсінетін, жанына серік болатын айнымас дос іздейтіні анық. Сондықтан да бүгін достық жайлы әңгімелеспек үшін тәрбие сағатымыздың тақырыбын «Достық - қымбат өмірде» деп алдық.

Slide 4

Достық - адамдардың бір - бірін жаны қалап, шын жақсы көріп, қалтқысыз сеніп тілектес, мұраттас болуы. Адам өмірге сәби болып келеді. Ол алғаш ақ сүтін берген анасы мен әкесін таниды. Адам өсе келе өзіне дос табады. Дос сенімді серік. Достар - бірін - бірі түсінуі тиіс.

Ерте заманның ойшылы және асқан шешен, ежелгі Рим қайраткері Марк Туллий Цицерон Достық - өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңші. Қайда барсаңыз да ол сізге қызмет етеді. Ол барлық жерде бар. Ол ешқашан мезі қылмайды. Ешқашанда орынсыз килігетін жері болмайды. Ол сәттілікке жаңа сәулет береді. Ол ортақтасқан сәтсіздіктерде көп мөлшерде өзінің уақытын жоғалтады дейді.

Slide 5

Досты асықпай таңдаған жөн. Ол да күтіп аялауды, бағып -*қағуды қажет етеді. Ал ұлы Абай атамыз - Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас деген екен. Достық - әншейін дос тапқысы, дос болғысы келгендіктің нәтижесі емес. Бір - біріне пейілі ықыласы түскен, жан жүрегі қалаған, көзқарасы мен ой - ниеті үйлескен, мінездері сыйымды адам ғана дос бола алады.

«Сенің досың кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтып беремін»деген екен ғой бір дана кісі жаңа танысқан адамына. Бұл ақылды сөздің мағынасы «Достар жан дүниесі, ой өрісі, талғамы мен әлеуметтік көзқарасы жағынан жақын болады»дегенге меңзейді.

Slide 6

Халықта Досыңнан тап!»деген қарғысқа жақын сөз бар. Бұл - достың бәрінің бірдей еместігі, адамға ең ауыры - досыңның арамдығы, екіжүзді опасыздығы екені еске салатын сөз. Шынында да ішек - қарнына дейін түгел білетін адамыңның қасына айналуынан, қарсыласың жаққа ШЫҒЫП КЕТУІНЕН ҚАУІПТІ, ҚАТЕРЛІ, ӨКІНІШТІ НЕ БАР?! БҰДАН ДОС - ДҰШПАНЫҢДЫ АЙЫРА БІЛУДІҢ ҚАНШАЛЫҚТЫ МАҢЫЗДЫ ЕКЕНІ КӨРІНЕДІ. Әйтпесе опық жеп, бармақ тістеп қалуың оңай. Сондықтан достықтың белгісі - достың сырын өз сырыңдай сақтау. Даналар айтқан ғой - Сыр сақтау - тіліңнің астына шоқ салып алғаннан да қиын деп. Тіліне ие бола алмайтын жеңілтек пәтуасыз жандарға «Досым ғой» деп сыр ашу жамандыққа апарып соқтыруы мүмкін.

Slide 7

Дос ақылшы, көмекші, сырлас, жақын, адал, шыншыл деген ұғымды білдіреді. Өмір адамға бір - ақ рет беріледі, сондықтан да дос өмірдегі қиыншылық пен қызық кезеңдерді бөлісу үшін қажет. Достықтың екі түрі болады: адал дос, амал дос. Достасу, серік табу адамның бақытына бақыт қосады. Достасудан бірлік, бірліктен тірлік, тірліктен жеңіс, жеміс, қуаныш бақыт туады. Дос болу - киелі ұғым. Достық аспандағы жарық жұлдыз, теңіздегі гауһар тас. Жұлдыз да, асыл тас та кіршіксіз мөлдір. Бұл екеуін ешкім де, еш құдірет те кірлете алмайды.

Slide 8

Достық туралы мақал мәтелдер

1. Екі жақсы қас болмас, Екі жаман дос болмас. 2. Дұшпан күлдіріп айтады, Дос жылатып айтады. 3. Дос сыртыңнан мақтар, Дұшпан көзіңе мақтар. 4. Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды. 5. Дос - ажарың, Жолдас базарың.

Slide 9

Нақыл сөздерді қарастырсақ

Жүргенде көп достық атын малданып Алайда тек қалма оған алданып Әл-Фараби

Не жетеді нағыз досқа, асылға, Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда. Қиналады - сен қиналсаң болғаны, Ұйықтамасаң - ұйықтамайды ол дағы Уильям Шекспир

Қиын күнде қол үшін берген - нағыз дос, Жайшылықта «доспын» деген жай сөз Саиф Сараи

Өзіңе қарай дос таңда, Күшіңе қарай жүк көтер Жүсіп Баласағұни

Slide 10

Адамның адамсыз күні жоқ. Сондықтанда адам жүрген жерінде, елде, сапарда, бөтен жерде болсын ұғынысып, түсінісетін, жарасып жақын жүретін, өзара бүкпесіз, сырлас жан іздейді. Бұл - өте қажет табиғи тілек.


Ұқсас жұмыстар
Ынтымақ: мектеп оқушылары арасындағы бірлік пен достықты насихаттаушы мәнерлеп оқу сайысы
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі: оқушылар арасындағы сауалнама нәтижелері
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық тәрбиелеу
Оқушылар арасындағы достық: түсінігі, моральдық жағдаяттар және сыныптық тәрбие жаттығулары
Бастауыш сыныпта психологиялық климат қалыптастыру арқылы оқушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайту: Lesson Study зерттеуі
Жарасымды қарым-қатынас: ұлттық дәстүрдегі үлкен мен кіші арасындағы сыйластықты тәрбиелеу
Оқушылар ұжымының жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі
Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысы: кезеңдер мен сынып жетекшісінің рөлі
Оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру стратегиясы
Оқушылар ұжымы дамуының негізгі заңдары мен кезеңдері (А.С. Макаренко теориясы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz