Бейбіт және соғыс уақыттағы төтенше жағдайлар. Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы
Презентация қосу
СӨ
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
Семей Мемлекеттік Шәкәрім университеті
Ж
Тақырыбы:Бейбіт және соғыс уақыттағы төтенше
жағдайлар . Техногенді сипатты төтенше жағдайлар,
олардың түрлері . Табиғи сипаттағы төтенше
жағдайлардың классификациясы
Орындаған:Сайлауова Г.Қ
Тексерген: Нұржұманова Ж.М
Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше
жағдайлар
Жоспар:
-Төтенше жағдай, туындау себептері.
- табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар;
- техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар;
- төтенше жағдай аймағы.
Тірек сөздер: төтенше жағдай, табиғи
сипаттағы төтенше жағдайлар, техногенді
сипаттағы төтенше жағдайлар, төтенше
жағдай аймағы.
Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі қауіпке
байланысты елбасы немесе парламент жариялайтын
уақытша режим. Ол табиғат апаты, соғыс қаупі,
техногендік апат, халық ішіндегі толқу, т.б. жағдайларда
жарияланады. Мұндай уақытта азаматтардың құқықтары
мен бостандықтары саналы түрде шектеледі, бейбіт кездегі
заңдар күшін тоқтатып, төтенше заңдар шығарылады.
Төтенше жағдай жариялай отырып мемлекет басшысы өзіне
көптеген абсолютті өкілдіктер алады. Түрлі мемлекеттік
органдар өз қызметтерін өзгертеді. Олар жаңа заңдық
кеңістікте қатаң тәртіпке бағына отырып қызмет жасауға
мәжбүр болады. Төтенше жағдай жариялау уақыты,
мерзімі, сол кездегі билікке берілетін өкілеттіктер дәрежесі
ел Конституциясында анықталады.
Төтенше жағдай пайда болу жағынан –табиғи,
техногенді, экологиялық, биологиялық, антропогендік,
әлеуметтік және біріккен немесе қосылған болып бөлінеді
Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайды 5
топқа бөлуге болады:
§ қоршаған ортаның зиянды заттардан
ластануы;
§ жарылыс,өрт;
§ көлік комуникациясындағы ТЖ;
§ әскери саясаттық сипатта болатын;
§ стихияға әкеліп соғатын.
Бейбіт уақытқа арналған АҚ жоспарының мазмұны, құрылымы.
Бейбіт және соғыс уақытына арналған АҚ жоспары екі бөлімнен
тұрады:
1-ші бөлім – табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ ықтимал
жағдайы;
2-ші бөлім – табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туындауы
және қауіпі бойынша өткізілетін АҚ іс-шаралары;
Өз кезегінде 2-ші бөлім бірнеше бөлімшелерден тұрады:
2.1. АҚ басқармалары органдарын жіне тұрғындарды
құлақтандыру
2.2. Инженерлік қорғаныс
2.3. Радиациалық-химиялық қорғаныс
2.4. Медициналық қорғаныс
2.5. Көшіру іс-шаралары
2.6. Материалды-техникалық қамтамасыз ету
2.7. АҚ күштерінің топтасуы
2.8. АҚ іс-шараларынбасқаруды ұйымдастыру
2.9. Құтқару және басқа да кейінге қалдырылмайтын жұмыстар
2.10. Өз-ара әрекеттесу тәртібі (қажет болған жағдайда
жасалады).
Техногенді сипатты төтенше жағдайлар:
-өндірістік;
-транспорттық авариялар (темір жол поездары, теңіз
-өрттер (жарылыстар);
-ҚӘУЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;
-РЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;
-СҚЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;
-ғимараттардың кенеттен құлауы;
-электр-энергетикалық жүйелердегі авариялар;
-коммуналдық тіршілікті қамсыздандыру
желілердегі авариялар;
-тазартқыш құрылыстардағы авариялар;
-гидродинамикалық авариялар (платиналардың,
бөгеттердің бұзылуы) жатады.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай – дүлей зілзала (жер
сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт,
індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық
өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері
арқылы зақымдануын туғызатын төтенше жағдайлар.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдай - өнеркәсіп, көлік
авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер
ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті
заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен
ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы,
тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және
коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария
туғызған төтенше жағдай.
Төтенше жағдай аймағы - бұл төтенше жағдай туындаған
белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдай таралу аумағынажәне келтірген нұқсанның көлеміне
қарай объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып
бөлінеді.
Техногендік сипаттағы ТЖ — өнеркәсіп, көлік
авариялары және басқа да авариялар, өрт
(жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті
және биологиялық жағынан қауіпті заттарды
тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен
ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің
бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-
энергетика және коммуникация жүйелеріндегі,
тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ
Төтенше жағдай аймағы бұл ТЖ туындаған белгілі
бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ
таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне
қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және
жаһандық болып бөлінеді. Туындаған ТЖ жіктемесі
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы
№1310 Қаулысымен бекітілген «Табиғи және
техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
жіктемесіне» сәйкес жіктеледі. ҚР Үкіметінің 2002
жылғы 24 желтоқсандағы №1351 Қаулысымен
бекітілген «Табиғи және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайлардың туындауына әкеліп соққан
авариялардың, зілзалалардың және апаттардың
себептерін тексеру ережесіне» сәйкес объектілік және
жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды ТЖМ
ОҚО төтенше жағдайлар департаменті тарапынан
құрылған комиссия зерттейді.
Авария бұл технологиялық процестің бұзылуы,
механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың
бұзылуы. Авариялық ғимараттар бойынша зерттеу
жұмыстарын авариялық ғимараттардың
техникалық жағдайын зерттейтін тұрақты жұмыс
атқару облыстық комиссиясы жүргізеді. Аталған
комиссияның зерттеу жұмыстарының қорытындысы
бойынша шешімді облыстық төтенше жағдайлардың
алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағасы
қабылдайды. Қауіпті өндірістік объектілердегі
авариялардың себептерін тексеру тәртібін «Қауіпті
өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік
туралы» ҚР 2002 жылғы 3 сәуіріндегі Заңына сәйкес
өнеркәсіптік саласындағы уәкілетті мемлекеттік
орган мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесіп
өздерінің құзыреті шегінде белгілейді.
ҚР «Табиги және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайлар туралы» Заңының негізгі
ұғымдарына сәйкес табиги сипаттағы
төтенше жағдайларды жер сілкінісі, сел, қар
көшкіндері, су тасқыны және басқа да
зілзалалар табиғи өрттер, індеттер және
эпизоотиялар, ауыл шаруашылық
өсімдіктерінің зиянкестермен зақымдалуы
секілді дүлей зілзалалар туғызуы мүмкін.
Басқаша айтқанда, мұндай жағдай табиғи
сипаттағы төтенше жағдайлардың
ошақтарының белгілі бір аймақта пайда
болуына әкеліп соғатын үрдістер немесе қауіпті
табиғи кұбылыстар нәтижесінде болады.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар
ошақтарының зақымдаушы факторлар - бұл
физикалық, химиялық, биологиялық
әсерлерімен немесе байқалуларымен
сипатталатын, табиғи төтенше жағдайлар
ошақтарынан пайда болған сәйкес шамалармен
көрінетін немесе анықталатын қауіпті табиғи
құбылыстар немесе үрдістер құрамасы.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар
ошақтарының зақымдаушы әсері - бұл
адамдардың өміріне және денсаулығына, ауыл
шаруашылық малдары мен өсімдіктеріне,
экономикалық нысандарға және қоршаған табиғи
ортаға төтенше жағдайлар көздерінің зақымдаушы
факторларының жиынтығы немесе кері әсері.
Қауіпті табиғи құбылыстарға өзінің
қарқындылығымен, таралу ауқымымен және
ұзақтығымен адамдарға, экономика нысандарына
және қоршаған табиғи ортаға зақымдаушы әсерін
тигізетін табиғи үрдістердің әрекеттерінің
нәтижесі немесе табиғи оқиғалар жатады.
Дүлей зілзала - бірден елеулі адамның
тіршілігін бұзып, үлкен материалдық
құндылықтарды жояды, сонымен қатар
адамдардың қаза табуына, жануарлардың
өлуіне әкелетін кенеттен пайда болатын
табиғи құбылыс.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың
аймағы – төтенше жағдай ошағының пайда
болу нәтижесінде немесе басқа аудандардан
табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар пайда
болған, оның зардаптары таралғаны болып
табылады.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға мыналар
жатады:
геологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер
( эндогенді: жер сілкінісі, жанартаулардың атқылауы;
экзогенді: үгінділер, сырғымалар, сел);
гидрологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер;
метрологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер;
табиғи өрттер;
эпидемиялар және эпизоотиялар;
ауыл шаруашылық өсімдіктерінің, ормандардың ауруы
мен зиянкестермен зақымдануы.
Геологиялық қауіпті құбылыстар және
үрдістер. Геологиялық қауіпті құбылыстарға
адамдарға, ауылшаруашылық малдары мен
жануарларына, экономика нысандарына және
қоршаған табиғи ортаға зақымдаушы әсерін
тигізетін немесе тигізуі мүмкін геологиялық
құбылыстар немесе әр түрлі табиғи,
гидродинамикалық факторларды немесе
олардың үйлесімдері әсерінен жер астында
пайда болған геологиялық үрдістердің
нәтижесінде немесе геологиялық жағдайлар
жатады.
Жер сілкінісі – жер қыртысында немесе
мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған
қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда
болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен
қашыктыққа таралатын жер асты дүмпуі мен
жер астының қозғалысы. Бұл геологиялық
құбылыстарды геофизикалық бөлім
сейсмология зерттейді.
Қауіпті гидрологиялық құбылыстар мен
процесстер Қауіпті гидрологиялық
құбылыстар - әр түрлі табиғи немесе
гидродинамикалық факторлардың немесе
екеуінің қосындысының әсер етуінен пайда
болатын, адамдарға, ауылшаруашлық малдары
мен дәнді дақылдарына, экономика нысандары
мен қоршаған табиғи ортаға зақым келтіретін,
шығу тегі гидрологиялық болып келетін оқиға
немесе гидрологиялық процесстердің
нәтижесі.
Қауіпті метеорологиялық құбылыстар мен
процесстер. Қауіпті метеорологиялық
құбылыстар – адамдарға, ауьлшаруашылық
малдарына және өсімдіктерге, экономика
нысандарына және қоршаған табиғи ортаға
зақым келтіретін немесе келтіруі мүмкін
атмосферада әртүрлі табиғи факторлардың
немесе олардың қосыңдысының ықпалынан
туындайтын табиғи процесстер мен
құбылыстар.
Назарларыңызғ
а рахмет!!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz