Мінез туралы
Презентация қосу
Мінез.Мінезд
ің
қалыптасуы
Орындаған:Токтарбекова М.Н.
Топ:Пх-315
Тексерген:Тезекбаева М.Ж.
Нақты адамды сипаттау немесе бағалау кезiнде оның
мiнезi туралы айтады. Әрбiр адам басқа адамдардан
өзiнiң даралық өзгешелiктерiмен ерекшеленедi. Адамдар
өзара мiнез ерекшелiктерiне қарай ажыратылады. Мiнез
деген психологиялық қасиеттiң төркiнi гректiң
»charakter» деген сөзiнен шыққан. Мәнiсi -iз қалдыру.
Психологияда бұл жеке,дербестiк мағынадағы адамдарға
байланысты ұғым. Психологияда мiнез түсiнiгi адам iс-
әрекетi және мiнез-құлқы формасында көрiнетiн жеке-
дара психикалық қасиеттердiң жиынтығы.
Мiнез- әрбiр адамның жеке басына тән өзiндiк психологиялық
қасиеттер мен ерекшелiктер жиынтығы. Мiнездiң қасиеттерi мен
ерекшелiктерi әркiмде әр қилы жағдайда байқалып, адамны ң сол
жағдайларға қатынасын бiлдiредi. Мiнез-бұл адамның әлеуметтiк
мiнез-құлқының ерекшелiгi, ол әлеуметтiк топтағы адамдардың
жүктелген iсiн орындауында, адам аралық қарым-қатынасында көрiнiп
отырады. Мiнез ерекшелiктерi адамның даралық өзiндiк психологиялы қ
қасиеттерi. Дегенмен адам бойындағы ерекшелiктердiң б әрi бiрдей.
Мысалы, естудiң нәзiктiгi, көздiң көргiштiгi, есте сақтаудың
шапшаңдығы, ақыл ойдың тереңдiгi мiнез ерекшелiктерiне жатпайды.
Адам мiнезiнiң көрiнiстерi әрбiр жеке жағдайда оның о қиғалар ға
қатысуынан аңғарылады. Адамның iс-әрекетi сол iске деген
қатынасымен қатар, ерiк-жiгерiне, көңiл-күйiне, зеректiгiне, ақыл
ойына да байланысты болады. Соның нәтижесiнде адамның әр алуан
психикалық процесстерi, оның iс-әрекет түрлерiне ықпал етiп,
адамның ақыл ойын, көңiл-күйiн, эмоциясын, ерiк-жiгер қасиеттерiнi ң
ерекшелiктерiн айқын аңғартады. Мiнез өмiр бойы қалыптасуы
мүмкiн. Мiнез қалыптасуы адам ойымен, сезiмдерiмен ж әне
ынталарына да байланысты болады. Сонымен адамның өмiр сүру
ерекшелiгiмен қатар, оның мiнезi де қалыптасады. Осыған орай, өмiр
бейнесi, қоғамдық талаптар және нақты өмiрлiк жағдайлар мiнез
Мiнездiң қалыптасуы даму деңгейлерiне және
ерекшелiктерiне байланысты әр түрлi топтарда өтедi(отбасы,
достық орта, класс, спорт командалары, еңбек ұжымы т.б.).
Әр топтың құндылықты ерекшелiктерiне байланысты мiнез
қырлары да дамиды. Мiнез қыры дегенiмiз адамның белгiлi
бiр жағдайдағы мiнез-құлқын анықтайтын психикалық
қасиет ретiнде түсiндiрiледi. Мiнез қырларының көптеген
топтастырулары бар. Психологиялық әдебиеттерде көбiнесе
екi бағыт кездеседi. Бiрiншiсi, мiнез қырларын психикалық
процестермен байланыстырады және ерiктi, эмоционалды
және интеллектуалды қырларды бөлiп қарастырған.
Мiнездiң ерiктi қырларына жататындар: табандылық,
батылдылық, қайсарлылық, өжеттiк, сабырлылық,
байсалдылық, дербестiлiк, белсендiлiк, ұйымшылдық.
Эмоционалды қырларына екпiндiлiк, әсерленгiштiк,
қызбалық, инерттiлiк, байыпсыздық, қайырымдылық. Ал,
интеллектуалды қырларға терең ойшылдық, тапқырлық,
зеректiк, құмарлық, әуестiк жатады.
Екiншiсi, мiнез қырларын тұлға бағытына байланысты
қарастырады. Тұлға бағдарының мазмұны адамдарға, iс-
әрекетке, қоршаған әлемге және өзiне — өзi қатынасы
кезiнде көрiнедi. Тұлғаның бағдары адамның өмiрлiк
мақсатын, жоспарын, оның өмiрлiк белсендiлiгiнiң деңгейiн
анықтайды.
Адамның тұлғалық қырларын шартты түрде
мотивациялық және инструменталды деп екiге бөлемiз.
Мотивациялық iс-әрекеттi оятады және бағыттайды, ал
инструменталды бұларға белгiлi бiр стиль бередi. Т ұлғаның
мотивациялық қырлары сияқты, мiнез де әрекет мақсатын
таңдау кезiнде көрiнедi. Бiрақ та мақсат анықталғаннан
кейiн мiнез инструменталды рөл ретiнде, қойылған мақсатқа
жету құралдарын анықтайды.
Мiнез тұлғаның негiзгi көрiнулерiнiң бiрi болып табылады.
Мiнездi зерттеуге теориялық және эксперименталды
бағыттар.
Мiнездi зерттеу бұдан бiрнеше жылдар бойы басталған
Адам мiнезiнiң даралық ерекшелiгi жайын ғылым тарихында
тұңғыш рет сипатттап жазған ертедегi грек философы Теофраст.
Бiрақ ол мiнездi адамның адамгершiлiк сапасына тән қасиет дейдi.
Лабрю йер де »Теофраст мiнездерi»деген еңбегiнде мiнездi адамны ң
әлеуметтiк адамгершiлiк ерекшелiктерi жағынан қарастыр ған. Бұл
бiрақ, темпераментке керi анықтама. Өйткенi темперамент – адамда
туа пайда болатын генотиптi ағза қасиетi. Осы көзқарасқа орай,
мiнез адамның туа пайда болатын фенотиптiк ерекшелiгi.
19 ғасырда француз ғалымы А.Бен мiнездi тек психологиялы қ
ерекшелiк, дара адамның ақыл ойы мен сезiмiнiң және ерiк
ерекшелiгiнiң қасиетi деп санады. Т.Рибо мiнездi сезiм мен ерiк
ерекшелiгi десе, ал орыс дәрiгерi және педагогы П.Ф.Лесгафт ерiк
қасиетi дедi. И.Кант мiнездi темпераментпен салыстыра отырып,оны
адамның жүре пайда болатын қасиетi деп анықтады. Сондай-а қ ол
адамның даралық қасиеттерiндегi туа пайда болатын ерекшелiктерi
мен жүре пайда болатын ерекшелiктердi бөлiп көрсеттi. Ал Малапер
Фуле т.б. мiнездiң туа пайда болуымен қатар, жүре пайда болатын
ерекшелiктерi бар дедi.
Мiнез адамның басқа адамдармен жұмысына қатынасын
бiлдiретiн жеке адамның тұрақты ерекшелiктерiнiң
жиынтығы. Мiнез iс-әрекет пен қарым-қатынаста
айқындалып, адам мiнез-құлқына тән көрiнiс бередi. Мiнез
адамның өзi таңдаған iс-әрекетiнен байқалады. Кейбiр
адамдар iс-әрекетiнiң аса күрделi қиын түрлерiмен
айналасуды қалайды, олар үшiн кедергiлердi жеңу жолдарын
iздеу, амалдарын табу қызықты болады. Ал, кейбiреулер iс-
әрекеттiң ешбiр кедергiсiз оңай түрiн қалайды. Кейбiреулер
үшiн жұмыс нәтижесiне қандай жол арқылы жеткенiнен
басқа адамдарды басып озу басты мәселе болса, басқаларға
әйтеуiр жұмысты бiтiрдiк деген ой өте маңызды. Адамдар
мен қарым-қатынастағы мiнез-құлықтың (үлгiсi) манерасы
адамдар әрекеттерiне жауап қайтаруларынан көрiнедi.
Қарым-қатынас мәнерi сыпайы-анайы,биязы-дөрекi,әдептi-
әдепсiз т.б. бола алады.
Мiнездердiң темпераменттен бiр
айырмашылығы,олар тек жүйке жүйесi
қасиеттерiне ғана емес, адам мәдениетi мен
тәрбиесiне де байланысты. Адам мiнезi-әр
түрлi стимулдар мен түрлi оқиғаларға
кездейсоқ жауап беру ерекшелiктерiмен
айқындалмайды,ол оның негiзгi әрекеттерiн
айқындаушы. Мiнездi адамның әрекетi
әрдайым саналы, жауапты және ойланған
түрде өтедi. Мiнездi адам сыртқы жағдайға
қарамай дербес, өзiнiң ерiк-жiгерi мен
белсендiлiгiн көрсетедi, өзiн-өзi ұстайды. Ал,
мiнезсiз адам iс-әрекетпен қарым-қатынаста
сыртқы жағдайларға бағынып, тәуелдiлiкте
жүредi. Адамдардың мiнезi пайда болуы,
қалыптасуы мен дамуы бойынша
темпераментпен байланысты, бiрақ мiнез
Адам мiнезiне кiретiн жеке адам
ерекшелiктерi:
1.Iс-әрекеттiң мақсатын таңдауда
адамдардың әрекеттерiн айқындайтын жеке
адам қасиеттерi.
2.Алға қойылған мақсатқа жетуге
бағытталған әрекеттер.
3.Темпераментпен байланысты
инструменталды бiтiстер.
Мiнез өмiр барысында түзелетiн, қалыптасатын
психикалық қасиет болып табылады. Бұл мiнез бала
туылғаннан кейiн қалыптасатынын бiлдiредi. Адам мiнезiнi ң
қайнар көзiн және оның ең алғашқы белгiлерiнiң көрiнуiн
өмiрдiң алғашқы кездерiнен iздеу керек.
Жалпы жеке адамның мiнезiнiң қалыптасуына, дамуына оның
қоршаған ортамен,әсiресе адамдармен қарым-қатынасы өте
үлкен әсер етедi және оның ролi өте маңызды. Әсiресе,
кiшкентай бала мiнезiнiң дамуында өз туған-туыстары,
жақындары, оларға ұқсауға тырысулары мен елiктеулерi
байқалады. Олар елiктеу арқылы үлкендердiң мiнез-құлқын
үйренедi. Яғни бала мiнезiнiң қалыптасуы мен дамуына
қоршаған адамдармен көп және белсендi қарым-қатынас
жасау да ықпал етедi.
Үлкен адамдар балалар сенiмiне кiрiп, оған сөзбен, iс-
әрекетпен әсер ете алса,бала мiнез-құлқының белгiлi бiр
түрiнiң қалыптасуы мүмкiн.Үлкендердiң бiр бiрiмен қарым-
қатынасы, қарым-қатынас жасау ерекшелiктерi бала мiнез-
құлқының қалыптасуына әсер етедi. Сонымен адам мiнезi
еңбекке, жұмысқа, басқа адамдарға деген қатынаста,өз
iсiне деген қатынасында пайда болады.
Мiнез қалыптасуында сензитивтi кезең екi-үш жастан
тоғыз-он жасқа дейiнгi кезең болып табылады, себебi осы
кезде бала өз құрбы-құрдастарымен, үлкендермен белсендi
қатынасқа түседi. Осы кезеңде балаға әсер етуге болады,
олар оны жақсы қабылдайды, елiктейдi. Осы уақытта үлкен
адамдар баланың сенiмiне кiре отырып, мiнез-құлықтың
керектi формаларының қалыптасуына сөзбен, әрекеттерiмен
әсер ете алу мүмкiншiлiгi жоғары.
Баланың мiнезiнiң қалыптасуына үлкендердiң бiр-
бiрiмен қарым-қатынас жасау стилi, сонымен қатар
үлкендердiң баланың өзiмен қатынас жасау ерекшелiгi де
өте маңызды. Ең бiрiншiден бұл ата-анаға, әсiресе
анасының баласымен қатынасына байланысты болады.
Ата-анасының баласымен қарым-қатынасы баланың өскен
кездегi өз баласымен қатынас жасау ерекшелiгiне үлкен
әсер етедi.
Баланың мектепке дейiн кезеңiнде мiнездiң келесi қырлары
қалыптасады: ақ көңiлдiлiк, көпшiлдiк, қайырымдылық
және оған қарама-қарсы өзiмшiлдiк, мейiрiмсiздiк,
байыпсыздық. Ал, бастауыш сынып кезiнде адамдармен
қарым-қатынас кезiнде көрiнетiн қырлар қалыптасады.
Егер баланың мiнезiндегi белгiлi бiр қырлар отбасында
қалыптасып, ол мектеп кезiнде қолдауға ие болса бұл мiнез
қыры одан ары қарай дамып, тұрақталады. Егер қолдау
таппаса мiнез қырларында өзгерiстер болады. Жасөспiрiмдiк
шақта мiнездiң ерiктi қырлары, ал жастық шақта
адамгершiлiктiк т.б. дамиды және қалыптасады.
Мiнез адам өмiрiнiң барлық жолдарында қалыптасады
және өзгередi. Адам мiнезiнiң қалыптасуында ең үлкен
орынды еңбек алады. Сондықтан да, мiнез басқа да
тұлғаның қырлары сияқты iс-әрекет кезiнде қалыптасады
деп айта аламыз.
Адамның мiнезiнiң өзгерiп отыруына әлеуметтiк
жағдайдың үнемi ықпал етiп,оның жаңа сапаларын
қалыптастырып отырғандығы ғылыми тұрғыдан анықталған
тарихи шындық және обьективтi фактор екендiгi еш дау
тудырмайды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz