Трансляция түсінігі



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
Жаратылыстану - математика ғылымдар факультеті
СӨЖ №3
Орындаған: Бекбосунова Мариям Т- 311
Тексерген: Рысжанова Айжан Сайлаухановна
Семей 2015 жыл

Жоспар:
Трансляция түсінігі
Формальды тілдер түсінігі
Формальды тілді сипаттаудың қатаң тәсілдері және метатіл туралы түсінік

Трансляция түсінігі
Транслятор - программа. Программа мәтіні - ол жұмыс істеу мүмкіншілігі бар программа емес, тек қана текст. Оны оқуға болады, бірақ компьютерде орындауға болмайды. Процессор тек қана машиналық кодты түсінеді, сондықтан адам жазған программа мәтінін машиналық кодқа аудару керек. Осы жұмысты арнайы транслятор-программалар орындайды. Транслятор - программаларды компьютерге орнатып алу қажет.
Трансляторлардың түрлері. Трансляторлар - аудармашы бағдарламалар. Олар аударманы әртүрлі тәсілмен орындайды, сондықтан олар әртүрлі болады. Трансляторлардың негізгі екі түрі: компиляторлар және интерпретаторлар.
Компилятор-программалар. Олар программист жасаған бағдарлама мәтінін толығымен қарап шығады. Синтаксикалық қателерді тексеріп, белгілі бір мазмұнды анализ жасағаннан кейін барып, машиналық кодқа автоматты түрде аударады (трансляциялайды) . Нәтижесінде программа жинақы әрі тез жұмыс істейтін болады. Компилятор программалардың негізгі кемшілігі - берілгендердің күрделі құрылымын өңдеуге бағытталған жұмысының көптігі.
Интерпретатор-бағдарламалар. Интерпретатор программа мәтінінен кезектегі операторды алып, оның құрылымын талдап, сонан кейін бірден орындайды (трансляциялайды) . Ағымдағы оператор толық орындалып болған соң ғана келесі операторға көшеді. Егер программада бір оператор бірнеше рет кездесетін болса, оны бірінші рет кездескендей орындайды. Осы қайталанатын есептеулерді қайта-қайта орындау керектігінің салдарынан программа баяу жұмыс істейді.

Құрылымдық программалау. Модульдік программалауда программа мәтіні меншіктеу операторларының сызықтық тізбегі, циклі, шартты операторлар екені белгілі. Мұндай тәсілмен бірнеше жүз код жолдарынан тұратын өте күрделі емес программаларды жазуға болады. Одан әрі программа мәтінінің түсініктілігі төмендейді, себебі көптеген бірінің ішіне бірі салынған шартты операторлар, циклдер пайда болады да, программа логикасы шатасады. Сондықтан операторлардың ұзақ сызықтық тізбегін теру және тексеру мүмкін емес. Мөлшері бойынша орташа қосымшаларды жасау үшін құрылымдық программалау қолданылады. Құрылымдық программалаудың негізі идеясы - программа құрылымы шығарылып жатқан есептің құрылымын көрсетіп отыруы керек. Осы мақсатта ішкі программа ұғымы енгізілген. Ішкі программалар - программа мәтінінің басқа бөліктеріне тәуелсіз, қажетті әрекетті орындайтын операторлар жиынтығы. Программа әрбіреуі программаның бір әрекетін орындайтын бірнеше ұсақ ішкі программаларға бөлінеді. Осы ішкі программаларды біріктіре отырып, соңғы алгоритмді қарапайым операторлардан емес, белгілі мағынасы бар, аяқталған код жиынтықтарынан тұратын қорытынды алгоритм құрылады. Ішкі программалардың жеке атаулары болады. Ішкі программаларды қолдану мүмкіндігі программалау тілін процедуралы тілдер класына жатқызады.

Формальды тілдер түсінігі
Трансляторды құру тапсырмасы қиын және жауапты іс. Оның шешім қабылдау сапасына өзгертуді орындауға қажет ресурстар байланысты болады және бұнымен қатар кіріс тілінде жазылған мәтін мазмұнын дәлме-дәл жеткізу трансляторға қойылатын негізгі талап болып табылады. Ондай өзгертулерді іске қосу үшін тіл синтаксисі деп аталатын кіріс мәтіндерінің құрылу ережелерінің дәлме-дәл суреттелуі мен тіл семантикасы деп аталатын мәтін мазмұнын баяндайтын талдау ережелері қажет. Синтаксис пен семантиканы мазмұндау үшін түрлі құралдар қолданылады. Осылайша тіл синтаксисін формалдық грамматика, ал семантиканы атрибуттық грамматика көмегімен мазмұндауға болады.

Формальды тілді сипаттаудың қатаң тәсілдері және метатіл туралы түсінік
Объект-тілді сипаттау үшін метатіл қолданылуы қажет. Бірақ метатіл оъект-тілдің құрылымын бірмәнді анықтау үшін формальді тілдің бірқатар қасиеттеріне ие болуы керек, Бұдан, метатіл алдымен өзі сипатталуы қажет, бұл үшін ден сол сияқты тіл қажет -* әрине, мұндай процесстің ешқашан бітпейтіндігі туралы ой қалыптасуы мүмкін. Бірақ кез-келген метатілді сипаттау үшін табиғи тілді қолдануға болатыны дәлелденген. Осылайша формальді тілді құру үшін табиғи тілдің құралдарымен метатілді сипаттау қажет, содан кейін метатіл арқылы формальді тілді сипаттау қажет. Метатілдерді сипаттаудың екі нұсқасын қарастырайық.
Ең кең тараған метатілдердің бірі - Бекус-Наур нотациялары. Бекуса-Наура формасында сөйлем құру үшін әмбебап метасимволар қолданылады: { <, >, ::=, }. Алғашқы екі метасимволды «бұрыштық жақшалар» деп атайды - олар терминді емес сөздерді қоршауға қажет. «::=» символы «анықтама бойынша бар» деп оқылады; «»"символы - «немесе». Бекус-Наура формасында жазылған сөйлемдерде бұрыштық жақшаларда тұрған терминалды емес символ объект-тілдің құрылымы анықтайтын роль атқарады. Бекус-Наур формулаларында әмбебап метасимволдардан айрықша объект-тілдің алфавитінен терминалды символдар қолданыла алады. Формальді тілдің терминалды символдары ешнәрсемен шектелмейді.
Формальді тілдердің сипатталуы формулалар тізбегінен тұрады, олардың әрқайсысының сол жағында объект-тілдің қандай-да бір құрылымын бейнелейтін бір метасимвол болады. Мұндай формуланың оң жағы немесе орбъект-тілдің метасимволдар және терминалды символдар тізімінен (бұл жерде ешқандай бөлгіштер қойылмайды), немесе «» символымен бөлінген тізімдер жинағынан тұрады. Оң және сол бөліктері «::=» таңбасымен бір формулаға бірігеді.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz