Уәйіс Шондыбайұлының шығармашылығының зерттелуі



СӨЖ №11. Уәйіс Шондыбайұлының шығармашылығының зерттелуі

Уәйіс Шондыбайұлы
Уәйіс Шондыбайұлы (1873-1923) - ақын, композитор. Абайдың шәкірті. Оның «Перуайым», «Шұбартау», «Шыңғыстау» тағы басқа әндері халық арасына кең тараған. 1894 жылы Кекбай, Ақылбай, Мағауия сияқты дарынды ақындар тобына қосылып, Абайдың ақындық мектебінен өтеді. Оның ел аузында, көшірме қолжазбаларда және архив қорында сақталып жеткен орыс ақыны П. П. Ершовтың (1815-69) әйгілі «Конек - Горбунок» ертегі-дастанының желісімен жазған «Иванушка - дурачок» поэмасы, «Жошы - Алаша хан» (Ақсақ құлан аңызының бір нұсқасы), «Қырық уәзір» әңгімесінен алынып жазылған «Бір қыздың оқиғасы» атты дастандары мен «Кеңшілік кедейлерге заман бар ма» (1916), «Дүние байқағанға бір кең сарай» (1921) атты өлеңдерінде халықты азаттық күреске үндеп, ел қамқоры болған Абайды жастарға үлгі- өнеге етіп ұсынады.

Уәйіс:
- Шырқасам, жан шыдамас айғайыма,
Ән мен күй ұялаған таңдайыма.
Найза да бойламаған көмейіме,
Бақ, дәулет, өнер біткен маңдайыма

«Абай шәкірттерінің қатарында Уәйіс ақын да бар. Оның шығармаларын жинап, зерттеу керек»
М. Әуезов

1983 жылы белгілі абайтанушы-ғалым Қайым Мұхамедхановтың қолына Уәйістің жиендері - Нәсіпбек Сәменбетов пен Майдан Құрмаш жинақтаған қолжазба өлеңдері хат арқылы тиеді. Міне, сол мұра Қайым ағаның 1994 жылы жарық көрген «Абайдың ақын шәкірттері» атты екінші кітабынан орын алды.

Талдықорған қаласында басылған «Өмір өрнектері» атты кітаптың «Уәйіс әнші» деген бөлімінде бұрын көп жария болмаған ғылыми деректер беріліпті. Онда былай сипатталады: «Уәйіс Шондыбайұлы 1873 жылы Ташкент қаласында дүниеге келді. Аталған қаладағы 113 адамның ішінде Түгел Қозыбақұлының баласы Ибрагим, Ибрагимнің туған баласы Шондыбай мен келіні Сыпайы да болған. Аяғы ауыр Сыпайы сол жерде босанады. Содан Шондыбай Шұбартауға Уәйіс бір жастан асқанда бір-ақ келеді.
Уәйістің арғы атасы Көлібайдың мекені - Сартерек- Жылтыр деген жер. Ибрагим немересіне ұлан-асыр той жасайды. 1881 жылы Уәйіс Семейдегі бір жылдық медреседе Әбіш Петрұлының үйінде жатып оқиды. Ол пысық, көзі ашық адам екен. Уәйісті ертіп жүріп, нелер жақсы жерлер мен адамдарды көрсетеді. Ол осында жүріп Абайды, Ақылбай мен Төлеуді, Әзімбай мен Шәкерімді, Көкбай мен Мағауияны көреді. Әбіштің ұлы Темек арқылы орыстың Державин, Ломоносов, Пушкин, Некрасов, Лермонтов сияқты қаламгерлерінің аттарына қанығады. Әбіштің Семейдегі үйінде жүрген кезінде Уәйіс Өскеменнен, Павлодар мен Омбыдан, Қызылжар мен Қараөткелден келген зиялылардың ұлағатын естіп өседі. Оның ақындығы мен әншілігі де осында елге тарай бастайды. Ал 1888-1889 жылдары болыс Бегеш Сабанұлына хатшы бола жүріп, Омбы, Қарқаралы, Семей, Өскеменді аралап, Игісін, Бақтыбай, Біржан сал, Жаяу Мұса, Ақан серінің алдын көреді. Содан 17 жасында Жетісуға келіп, Құлмамбет, Жамбыл, Албан, Асанмен жүздеседі.

Уәйіс Шондыбайұлының «Жошы-Алаша хан» поэмасы - Абай ықпалымен жазылған тарихи шығармалардың бірі. Ертеден келе жатқан қазақ аңызын негізге алған Уәйіс Абай еңбегіндегі Алаша хан туралы аңызды поэмасына арқау ете отырып, өзіндік өрнекпен көркем туынды қашай білген.
Уәйіс Шондыбайұлының «Тәуке мен Жікібай» сияқты айтыс негізінде жазылған көлемді поэмалардың да дүниеге келуі - ақындардың айтыс табиғатын терең игерудегі соны жетістігін айқындайды. Уәйістің «Жошы - Алаша ханы» ұстаз тапсырмасымен жазылып қана қоймай, Абайдың тарихи шығармаларымен байланысып, сабақтасып жатыр. Абай көлемді тақырыптарды игертуде шығыстан келген нәзирагөйлік дәстүрдің соны үлгісін ұсынды. Басқаны қайталамайтын жаңаша идеялармен жазылған Абай поэмалары шәкірттер ізденісін тың жолға бастады.

Уәйіс - жай ақын ғана емес, әнші, сазгер, айтыскер, дастаншы ақын, сондай-ақ, заман ағымын терең түсінген саясаткер. Ол 1923 жылы Шыңғыс болысы Әбуғали Алдажаровтың үйінде суырып салма ақын Иса Байзақовпен сөз қағыстырыпты. Ал 1925 жылдың жазында атақты әнші Әміре Қашаубаевтың құрметіне Семейдің атақты байы Қаражан Үкібаевтың үйінде болған сауық кеште Көкбай мен Уәйіс тап болса керек. Сол кеште Көкбай үлкендігін жасап: «Әміренің құрметіне ән сал» деп Уәйіске қолқа салады. Уәйіс ауырып тұрғанына қарамай, бірнеше ән шырқапты. Есіл өнерпаз осы кездесулерден соң көп ұзамай қайтыс болып, 1925 жылдың 29 қыркүйегі күні қазіргі Абай ауданына қарасты Ши дейтін қорықтың бойына қойылыпты.

Назарларыңызға рахмет!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz