Материалдар мен дайындамалардың цехтағы қоймасы




Презентация қосу
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Материалдар мен дайындамалардың
цехтағы қоймасы 
 
Орындаған: Дюсембинова М.У
                                       Тексерген: Тілеуғали Е.Т
Топ: ХН-221
Қойма дегеніміз тауарларды сақтайтын коммерциялық
ғимарат. Қоймалар көбінесе өндірушілер,
импорттаушылар, экспорттаушылар, көтерме
саудагерлер, тасымалдаушылар және кеден т.б.
тарапынан қолданылады.
Олар қалалар мен ауылдардың маңындағы
өнеркәсіптік зоналарда орналасқан ірі көлемді
ғимараттар болып табылады. Қоймалар тікелей жүк
машиналарынан,темір жолдардан, әуежайлардан, теңіз
порттарынан жүктерді тиеп-түсіру үшін арнайы
жобаланады. Олар көбінесе стандартты палетталарда
орналастырылған жылжымалы жүктер үшін крандар
мен тиеуші машиналармен жабдықталады.
Қоймаланатын тауарларға кез келген шикізат, қаптау
материалдары, қосымша бөлшектер, немесе
ауылшаруашылық, өнеркәсіп, саудаға қатысты дайын
өнімдер жатуы мүмкін.
Қосалқы өндіріс ғимараттары. Қоймалар.

1. Өндірістік кәсіпорын қоймаларының негізгі түрлері; 
2. Қоймаларды жобалаудың мақсаттары; 
3. Ашық қоймаларды орналастыру ерекшеліктері; 
4. Қоймалар алаңдарының бөлінуі
5. Қоймалардың өндіріспен байланысы
6. Материалдар мен дайындамалардың цехтағы қоймасы  
4. Өндірістік кәсіпорын қоймаларының негізгі
түрлері.

Қоймалар ғимараттар мен өнеркәсіпті
кәсіпорындардың ерекшеліктеріне байланысты
ашық немесе шатырланған; жабық (бірқабатты
немесе көпқабатты) сонымен қоса арнайы
жабдықталған болып бөлінеді.
Қойманың территориясының алаңы:
1. жүктер орналастырылған негізгі алаң
(қатарланып орналастырылған материалдардың
штабелдері мен стеллаждар);
2. Оперативтік аудан (өткелдер, яғни проход,
сортировочный және қабылдап, тармақтап
таратқыш алаң, яғни өлшеу құрылғылары
орналастырылған және қызмет көрсету жайлары
орналастырылған).
3. Конструктивтік алаң
Қоймаларды жобалаудың мақсаттары

Қоймаларды жобалаудағы мақсаттардың орындалуы
келесі ескерулер негізінде іске асырылады :
1. Өнімдерді шығ ару үшін жүргізілетін үдерістерді (процестерді)
шикізатпен басқ а да материалдармен және де ол өнім түрлеріне
сұраныстағ ы кәсіпорындарды уақ тылы, сенімді түрде
қ амтамасыз ету.
2. Өндірістегі учаскелер, цехтар т.б. құрылымдар арасында ғ ы
матариалдар ағ ымдарын реттеу.
3. Қ оймаларда сақ талудағ ы заттардың есепке алу негізінде
олардың ауысып тұруы жөніндегі ақ параттарды толық тай беру
мүмкіншілігі.
4. Материалдардың қ оймаларда жатып қ алмауы, оларды керекті
өндіріс бөлімдеріне тез арада жеткізу шаралары.
Ашық қоймаларды орналастыру ерекшеліктері

Ашық  қоймалар  метеорологиялық  әсерлерден  өзгеріске 
ұшырымайтын  (температура,  атмосфералық  тұнбалар,  күн  с әулесі 
және  т.б.)  заттар  мен  бұйымдарды  сақтауға  арналған.  Бұл 
қоймалар  негізінде  жер  деңгейімен  немесе  фундамент  арқылы 
көтеріңкі  орналасады.  Завод  алаңында  кейбір  кішігірім  ашы қ 
қоймалар  автомобильді  теміржолды  крандармен,  қалыптау 
машиналармен,  тасымалдау  транспортарымен  жабдықталады. 
Үгілмелі  үйілгіш  материалдарды  сақтайтын  үлкен  ашық  қоймалар 
эстакадты көпірлі крандармен жабдықталады. 
Шатырлар  мен  платформалар  жауын  –  шашын,  қар  және  күн 
сәулесінен қорғалынатын заттарға арналған орын.   
Заттарды  температурадан,  атмосфералық  тұнбалардан, 
шаңданудан  сақтау  үшін  бір  немесе  көпқабатты  жабық  қоймалар 
қолданылады.  Жабық  қоймалар  ауданы  тенхнологиялық 
жобалаудың талаптарына сәйкес келу керек.
Қоймалар алаңдарының бөлінуі

                Қоймаларда арнайы бөлімдер (алаңдар) алдын ала дайындалу керек:
жүктер орналастырылатын негізгі алаң (қатарланып орналастырылған
заттардың штабелдері мен стеллаждар); оперативтік алаң (өткелдер, яғни
сараптау, қабылдап тарату алаңы, өлшеуіш құрылғылары орналастырылған
және қызмет көрсету жайлары орналастырылған алаң ); конструктивтік алаң
(өнімдерді құрастыру, жинақтау жұмыстары).
Жабық қоймалар орындарында жинақтау мен комплекстік
механизациялауды ұйымдастыруға жоғарғы талаптар қойылады, яғни
заттарды тиеу мен алып түсіру жұмыстары.
Бір қабатты қоймалардың биіктігі шамамен 3.6 М; 4.8 М; және одан да биік
болуы мүмкін. Ал, қоймалардың өткелдері - сақталатын заттардың көлеміне,
тасымалдаушы көліктерге, сақталатын орнына байланысты жасалады.
Қойманың ұзындығы алдын - ала ойластырылған, сақталатын заттар,
өнімдер түрлеріне байланысты жобаланады.
Көп қабатты қоймалар арнайы технологиялық талаптарға және техника –
экономикалық мақсаттарға байланысты жобаланады. Көбінесе қалалық
аудандарда немесе жеріміздің орналасу ұтымдылығына байланысты
тұрғызылады. Көп қабатты қоймалардың ені 30 метр шамасында
жобаланады. Оларды жүк тасымалдаушы лифтер мен крандар орнатып
салады.
Қоймалардың өндіріспен байланысы

        
Өндірістік қоймалар өнеркәсіп алаңында кәсіпорындарымен комплексті
байланыста болу керек:
а) транспорт қызметімен рационалды байланыста болу керек, яғни алып –
тасу;
б) кәсіпорындар мен комплекстік механизациялардың технологиялық
процестермен байланысы, яғни орталық қойманың аралық қоймалармен және
цехтармен байланысы.
Қазіргі заманғы қоймалар өндірісі механикалық транспорттар арқылы
материалдардың үздіксіз орын ауыстыруына ерекше көңіл аударады.
Химиялық өнеркәсіпте үздіксіз цикл жүреді. Көптеген жарылғыш заттар
өндірісі, шикізаттық қоймалар, өртке қауіпті заттар өндіріс орындарынан
арнайы эстакадалы құбырлар, науалар (лотки), конвейерлер және т.б. арқылы
шығарылады. Қоймаларды жобалауда басты бағыттардың бірі қойма
шаруашылығын ірілендіру және өнеркәсіп алаңына рационалды орналастыру,
яғни ауыр операцияларды жетілдіруге, қойма алаңын жетік қолдануға
көмектеседі және жоғары өндірістік қоймалардың көтергіш – транспорттық
техникалардың енгізілуіне, олардың ыңғайлы қолданылуына себепші болады.
Санитарлық және өрт талаптарына
сәйкес қоймалар тобы
• Жылдам тұтанғыш, жарылғыш, улы заттардың және
өртке қауіпті реактитердің және концентрлі
қышқылдарға арналған қоймалар;
• Жанар-жағар май материалдарының қоймалары және
мұнай базасы;
• Кесілген ағаш дайындамалары, қағаз, текстиль және
полимерлі материалдар қоймалары;
• Ерекше оқшауландыруды қажет ететін қоймалар
(радиоактивті материалдар);
• Өрт қауіптілігі тұрғысынан қауіпсіз материалдарға
арналған қоймалар (қосалқы бөлшектер, саймандар
және т.с.с.).
Материалдар өздері сақталып тұрған жері бойынша,
яғни кәсіпорын қоймасында және кәсіпорын
бухгалтериясында есептелінеді. Материалдық
қорлардың қоймадағы есебінің
дұрысұйымдастырылуы олардың дұрыс
сақталынуына, қоймадағы жұмыстың дұрыс
жүргізілуіне және олардағы жұмыстың қалай
қойылғандығына байланысты. Қоймада
материалдық қорлардың әрбір түрлері, сорттары
бойынша бөлек сақталуы тиіс.Материалдардың
маркасы, сорты, көлемі, наменклатуралыцқ номері,
өлшем бірлігі, сақталып тұрған материалдардың
мөлшері, т.б. көрсеткіштері картон немесе фанерге
жазылып, материалдарға байланып немесе
жапсырылып қойылады.
Қоймадағы және цехтегі материалдардың аналитикалық есебі
белгілеген түрі бойынша олардың ішінде сорттары мен маркалары
бойынша жүргізіледі. Қоймада материалдық қорлардың тек қана
сандық есебі жүргізіледі. Материалдардың әрбір номенклатуралық
номері бойынша бөлек үлгілі түрі М-17 карточкасы ашылады. Бұл
карточкада материалдық қорлардың аты, мөлшері, көлемі, сорты,
өлшем бірлігі, номенклатуралық номері және есетеу бағасы
көрсетіледі. Бұл карточканы жаңадан кіріске алған материалдарға
кәсіпорынның бухгалтериясы дайындап, одан кейін кіріс ету
ордерімен тізілім бірге қоймаға беріледі. Қойма қызметкері немесе
қойма меңгерушісі алынған карточкаға материалдық қорлардың
қай жерде сақталып тұрғаны жайлы деректер толтырады.
Материалдардың кіріс-шығысының сорттық-сандық есебін сол
материалдарға жауапты адам жүргізеді. Кейбір жағдайда
материалдарға жауапты адамның келісімі бойынша қойманың
карточкалық есебін жүргізу жұмысы басқа басқа адамға, яғни
есепшіге немесе операторға жүктелуі мүмкін.
Материалдардың түрі номенклатуралық номері
аз болатын кәсіпорынның қоймаларында бұл
карточканың орнына материалдар есебін тиісті
түрде жүргізуге дайындалып жасалған сорттық
есеп кітабында жүргізуге болады. Мұндай
жағдайларда сорттық есеп кітабында қойма
есебінің карточкасындағы деректер болуы қажет.
Қомашы белгіленген тәртіп бойынша
толтырылған алғашқы құжаттардың негізінде
материалдардың кіріске алынуын және есептен
шығару операцияларын, олардың іске асырылған
күнін қойманың есеп карточкасына жазөып,
онда материалдық құндылықтардың сол күннің
соңындағы қалдығын шығарып отыру керек.
Бұл карточкада материалдардың қалдығы әрбір
операциядан кейін шығарылып отырылады
Пайдаланылған
әдебиеттер
http://bigox.kz/materiald
yk-korlardyn-kojmadagy-es
ebi/
https://kk.wikipedia.org/wi
ki/
Қойма

Ұқсас жұмыстар
Өндірістік кәсіпорын қоймаларының негізгі түрлері
Операция арасындағы қойма және аралық қойма жайлы ақпарат
Қазақтың ұлттық киімдері
ҚОЙМА ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Операция арасындағы қойма және аралық қойма туралы ақпарат
Бункерлі бағдарлау – қоректендіруші және қалталы бункерлі бағдарлау - қоректендіруші құрылғылары
Бұрғылау жару жұмыстарының есептеу паспорты
Жүк көтергіш крандарды металлдық конструкциялар
Молекулалар қозғалысы. Термометр. Температуралық шкалалар
Бағдарланған даналық бұйымдарға арналған автоматты мөлшерлегіштер
Пәндер