Си тілінде деректерді ұйымдастыру



Си тілінде құрылған программаның құрылымын сипаттау. Си программалау жүйесінің файлдарының құрамы. Си тілінде деректерді ұйымдастыру.
Орындаған: ВТ-405 группасының студенті
Дүйсенбекова А. А.
Тексерген: Жаксыгулова Д. Д.

Қазіргі уақытта программалауда 3 концепция белгіленген:
объектілі бағытталған программалау; (ОБП)
унификацияланған модельдеу тілі (UML)
программалық қамтамаларды құру арнайы жабдықтары

Барлық объектілі бағытталған программалау тілдерінің ішінде ең кең таралған С тілі. Осы бағытта соңғы пайда болған Java тілінің С тілімен салыстырылғанда келесі кемшіліктері бар:
көрсеткіштер, шаблондар, бірнеше қайтара мұрагерлік Java тілінде қарастырылмаған. Барлық синтаксис жағынан бұл тілдер ұқсас.
Қазіргі таңда Microsoft және Borland компаниялары құрған С++ тілінің Microsoft Windows жүйесінде программалау ортасы көп тараған.

Кластар. Барлық тілдерде стандартты типтер бар, мысалы int. Кластар объектілер қандай функциялардан тұратындығын анықтайтын форма болып табылады. Класты жариялау барысында ешқандай объект құрылмайды, мысалы int типі int айнымалының бар екендігін білдермейтін сияқты. Яғни класс өзара ұқсас объектілер жиынтығын сипаттау үшін қажет ұғым.
Мұрагерлік. Класс ұғымы мұрагерлік ұғымына алып келеді. С тілінде басқа кластарды анықтайтын класты негізгі класс деп атайды. Қалған кластар, оның қасиеттерін мұрагерлікке алады да, өздерінің қосымша басқа қасиеттерін қабылдайды. Оарды туынды класстар деп атайды. Құрылған класс басқа программаларда да қолданылуы үмкін. Бұл қасиет класс кодын қайталап қолдануға мүмкіндік береді.
Полиморфизм. Функциялардың олардың қолданып тұрған шамалардың типтеріне байланысты әр түрлі қызметтерді атқаруы полиморфизм деп аталады. Егер, мысалы, +, = операцияларын жұмыс істеу мүмкіндіктерімен қамтамасыз етсек, онда бұл операцияларды асыра жүктелген операциялар деп атайды.
Объектілі бағытталған программалау

Процедуралық тілдерде жазылған программалар негізінен инструкциялар жиынтығы болып табылады. Бұл тілдердегі программалар функциялардан тұрады, олар тізбектелген іс-әрекеттер тізімін орындайды.
Бірнеше функцияларды модульдерге біріктіруге болады, бірақ сонда да процедуралық принцип сақталады. Процедуралық тілдерде екі түрлі берілгендер типтері бар: жергілікті (локальді) және кең ауқымды (глобальді) . Жергілікті берілгендер тек функциялардың ішінде және тек сол функцияларда ғана қолданылады, ал барлық функцияларда қолдану керек болса кең ауқымды етіп жариялайды. Функциялар мен берілгендер арасындағы күрделі байланыстар программаның құрылымын да күрделендіреді.

Кең ауқымды берілгендерді функциялар шектеусіз қолдана алады. Бұл процедуралық тілдердің ең бір үлкен кемшілігі. Екінші кемшілігі, ол берілгендер мен функциялардың жеке-жеке қолданылуы. Бұл жағдайда нақты өмірдегі объектілерді дәл сипаттай алмаймыз. Мысалы егер объект машина болса, онда оның қасиеттері (мінездемесі) - двигательдің күші, есіктер саны болады, ал іс-әрекеті ретінде мысалы, тормозды басуды жатқызуға болады. Яғни қасиеттерге программада берілгендерді, ал іс-әрекеттерге программада функцияларды сәйкестендіруге болады.

ОБП-дың негізгі идеясы - ол берілгендермен осы берілгендерге қолданылатын іс-әрекеттердің объект деп аталатын бір бүтінге бірігуі.
Объектілердегі функциялар С тілінде әдістер деп аталады. Егер объектінің кейбір берілгендерін оқу керек болса, онда осы әрекетті орындау үшін қолданылатын әдісті шақыру керек. Бұл әдіс берілгенді оқиды да оның мәнін қайтарады. Оның мәнін тіке, әдісті қолданбай ала алмаймыз. Яғни берілгендер кездейсоқ сыртқы әсерден қорғалған. Берілгендер мен функциялар инкапсуляцияланған (біріктірілген) делінеді.
Жасыру және инкапсуляция ОБП-дың негізгі терминдері болып табылады. Егер берілгенді өзгерту қажет болса, онда оны да объектінің әдісінің көмегімен орындау керек. С++ тіліндегі программа объектілер жиынтығынан тұрады. Олар бірінің бірі әдістерін шақыру арқылы бір-бірімен әрекеттерді орындайды.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА КӨП РАХМЕТ!!!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz