ХХХ ғасыр әдебиетінің зерттелуі



Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет Қазақ тілі мен әдебиет кафедрасы Ежелгі дәуір әдебиеті.

Тақырыбы:. Х-ХХ ғасыр әдебиетінің зерттелуі

Жоспар:
Ислам дәуірі әдебиеті өкілдерін зерттеген ғалымдар.
Алтын Орда әдебиеті өкілдерін зерттеген ағартушылар.
Тарихи шежіре және көркемдік дәстүр жайлы жазған ойшылдарды зерттеген ғалымдар.

1. Қазақстанда әл-Фараби мұраларын зерттеп, саралау ХХ ғасырдың ІІ жартысынан бері қарай жолға қойылды деп шамалауға болады.
Фараби мұрасын зерттеуші А. Машани сол кездегі Алматыда имам қазы болып жұмыс істейтін, араб тілін жетік білетін, білгір, әрі ақын Садуақас Ғылманұлын кездестіріп әл-Фараби мұраларын аудару жайын келіседі. Мешіт жағалап, молдаларға барып жүр, ескішіл деп айыптаған қаншама“домалақ арыздарға” мойымаған ғалым, ізденуін тоқтатпайды. Сондай-ақ, әл-Фараби кім және кімдікі деген даулы мәселе туындаған кезде де табандылық танытып, ұлы ұстазды қазақтікі қылып шағарады. Зерттеу барысында әл-Фарабиге байланысты көптеген ғылыми еңбектері жарық көреді, әсіресе, оны Абаймен сабақтастықта қарастырған “Әл-Фараби және Абай” атты кітабының маңызы зор деп білеміз. Түрік ғалымы Ахмад Аташтың “Әл-Фараби еңбектерінің тізімі” (Стамбул, 1950 ж. ) атты библиографиясында әл-Фарабидің 160 кітабы атап көрсетілген. С. Н. Григорян мен А. В. Сағадеев әл-Фараби философиясының тарихи қайнарын, оның философиясының маңызы мен мәнін, трактаттарының эстетикалық қырларын саралап, ғұламаның кейбір еңбектерін аударып, ғылыми жұртшылыққа таныстырады

М. Хайруллаевтің “Мировоззрение Фараби” атты монографиясы әл-Фараби философиясы турасында жазылған алғашқы ауқымды зерттеу еңбек деп атап көрсетіледі. Ә. Марғұлан, әл-Фарабидің математикалық, астрономиялық, педогогикалық мұраларын зерттеп. “Әл-Фараби эстетикасы” және “Қазақ даласының жұлдыздары” (І тарау) атты Әбу Насырға байланысты көлемді еңбек жазған белгілі арабтанушы-ғалым Ә. Дербісалі. Сондай-ақ. Ә. Әлімжанов, М. С. Бурабаев, А. Х. Қасымжанов, Н. Келімбетов, М. Мырзахметов және басқа дағалымдар әл-Фараби мұраларын зерттеуді өз ғылыми жұмыстарына арқау етсе, Қ. Жарықбаев Әл-Фараби еңбектерінің библиографиясын жасады. Қазіргі таңда Фараби мұраларын араб тілінен орыс-қазақ тілдеріне аударуда арабтанушы ғалым К. Х. Тәжікова үлкен жұмыс атқаруда. Ғалым С. Төлеубаева әл-Фараби мұраларын әдеби, лингвистикалық қырынан зерделеп, бірнеше ғылыми мақалаларын жариялады.

М. Қашқаридің "Диуан луғат әт-турк" еңбегі аз зерттелген жоқ. Түрік ғалымы К. Рифат 1915-1917 жылдары Диуанды алғаш рет баспаға әзірлеп, жариялағаннан бастап, қазіргі күнге дейін әлемде Махмуд Қашқари мен оның Диуаны туралы мыңнан астам еңбектер мен мақалалар жарияланған екен.
М. Қашқариді зерттеген атақты ғалымдар қатарында К. Брокельманн, Г. Бергштрессер, В. В. Бартольд, С. Е. Малов, А. Н. Кононов, С. Мутталибов, А. Алиев, Е. Фозилов, Имин Турсун, Қурбан Вали, Осман Мирсултан, Қ. А. Байрамов, Ж. И. Жафаровтарды атауға болады. Сондай-ақ басқа да көптеген зерттеушілер мен ізденушілер бар. Махмуд Қашқариді және "Диуан луғат әт-турк" сөздігін зерттеумен айналысып жүрген әзербайжан жас ғалымы Ж. Казимов Махмуд Қашқаридің сөздігі туралы әлемнің көптеген тілдерінде жарық көрген мыңнан астам еңбектерді атайды. М. Қашқариді ең алғаш зерттеген қазақ ғалымы Халел Досмұхамедұлы (1883-1939) еді.

Ол 1923 жылы «Шолпан» журналының 7-санында «Диуан лұғат ит-түрік» атты мақала жариялады. Х. Досмұхамедұлының бұл мақаласы кейіннен оның еңбектерімен қайта жарияланды. М. Қашқариді зерттеген қазақстандық бүгінгі ғалымдарды атасақ. Олар: Ә. Құрышжанов, Ә. Дербісалиев, В. У. Махпиров, Х. Сүйіншіәлиев, А. Егеубай, Қ. Бекетаев, Ә. Ибатов, Б. Атабай және т. б. С. Е. Малов үзіділерін тұңғыш рет орыс тіліне аударса, Н. Гребнев 1971 жылы еркін аудармасын жасап, ол «Бақытты болу ғылымы» деген атпен жеке кітап болып жаияланды. Үш қолжазбаның мәтіндерін сын елегінен өткізіп, елеулі еңбек еткен ғалым - В. В. Арат. Дастанның толық мәтінін 1983 жылы С. Н. Иванов аударып «Благодатное знание» деген атпен шығады Бұл дастанды қазақ тіліне аударған және зерттеу жүргізген ғалымдар А. Егеубаев, Б. Сағындықов, Ә. Құрышжановтар болды. 1986 жылы А. Егеубаев аударып, жеке кітап етіп шығарды. Бұл еңбек 2007 жылы қайта басылып шықты.

Ғаымдар А. Егеубаевтың бұл аудармасын түпнұсқаға мейлінше жақын деп есептеп жүр. Ә. Құрышжановтың аударуымен қазақ тілінде 2005 жылы да жарық көрді. Әдеби тұрғыдан зерттеуге қазақ ғалымдарынан А. Егеубаев «Кісілік кітабы», «Құлабыз», М. Мырзахметов «Абай және Шығыс», атты еңбектерінде жазып, өз үлестерін қосты.
Зерттеу еңбектерде С. Бақырғанидың 1186 жылы 82 жасында қайтыс болғандығы жазылған. Бұл дерекке сүйенсек, С. Бақырғани 1104 жылы дүниеге келген болып шығады. Ғалым Ш. Қ. Сәтбаева «Шоқан Уәлиханов - филолог» деген кітабында: «Ш. Ш. Уәлиханов қыпшақтардан шыққан хорезмдік Хакиматаның 523 (1129) жылы дүниеден өткендігін күнделіктерінің бірінде жазып қалдырған», - деген мағлұматты келтіреді «Хакім Ата кітабынан» Сүлейменнің Түркістан төңірегінде дүниеге келгендігіне көз жеткіземіз.

Белгілі ғалым Х. Сүйіншәлиев те Сүлейменнің қазақтың қалың қоңырат елінен шыққандығын, Қаратау мен Сыр өлкесінде туып-өскендігін жазады Түрік зерттеушісі Мехмет Фуат Көпрүлү 1918 жылы «Түрік әдебиетіндегі алғашқы сопы-ақындар» деген зерттеуін жариялады Ғалым Х. Сүйіншәлиев «Ғасырлар поэзиясы» (1987) атты ғылыми жинағына «Хакім Ата мұралары хақында» деген зерттеуін енгізді. Х. Сүйіншәлиев Сүлеймен Бақырғанидың «Хакім Ата кітабы» мен «Бақырғани» жинағының басылуын және хикметтерінің мазмұнын, көркемдік ерекшеліктерін сөз етті .

2. Әдебиеттанушы ғалым проф. Б. Кенжебаевтың жетекшілігімен Алтын Орда дәуірінің мұралары - «Қисас-и Рабғузи», «Махаббатнама» шығармаларын зерттеп кандидаттық диссертация, кейінірек осы дәуірде нәзиралық дәстүрмен жазылған туындылар негізінде «Қазақ әдебиетіндегі қисса-дастандардың түп-төркіні мен қалыптасуы» деген тақырыпта 1997 жылы докторлық диссертациясын қорғаған А. Қыраубаева Алтын Орда әдебиетін ерекшеліктеріне орай алғаш рет екіге бөліп қарастырады. Біріншісі - аударма-нәзиралық шығармалар. Бұған ғалым Құтбтың «Хұсрау уа Шырынын», Сәйф Сараидың «Гүлстанын», Әлидің «Қисса Жүсібін», Рабғұзидің «Қиссас-и Рабғузи» кітабын, Махмұд бин Алидің «Неһедж ул Фарадисін» («Жұмаққа апарар жол»), Хұсам Катибтың «Жұмжұмасын» жатқызады. Екіншісі - тыңтума әдебиет үлгісі - Хорезмидің «Махаббатнама» дастаны.

“Махаббатнаманың” алғаш нұсқаларын тапқан академик В. В. Бартольд. Ол 1914 жылы ғылыми сапармен Англияға барғанында Британия мұражайында сақталған араб әрпiндегi “Ма-хаббатнаманы” (шамамен 1508-1509 жылдары жазылған) кездестiрсе, 1922-1923 жылдары екiншi сапарында сол музейден ұйғыр әрпiмен жазылған тағы бiр нұсқаны тапқан. Орта ғасырларда дүниеге келген өзге әдеби жәдігерлерге қарағанда Харазми мұрасын зерттеуде айтарлықтай ғылыми жұмыстар атқарылған. В. В. Бартольд, А. Н. Самойлович, Дж. Клосон секiлдi ғалымдармен басталған харазмитанушылар қатары бертiн келе арта түсті.

“Махаббатнаманы” зерттеуде әрi орыс тiлiне тәржiмалауда А. М. Щерба, Ә. Нәжiп, А. Старостин сынды ғалымдар көп еңбек сiңiрдi. Т. Жалолов “Махаббатнаманы” өзбек тiлiне аударды. Ғ. Айдаров, Ә. Құрышжанов, М. Томанов, I. Кеңесбаев, Ә. Керiмов секiлдi тілші-ғалымдар Харазми шығармасын тiлдiк тұрғыдан зерттей бiлдi. Әсіресе, А. Қыраубаева, Ә. Дербiсәлин, М. Жармұхамедов, Ө. Күмiсбаев сияқты ғалымдардың осы саладағы ізденістерін ақын мұрасын ұлттық дүниетаным тұрғысынан насихаттаудағы ерен еңбек деуге болады.

3. «Жамиғат-ат Тауарих» кітабының жазу мәнерін зерттеп, көрнекті ғалым Р. Сыздықова арнайы кітап жазған ("Язык", "Жамиат-тауарих", "Жалаири", Алматы, 1989 жыл) . Қадыр Әлі деректеріне Шоқан Уәлихановтан бермен қарай талай тарихшылар, зерттеушілер сүйеніп келеді. Байұзақ Албани: "Тарихнамада оның есімі Әбілғазы, Бабыр, Бенаи сияқты ғүлама тарихшылармен қатар аталады. Орыс ғалымдары Н. И. Ильминский, И. Н. Березин, В. В. Вельяминов-Зернов оның еңбегін жоғары бағалады", - дейді "Тарихи таным" атты кітабында. Оразмұхаммед пен Қадыр Әлі бастаған қазақтардың Ресейде болу оқиғасын көрнекті жазушы, көне тарихымыздың білгірі Мүхтар Мағауин "Аласапыран" атты романында кең және көркем баяндаған. Бұл романы үшін оған Мемлекеттік сыйлық берілгені белгілі.

Мұхаммед Бабырдың аталмыш еңбегі жайлы ғалым М. Щербак: «Рисала-и аруздың» аса құндылығы соншалық, ол түркі-парсы поэзиясының өзіне тән антологиясы іспеттес» десе, әдебиеттанушы И. В. Стеблева: «Аруз жайлы трактат» түркі тіліндегі аруз теориясы жайлы өте толыққанды туынды болып табылады. Ондағы канондық аруз ережелерінің мазмұндылығымен қатар, жалпы түркі тілді поэзияның біршама ерекшеліктерінің орнымен жүйеленгенін көреміз» деп пайымдайды. И. В. Стеблева Стамбұлдағы құрамы толық қолжазбада Бабыр өмірінің барлық кезеңінде жазған өлеңдері бар екенін және Рампур жинағындағы ғазал тарауы Бабырдың осы айтып отырған ғазалымен аяқталатынын айтады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz