Программалау тілдері



“ Программалау тілдері. ”
Тексерген: Турусбекова Ж. С.
Орындаған: Абдолла А. С.
Тобы: Т-313

Жоспары:
I. Кіріспе бөлім.
Паскаль - программалау тілі.
II. Негізгі бөлім.
а) Паскаль тілінің негізгі элементтері.
б) Тілдің алфавиті.
в) Программалау тілінің синтаксистік диаграммалары.
г) Тілдің қарапайым обьектілері. Программа құрылымының диаграммасы. Метатілдер.
III. Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.

Паскаль тілін 1968-1971 жылдары Швейцарияда профессор Никлаус Вирт оқып-үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез таралды.
Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тіліне аударылады), объектік программаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады.
Никлаус Вирт - Паскаль тілін жасаушы ғалым

Паскаль тілінің негізгі элементтері
Паскаль тіліндегі программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Программада әрбір жолдан кейін нүктелі үтір (; ) қойылады.
Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.
Кез-келген программа Program сөзінен басталып, оның тақырыбы жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі.
Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі - болып табылады.
Орындалатын іс-әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке-жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады.

Тілдің алфавиті
Тілдің алфавиті программаның элементтерін құруда қолдануға болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер (символдар) жатады.
Тіл ерекшіліктеріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеуге болады:
- атаулар (идентификатор) ;
- цифрлар;
- айыру белгілері;
- арнайы символдар.
Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әріпі мен цифрлары қолданылады.
Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция (амалдар) белгілері жатады.

Арифметикалық амал белгілері:
(+) - қосу; (-) -азайту;
(*) - көбейту; (/) - бөлу.
DIV - және (логикалық көбейту) операциясы;
MOD - қалдықты табу.
Мысалы: 10 MOD 3 амалының нәтижесі 1;
Логикалық амал белгілері:
AND - және (логикалық көбейту) операциясы;
OR - немесе (логикалық қосу) операциясы;
NOT - емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;
XOR - арифметикалық немесе амалы;
SHL - биттер (1 мен 0-дер) тіркесін солға ығыстыру;
SHR - биттер (1 мен 0-дер) тіркесін оңға ығыстыру;

Айыру белгілеріне бос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілері, ENTER (келесі жолға көшу) пернесін басу белгісі және түсініктемелер жатады.
Сонымен айыру белгілері: (бос орын) ; , (үтір) ; . (нүкте) ; : (қос нүкте) ; ; (нүктелі үтір) ; ` (апостроф) ; (; ) ; [; ] ; {; }.
Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері: = (тең), <>(тең емес), < (кіші), >(үлкен), <= (кіші не тең), >= (үлкен не тең) .
Программалау тілдерінде «өрнек», «операторлар», «тіл синтаксисі» мен «семантикасы» ұғымдары кең пайдаланады.
Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалар атаулар, функциялар, жиымдар т. б. мағынасы бар сөздер тізбегі -өрнек деп аталады.
Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлем - оператор деп аталады.
Тілі объектілерін, яғни программадағы пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны - программаның сипаттамасы болып табылады.
Синтаксистік диаграммаларда екі геометриялық фигура тіктөртбұрыш және (кейде дөңгелек) кең пайдаланады. Тіктөртбұрыш ішінде тілдің анықталатын элементтер ал элипс ішінде терминалдық символдар, яғни анықтауды қажет етпейтін таңбала жазылады.

Тілдің қарапайым объектілері
Тілдің қарапайым объектілеріне «сан», «идентификатор», «тұрақты», «айнымалы», «функция» және «өрнек» ұғымдары кіреді. Программадағы негізгі амалдардың орындалуын керекті мәліметтердің сандық, логикалық немесе символдық (литерлік) мәндері болады.
1. Сандар. Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты болып бөлінеді. Дербес компьютерде бүтін сандар ағылшынша integer, нақты сандар real деп жазылады.
Мысалы: Бүтін сандар: +4, -100, 15743, 0 т. б. Нақты сандар: 2. 65, 0. 5, -0. 856, -6. 0.
2. Атау - идентификатор (identification - объектің белгілі бір символдар тіркесін сәйкестігін бекіту) программаны және прграммадағы тұрақтыларды, типтерді айнымалаларды, функцияларды, файлдарды т. б. белгілеп жазу үшін қажет.
Идентификатор - міндетті түрде әріптен басталанатын сандар мен әріптердің тізбегіне тұратын атау. Мысалы: Х, Х1, СҮММА, Р23РН6, МТ54АР т. б.

3. Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында бірден сандық мен берсек де немесе оны программаның сипаттау бөлімінде идентификатор түрінде белгілеп алып мән берсек те болады. Олар сандық, символдық, логикалық және тіркстік (integer, real, boolean, cha string) мәндерді қабылдай алады. Логикалық түрдегі тұрақтылар - true (ақиқат) немесе fallig (жалған) мәндерінің біріне ие бола алады.
Мысалы: x = 25; y = -0. 5; z = 4E15; g = 9. 8; pi = 3. 14 т. б.
4. Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар идентификаторлармен белгіленіп, әр уақытта ір түрлі мәнге ие бола алады. Айнымалылар атауы сипаттау бөлімнде var түйінді сөзінен кейін орналасады да, атауынан кейін қос нүкте қойылып, айнымалының типі көрсетіледі.

Программа құрылымның диаграммасы
Паскаль тілінде кез келген программаның тақырыбы, одан кейін ипаттау бөлімі және begin және end сөздерімен қоршалған операторлар бөлімі болуы керек. Сипаттау бөлімі толық жағдайда, 7 бөліктен тұрады, олар:
программамен байланысатын кітапханалық модульдер атауларының тізімі (ол түйінді сөзімен басталады) ;
белгілерді (label) сипаттау:
тұрақтыларды (const) сипаттау;
мәліметтер типтерін (type) анықтау;
айнымалыларды (var) сипаттау;
процедураларды (procedure) сипаттау;
функцияларды (function) сипаттау;

Белгілерді сипаттау. Белгі программаның бір жолын, яғни бір операторын ерекшелеп белгілеу үшін қолданылады. Бұл белгі арқылы қажетті жағдайда программаның кез келген жолынан осы белгісі бар операторға көшіп, оны қайталап кезексіз орындауға болады.
Тұрақтыларды сипаттау. Программадағы тұрақтылар өз мінін (мысалы, 5, 14, 13. 5 т. б. ) немесе оған қойылған атау арқылы белгілеуі мүмкін.
Пішімі: const атау 1=мәні; атау 2 =мәні; …., атау n =мәні;
Айнымалыларды сипаттау. Программада пайдаланатын айнымлы шамалардың атаулар тізімі және олардың топтастырылып көрсетілген типтері төмендегі пішімде сипаттау бөлігінде көрсетілуі қажет.
Пішімі: var айнымалы атауларының
тізімі: тип:

Операторлар бөлімі
Программаға енетін айнымалылар мен тұрақтыларды, сандарды пайдаланып түрлі әрекеттер (нұсқау, жарлық) орындай алатын сөйлемдерді Паскаль тілінде операторлар, ал алгоритмдік тілде командалар деп атайды. Операторлар қарапайым және күрделі (құрама командалар) деп екі топқа бөлінеді. Вegin және end түйінді сөздеріоператорлық жақшалар деп аталады. Оператор дегеніміз - алгоритмді жүзеге асыру барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі. Олар жазылу ретіне біртіндеп бірінен кейін бірі тізбектей орындалады.
Паскаль тіліндегі операторлар қарапайым және құрама (күрдлі құрылымды) болып екіге бөлінеді.
Қарапайым операторлар деп құрамына басқа операторлар енбейтін (меншікте шартсыз көшу, процедура шақыру) операторларды айтады.
Құрама операторлар біренше операторлардан құралады, оларға: Шартты операторларды таңдау операторы, қайталау операторлары жатады.

Метатілдер
Ғылыми білімдерді білдірудің формалы ретіндегі математикалық тіл, өте ерте замандарда - ақ практикалық міндеттерді шешу кезінде пайдаланылады.
Ғылымдардың метатілі - тіл ретіндегі математиканың дамуындағы үлкен роль атқарған бірқатар теориямен ішкі құрылымын зерттеген, математикалық логика болды.
Информатиканың әсіресе оның формальды алгоритмдік тілдер теориясы және, мәліметтер базасы мен білімдерді және тағы басқаларды аудару сенімді бөлімдерінің дамуы ғылым пәндерінің дамуына, теңдеуіне формальдануына және құрылымдануына алып келеді.
Өз кезегінде тілдік құрылымдарды модельдеудің бірқатар сөйлесу тілдерін формальдаудың құрылымдаудың алуан түрлі мәтіндер мен сөздіктерді талдау мен құрудың - соның ішінде оларды автоматты түрде құрудың мүмкіндігі туды.
X = {x1, x2, …, xn}, әліпбиінің көмегімен (әліпбидің үстінен) анықталған тіл - бұл, сөздер мен сөз тіркестерінен құрылымдардың құрылу ережесі - синтаксистің және лексикамен тұратын тілдің синтаксистік конструкцияларының дұрыстығын мағыналық біркелкілігі мен сәйкестілігін тексеру ережесі - семактиканы қоса алғандағы сөздерді Х - те білдірудің кейбір ауызша дыбыстық жазбаша немесе өзге де формалары. Ауызша тілдер үшін, сөйлемнің құрамдас бөліктерін айту ережесі - фонетика яғни фонем де қажет.

Қатынас ақпараты ретіндегі тілдің осы әліпбидің үстіндегі сөздерді анықтаушы конструкциялар сөздерден сөйлемдердің құрылуының грамматикалық ережесі мен осы сөйлемдерді олар сипаттайтын құбылыстар мен процесстерге немесе синтаксистік және семантикалық ережелерге сәйкестендірулері болуы тиіс.
Мысалы: Дәлірек айтқанда семантика түрдің байланыстарын зерттейді:
“белгі, белгінің құрылымы мән объект”;
синтаксис - түрдің байланыстары:
“белгі, белгілердің құрылымы объект”.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz