Сауат ашу сабағына қойылатын талаптар


Slide 1

Сауат ашу сабағына қойылатын талаптар

Орындаған: Жексембаева Ә. Б

Тобы: П - 305

Slide 2

Сауат ашу әдістемесі тілдің жазба түрі мен ауызша түрінің арасындағы айырмашылықтар мен күрделі байланыстарды бірдей ескерген жағдайда ғана нәтижелі болмақ. Тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі мәселелерді оқып меңгеру - ең алды­мен тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғаты мен фонетикалық заңдарып жете білуді қажет етеді.

Slide 3

«Сауат ашу» пәні - бастауыш білім беру үдерісінде оқушыларға ана тілінің байлығын меңгертудің алғашқы сатысы. Сауат ашу, қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі.

«Сауат ашу» пәнінің басты мақсаты - оқу және жазу дағдылары қалыптасқан, алғашқы тілдік мағлұматтарды, сөйлеу әрекетінің түрлерін меңгерген, байланыстырып сөйлей алатын; ана тілін сүйетін, адамгершілік, Отансүйгішік сезімдері қалыптасқан, шығармашылыққа бейім жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.

Slide 4

Сауат ашу кезеңінде балалар дыбыстарды айтуға дағдылануымен бірге олардың қалай таңбалатынымен де танысады. Дыбыстардың таңбасын білу, әріптерді үйрену - сауатты болудың алғашқы баспалдағы. Әріптерді білу арқылы жазуды меңгереді.

Мектепте осы сауат ашу ең бір шешуші кезең болып есептеледі. Өйткені қазақ тілін үйрену жоғарыда көрсеткеніміздей, басқа пәндерді де үйрену барысындағы жетістіктер мен кемшіліктердің негізі болып табылады.

Сауат ашу кезінде балалар сөздің дыбыс, буын құрамын меңгереді, сөйлеммен танысады. Буындардан қалайша сөз құрауға болатыннын біледі, жаңа сөздер үйреніп, сөздік қорларын байытады, практикалық түрде қазақ тілінің нормасына сай сөйлем құрастырып, өз ойларын айтып беруге дағдылана бастайды.

Slide 5

Сауат ашу кезінде бала бар зейінін жеке әріптерді, буындарды қосып оқуға жұмсайды да, сөздердің арасындағы байланыстарға зер салмайды. Осыған орай, олардың түсініп оқудан гөрі механикалық оқуы басым болады. Сондай-ақ олар іштей оқудан гөрі дауыстап оқуға дайын тұрады. Оларға таңбалануы мен айтылуы бірдей сөздерді оқу қиындық келтірмейді, ал айтылуы мен жазылуында өзгеріс болатын сөздерді оқу да, жазу да біраз қиындық қелтіреді. Ондай қиындықтан практикалық жолмен ғана шығуға болады, яғни «ақ аю», «сары ала» сияқты жазылатын сөздердің оқылуының үлгісін мұғалім үнемі ескертіп, дұрысын оқытып отырса, балалар жаттығудың арқасында біраздан кейін дағдыланады.

Slide 6

Оқу-жазу процестерін талдаудан шығатын негізгі қорытынды:

Оқушы оқуға, жазуға үйрену барысын­да меңгеруге тиісті ең басты процестер: сөзді буынға, буынды дыбысқа ажырату және керісінше, дыбыстардан буын, буыннан сөз құрастыру. Егер мұғалім талдау-жинақтауға жеткіліксіз көңіл бөлетін болса, бала әр әріп­ті, дыбысты жеке жаттайды да, олардың әрқайсысының мәніне көңіл бөлмейді, сондықтан оларды дұрыс байланыстырып оқи да алмайды, жаза да алмайды. Әрбір айтылғанды немесе жазылғанды бір-бірімен салыстырып, талдап-жинақтатып, қайталаттырып үйретсе ғана баланың ойлау процесін дамытуға септігі тиеді.

Сауат аша бастаған бала оқу-жазуға үйрену барысында көптеген қиындықтарға кездеседі (бір әріпті немесе бір сөзді жазу үшін жүйке жүйесінен бірнеше толқын (им­пульс) жасалады) . Осы кездегі кедергілер мен қиындықтардан баланың нәзік табиғатына нұқсан келтірмей, күш-жігерін мұқалтпай алып шығу мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Бұл жұмысты талапқа сай ұйымдастырып жүргізу үшін, мектепке дейінгі баланың ақыл-ойының, тілінің дамуы, жеке ерекшеліктерінің қалыптасуы жөнінде мұғалім толық сауатты болуы керек, сонда ғана әдістемелік жағынан қажетті жұмыстарды шеберлікпен ұштастырып, іске асыра алады.

Slide 7

Сауат ашу пәнінің кезеңдері

Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттері: оқушыларды оқуға және жазуға даярлау; сөздік қорын молайту; байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Әліппе кезеңінің міңдеттері: оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру; байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.

Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеттері: оқушылардың оқу және жазу дағдыларын жетілдіру; байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту.

Slide 8

Әліппеге дейінгі кезең

Тіл дамытуда: сөйлемнің дыбысталу мәдениеті, сөзбен жұмыс, сөйлеммен жұмыс, байланыстырып сөйлеуге үйрету; оқуға даярлауда: дыбысталу тілін талдау, сөйлеуден сөйлемді, сөйлемнен сөзді ажырату, дыбыс туралы түсінік, сөзге дыбыстық талдау жасау; жазуға даярлауда: жазу гигиенасы, дұрыс отыру, дәптерді, қаламды дүрыс пайдалану ережелері, дәптермен таныстыру, әртүрлі сызықтар сыздыру, әріп элементтерін жазу.

Slide 9

Әліппе кезеңі

Оқуға үйретуде: сөзге дыбыстық-әріптік талдау жасау, дыбыстар мен әріптерді оқу және жазу, әртүрлі буынды сөздерді оқу, қысқа сөйлемдерді, шағын мәтіндерді оқу; жазуға үйретуде: әріп элементтерін жазу, бас әріптер мен кіші әріптерді жазу, әріптердің баспа және жазба түрлерін ажырату, сөздерді көшіріп жазу, үлгі бойынша жазу, есту арқылы жазу; ауызша тіл дамытуда: сөйлеудің дыбысталу мәдениеті, сөзбен жұмыс, сөйлеммен жұмыс, байланыстырып сөйлеу.

Slide 10

Әліппеден кейінгі кезең

Оқуда: әртүрлі дауыс ырғағындағы сөйлемдерді, байланысты мәтіндерді дұрыс, саналы түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқу; байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда: мәтінмен жұмыс; алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгертуде: сөйлеу, сөйлем, дыбыстар мен әріптер, сөз, орфография, мәтін; жазуда: көшіріп жазу, есту арқылы жазу, есте сақтап жатқа жазу, көркем жазу, шығармашылықпен жазу, сөз, сөйлем, шағын мәтіндерді жазу.

Slide 11

Сауат ашу пәнінің міндеттері:

6 жастағы оқушыларды оқу әрекетіне психофизиологиялық тұрғыдан дайындау;

оқушының тілін дамыту жұмыстарын сауат ашу кезеңдеріне сәйкес ұйымдастыру;

оқушының бойында адами құндылықтарды: қайырымдылықты, сүйіспеншілікті, елжандылықты, имандылықты дамыту;

диалогтық және монологтық сөйлеу дағдыларын жетілдіру;

Оқушылар-дың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;

алғашқы тілдік фактілерді танымдық нысан ретінде меңгерту, оларды талдау, салыстыру, топтау және жинақтау дағдыларын қалыптастыру;

сөйлеу әрекетінің түрлерін (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым) меңгерту және сөйлеу жанрларын әр түрлі жағдайларда қолдана білуге үйрету;

тілдік қарапайым түсінік, орфографиялық, пунктуациялық біліктілік қалыптастыру;

кіріктіріле жүргізілетін оқу және жазу жұмыстарын сауат ашудың әр кезеңдеріне сәйкес жүргізу;

дұрыс, түсініп және мәнерлеп оқу, жазу дағдыларын қалыптастыру;

Slide 12

Сауат ашу кезінде жүргізілетін жазба жұмыстары: көшіріп жазу, диктант, мазмүндама, шы-гарма.

I жартыжылдықта әріп диктанты, буын диктанты, сөздік диктант - 4-6 сөз (диктант жұмысы күнделікті сабақ барысында мұғалімнің қалауымен) жүргізіледі.

II жартыжылдықта сөздік диктант - 6-8 сөз, есту диктанты, көру диктанты, жыл аяғында 15-18 сөзден тұратын бақылау диктанты (диктант жұмысы әрбір грамматикалық материалды меңгерген соң) алынады.

IIIкем дегенде үш рет үйрету мақсатындағы мазмұндама (20-25 сөз) және екі рет үйрету мақсатындағы шығарма жұмыстары алынады.

1-сыныпта «Көркем жазу» күнделікті сабақ барысында (шамамен 4-5 минут) мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Оқу материалдарының білімділік және тәрбиелік мәні
Сауат ашу сабақтарына қойылатын негізгі педагогикалық талаптар
Сауат ашу барысында жазуға қойылатын талаптар
Сауат ашу пәнінің маңыздылығы
Грамматикалық ойындарды қолдану әдіс- тәсілдері
Дауыстап оқу
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Сынып Оқушылар Жоғары деңгей Орта деңгей Төмен деңгей саны
Жазуға қойылатын талаптар
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz