Балалардағы сөйлеу бұзылыстарының түрлері мен себептері


Slide 1

Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ерекшелігі

Сөйлеу тіліндегі мүкістердің патологиялық дәрежелеріне, белгілі бір мүшелерінің атқаратын қызметтерінің бұзылуына, зақымдануының уақытына, басты кемістіктердің ықпалынан пайда болатын екінші бір ақаулықтардың көрінуіне байланысты олардың бір-бірінен айырмашылықтары да әр алуан болып келеді.

izden. kz

Slide 2

Тіл бұзылуының себептері:

Органикалық - түрлі зақымдардың нәтижесінде тіл аппараты мен жүйке жүйесінің бөлімдерінің бұзылуы.

Функциональдық - мұнда органикалық зақымдану болмайды, тек сөйлеу механизмдерінің функциясы бұзылады.

izden. kz

Slide 3

Сөйлеудегі бұзылу келесі топтарға бөлінеді:

Фонетикалық бұзылулар - бір дыбысты немесе бір топқа жататын дыбыстарды айта алмау (ызың, шұғыл, тіл ортасы, тіл алды дыбыстардың бұзылуы; дауыссыз дыбыстардың қатаң - ұяң - үнді айтылуының бұзылуы, дыбыстарды дұрыс қабылдау қабілетінің бұзылуы) . Бұған дислалия, дизартрия, фонетикалық-фонематикалық жетілмеу жатады.

izden. kz

Slide 4

Лексикалық-грамматикалық бұзылулар. Бұған енетіндер: шектеулі сөздік қор, жадағай фраза; фразадағы және сөйлемдегі сөздердің өзара қиыспауы, шылаулар мен жалғау-жұрнақтарды қате қолдану (сөйлеудің жалпы жетілмеуі) .

izden. kz

Slide 5

Әуендік - екпіндік бұзылулар: екпінді дұрыс қоймаумен байланысты, дауыстың күші мен жоғарылығы, тембрінің бұзылуына қарай (ақырын, қарғылыңқы, бақылдақ және т. б. ) . мысалы: дисфония, ринолалия, ринофония т. б.

izden. kz

Slide 6

Қарқындылық - ырғақтық бұзылулар: мидағы қозу үдерістерінің басымдылығымен байланысты болатын шапшаң қарқын (брахилалия) ; тежелу үдерістері басым болатын баяу қарқын (брадилалия) ; үзік-үзік қарқын (қажетсіз паузалар, сүріну, құрысу сипатты емес кекештену - физиологиялық итерациялар, полтерн және құрысу сипатындағы - тұтығу немесе кекештік) .

izden. kz

Slide 7

Жазба тілдің бұзылуы: жазуда: фонеманың графемаға қате айналуы; толық жазбау; сөздегі әріптерді тастап кету немесе шатастыру; сөйлеудегі сөздердің өзара қиыспауы немесе орындарының ауысуы; жазу жолынан шығып кету т. б., оқуда: дыбыстарды алмастыру мен шатастыру; әріптеп оқу; сөздің дыбыстық-буындық құрамын бұрмалау; оқылғанды түсінудің бұзылуы; аграмматизмдер. Мысалы: дислексия мен дисграфия.

izden. kz

Slide 8

Сөйлеудің жүйелі бұзылуы: сөйлеу мүмкін емес немесе былдырлау мүмкіндігі ғана болады, мысалы, алалия және афазия.

izden. kz

Slide 9

Дислалия - сөйлеу тілі мүшелерінің анатомиялық кемістіктерінен дыбыстардың бұзылып айтылуын сипаттайды. Дислалия сөйлеу тіліндегі ең көп тараған мүкістіктер. Пайда болу себептеріне қарай дислалия механикалық және функционалдық болып бөлінеді. Перифериялық сөйлеу аппаратының бұзылуы туа пайда және жүре пайда болуы мүмкін.

izden. kz

Slide 10

Туа пайда болатын кемістікке жататындар:

прогнатия -жоғары жақ төменгі жақтан алға шығып тұрады;

прогения - төменгі жақтың алға шығуы;

тістердің дұрыс орналаспауы;

еріннің түрлі кемістіктері;

таңдай параличі;

izden. kz

Slide 11

Жүре пайда болатын кемістікке жататындар:

сүйектер мен бұлшық еттердің зақымдалуының нәтижесінде артикуляциялық аппаратта пайда болатын түрлі кемістіктер.

izden. kz

Slide 12

Ринолалия - ауыз бен мұрын қуыстарының дұрыс қызмет етпеу нәтижесінде дауыс құбылысының өзгеруі мен сөйлеген уақытта дыбыстың бүлінуі.

Ринолалияның түрлері:

Ашық ринолалия - сөйлеген уақытта ауа ауыз және мұрын қуысы арқылы өтеді.

Жабық ринолалия - ауа тек ауыз арқылы өтеді, бұл әсіресе «м, н» әріптерін атағанда білінеді.

izden. kz

Slide 13

Дислалия сөйлеу тіліндегі бұзылған дыбыстардың санына қарай қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Егер баланың сөйлеу тілінде мүкістердің саны төрт дыбысқа дейін байқалатын болса - оны қарапайым дислалия деп атайды, ал егер бесеу және одан да көп болса - оны күрделі дислалия деп атайды.

izden. kz

Slide 14

Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың мүкістік ерекшеліктеріне қарай бөлінетін дислалияның түрлері:

Сигматизм - ызың дыбыстардың («с», «з», «ц», «ж», «ч», «ш», «щ») айтылуындағы мүкістіктер. Бұлар сөйлеу тіліндегі кемістіктердің ішіндегі ең көп тараған түрі;

Ротацизм - «р» дыбысының айтылуындағы мүкістік;

Ламбдацизм - «л» дыбысының айтылуындағы мүкістік;

Таңдай дыбыстарының айтылуындағы мүкістіктер;

Каппацизм - «к» дыбысы;

Гаммацизм - «г» дыбысы;

Хитизм - «х» дыбысы;

Йотацизм - «й» дыбысы;

izden. kz

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Сөйлеу бұзылыстарының түрлері, патогенезі және негізгі себептері: генетикалық, антенатальды, перинатальды және нейроинфекциялық факторлар
Балалардағы сөйлеу тілінің патологиясы: себептері, түрлері және логопедиялық түзету әдістері
Ерте жастағы сөйлеу бұзылыстарының алдын алудың қазіргі заманғы әдістері
Сөйлеу бұзылыстары: түрлері, себептері және патологиясы
Сөйлеу тілінің бұзылуы: белгілері, себептері және түрлері
Сөйлеу қабілеті бұзылған балалар: түрлері, себептері және клиникалық ерекшеліктері
Балалардағы жалпы тіл кемістіктері: себептері, түрлері және логопедиялық түзету
Малдардағы зат алмасу бұзылыстарының себептері мен емдеу әдістері
Балалардағы сколиоз: анықтамасы, түрлері, себептері, диагностикасы, емі және алдын алу
Мектепке дейінгі балалардағы сөйлеу тілінің бұзылыстарын диагностикалау және түзету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz