Педагогикалық ұжымдағы пікір алмасу мен келіспеушіліктер: себептері және алдын алу


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Педагогикалық психология факультеті Тақырыбы: Педагогикалық ұжымдағы пікір алмасулар және келеңсіз жағдайлар Орындаған: Айтқажы А. А. Тексерген: Джанбубекова М. З Семей 2015

Slide 2

Ұжым дегеніміз адамдардың жай ғана жиынтығы, немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге ұмтылушылардың тобы. А. С. Макаренко Мақсаты бір болып табылатын педагогикалық ұжымда пікір алмасу оның сол мақсатқа жетуіне септігін тигізеді. Ұжым мүшелерінің педагогикалық жетістіктер мен кемшіліктерді, жаңа құндылықтар мен технологияларға баға беру, яғни педагогикалық процесс барысында туындайтын мәселелерді бірге қарастырып, талдап және пікір алмасатын болса, нәтижесі соғұрлым жоғары болады.

Slide 3

Педагогикалық ұжымда келеңсіз жағдайдың қалыптасуына ұжымдағы келіспеушілікті немесе "климаттық ауытқуды" атауға болады. Педагогикалық келіспеушілікті көптеген мамандар адамдардың тікелей қарым-қатынасы саласында пайда болатын қарама-қайшылықтың шиеленісіп кетуі ретінде қарастырады. Педагогикалық ұжымда пайда болатын келіспеушіліктер өз табиғатында тұлғааралық келіспеушілік болып табылады. Ондай жағдайда адамдар іс-әрекеттің мақсатына келіспейді немесе оған қол жеткізудің әдістері мен құралдары туралы әртүрлі пікірде болады.

Slide 4

Келіспеушіліктер әртүрлі себептердің салдары болуы мүмкін. Педагогикалық ұжымдағы тұлғааралық келіспеушіліктер бірлескен педагогикалық әрекет процесінде орныққан өзара байланыстың бұзылуына байланысты туындайды. Ол педагогикалық қызметке байланысты мұғалімдер, басшылар арасындағы іскерлік сипаттағы байланыс болуы мүмкін.

Slide 5

Педагогикалық ұжымда орын алатын келіспеушіліктің негізгі үш тобын бөліп көрсетуге болады

Бірінші топ - кәсіптік-педагогикалық әрекетті максатқа жетуге кедергі келтіретін, іскерлік байланыстардың бұзылуынан туындайтын кәсіптік келіспеушіліктер. Бұндай келіспеушіліктер жұмыстағы ынтасыздықтан, мұғалімдердің әрекет мақсатын түсінбеуінен және өз ісін жете білмеуінен туындайды.

Екінші топ - педагог мінез-құлқының өзара қатынас нормасына сай келмеуіне, сол сияқты мінез-қүлық пен іс-әрекеттің ұжым мүшелерінің бір-бірінен күткен талаптарына сай келмеуінен туындайды. Ол педагогтың өз әріптестеріне жене оқушыларға көрсеткен әдепсіздігі, кәсіптік этика нормаларының бұзылуы, ұжым талабын орындамау және т. б. түрінде көрініс береді.

Үшінші топ - педагогикалық процестерге қатысушылардың мінез бен темпераменттік ерекшеліктері негізінде тұлғалық сәйкессіздіктен туындайтын келіспеушіліктер. Бұл топты негізінен ұстамдылық, өзіне деген бағасы мен пікірінің аса жоғары болуы, эмоциялық тұрақсыздығы, шамадан тыс өкпешілдігі сияқты сапалар құрайды.

Slide 6 Slide 7 Slide 8

Егер келіспеушілікті бастапқы кезеңінде келістіру мүмкін болмаса, онда оны шешудің тактикасы мен стратегиясы жасалуы керек. Оны мектеп директоры немесе оның орынбасарлары іске асырады, қажет болған жағдайда ұжымдық шешім қабылданады. Ол бойынша келіспеуші ұжым мүшелеріне біршама уақыт бір-бірімен араласпау немесе ол араласуды шектеу туралы шарт қойылуы мүмкін. Кәсіптік келіспешшіліктер енбек жағдайын, оқу-тәрбие процесін өзгерту, мектеп жұмысының тәртібіне түзету енгізу арқылы реттеледі. Ал тұлғалық сәйкессіздіктен туындайтын келіспеушілікті жою күрделі сипат алады. Бұндай жағдайда басшы келіспеуші жақтарға өзге де пікірлердін өмір сүруін мойындататындай шешім қабылдайды.

Slide 9

Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Т. В. Паньшина. Педагогикалық менеджмент. Алматы. 2012. 2. Н. Д, Хмель, Г. Т. Хайруллин. Педагогика. Алматы. 2005. 3. Ж. Әбиев. С. Бабаев. Педагогика. Алматы:Дарын. 2004. 4. Тұрдалиева Ш. Т. Қарым-қатынас психологиясы. Алматы:Эверо. 2013.


Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық үдерістегі дау-дамайлар: түрлері, себептері, шешу және алдын алу жолдары
Педагогикалық ұжымдағы басқарушылық қарым-қатынастың психологиялық және стильдік ерекшеліктері
Педагогикалық ұжымдағы басқарушылық қарым-қатынастар: даму заңдылықтары мен коммуникациялық кедергілер
Жасөспірімдердегі девиантты мінез-құлықтың алдын алу: себептері, түрлері және педагогикалық-әлеуметтік шаралар
Педагогикалық ұжымдағы басқарушылық қарым-қатынастың ерекшеліктері, функциялары және стильдері
Тері аурулары мен аллергия: себептері, клиникасы және алдын-алу
Гастрит: анықтамасы, түрлері, себептері және алдын алу
Қоғамдық деградация: себептері, белгілері және алдын алу шаралары
Педикулез: себептері, белгілері, емдеу және алдын алу
Стресс: себептері, симптомдары, фазалары және басқару мен алдын алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz