Қазақстандағы жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың құқықтық негіздері мен қорықшылық қызметінің функциялары


Slide 1

Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау:

1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтарды болдырмауға және олардың жолын кесуге;

2) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұзу фактiлерi бойынша ақпаратты, талап қою мен өзге де материалдарды уәкiлеттi және құқық қорғау органдарына, сотқа жiберуге мiндеттi.

Slide 2

Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен арнаулы құралдар мен қызметтiк қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға рұқсат берiледi.

5. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен айырым белгілері бар нысанды киiммен (погонсыз) және қызметтiк қарумен қамтамасыз етiледi.

6. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау қызметi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау туралыережемен айқындалады.

Slide 3

Қорықшылық қызметтiң негiзгi функциясы (Қорықшылық қызметі туралы ереженің 11-т. ) :

1) жануарлар дүниесінің объектілерін және олардың мекен ету ортасын қорғау;

2) белгіленген жануарлар дүниесін пайдалану ережесінің бұзылуын тоқтату;

3) жануарлардың мекендейтiн ортасын, көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдарын және шоғырланған жерлерiн қорғауды ұйымдастыру;

4) жануарларды жасанды жағдайда өсіру;

5) жануарлар дүниесі санын есептеу және жай-күйінің өндірістік мониторингін жүргізу;

6) жануарлар дүниесінің өсімін молайту;

Slide 4

7) қорықшының күнделiгiнде, аумақтық бөлімшеге және санитарлық-эпидемиологиялық, ветеринариялық қадағалау (аңшылық шаруашылығы субъектілері үшін) органдарына баяндау жазбаларында, рапорттарында көрсете отырып, фенологиялық байқау жүргiзу;

8) ақпараттық аншлагтардың, жем беру алаңқайларының және өртке қарсы қауiпсiздiк ережелерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;

9) ауру, дүлей апаттар және басқа да себептер салдарынан жойылу қаупі төнген жағдайда жануарларға көмек көрсету;

10) жануарлар дүниесінің объектілерін қорғау және тұрақты пайдалану идеясын насихаттау.

Slide 5

Қорықшының:

1) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес кейiннен оларды жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларға, уәкiлеттi органға не сотқа мiндеттi түрде беру үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыруға;

2) қызметтік қаруды алып жүруге және айырым белгілері бар арнаулы киім киюге; 3) жеке және заңды тұлғалардың аң аулауға және балық аулауға құқық беретін құжаттарын тексеруге;

4) аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін атыс қаруын кейіннен ішкі істер органдарына міндетті түрде беру үшін алып қоюға;

5) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған аулау құралдарын, заңсыз аулап алынған аң аулау және балық аулау өнімдерін, тыйым салынған аулауға арналған қару түрлерін кейіннен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға беру үшін алып қоюға құқығы бар.

Slide 6

Сүт қоректілер

Жанат тәрізді ит

Қабан

Қарсақ

Құдыр

Түлкі

Өзен құндызы

Қоңыр аю (Тянь-Шань аюынан басқасы)

Сібір елігі

Жанат

Марал

Бұлғын

Аскания бұғысы

Құну

Бұлан

Сарғыш күзен

Киік

Ақ қалақ

Сібір тау ешкісі

Ақкіс

Кәдімгі тиін

Сары күзен

Зорман

Сасық күзен

Байбақ немесе дала суыры

Американ су күзені

Сұр суыр немесе алтай-тянь-шань суыры

Борсық

Ұзын құйрықты немесе қызыл суыр

Кәмшат (ортаазиялықтан басқасы)

Ондатра немесе су тышқан

Cілеусін (түркістандықтан басқасы)

Құм қоян

Ор қоян

Ақ қоян

Slide 7

Құстар

Қызыл жемсаулы гагара

Тундра аққұры

Қара жемсаулы гагара

Құр

Сұр қаз

Саңырау құр

Ақмаңдайлы қаз

Сұр құр

Қырманқаз

Гималай ұлары

Отүйрек

Кекілік

Сарыалақаз

Дала шілі

Барылдауық

Шіл

Ысылдақ шүрегей

Сақалды шіл

Қырылдақ шүрегей

Бөдене

Боз үйрек

Қырғауыл

Сары айдар үйрек

Қасқалдақ

Қылқұйрық

Дыркептер

Даурықпа шүрегей

Түзкептер

Жалпақ тұмсық

Көк кептер

Қарашақаз

Құз кептер

Қызғыш

Кәдімгі түркептер

Көк сүңгуір

Үлкен түркептер

Қызылбас сүңгуір

Күжіркей

Slide 8

Орындаан: Сакибаев. С. М

Тексерген: Жылқыбаева. С. Д


Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану құқықтық режимі
Қазақстандағы банк қызметінің құқықтық негіздері, жіктелуі және мемлекеттік реттеу
Қазақстандағы жануарлар дүниесін қорғау: адам әсері, Қызыл кітап және құқықтық негіздер
Қазақстандағы банк қызметінің құқықтық негіздері мен реттеу
Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру және мемлекеттік қадағалау ережелері
Қазақстандағы банк қызметінің құқықтық және ұйымдық негіздері
Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаны қорғаудың негізгі заңнамалық актілері мен мемлекеттік-құқықтық негіздері
Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың мемлекеттік-құқықтық қағидаттары мен институттық механизмдері
Қазақстанда меншік құқығын қорғаудың азаматтық-құқықтық негіздері
Дүниетану (3-сынып): Жануарлар дүниесін қорғау және Қазақстанның қорықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz