Тексеру және таңдау операторлары. Циклдық программалауға арналған командалар туралы ақпарат



Тексеру және таңдау операторлары 8 Циклдық программалауға арналған командалар
Орындаған: Айбек. Б

Таңдау оператормен жұмыс істеу
Таңдау операторы программаның мүмкін болатын бірнешежалғасының бірін таңдауға мүмкіндік береді. Таңдау операторының құрылымы мынандай:
Case< ключ выбора> of <список выбора> [else<операторы>] end;
Таңдау операторлар келесі алгоритм арқылы жұмыс істейді: Case операторы айнымалының мәнін мүмкін болатын қатарымен салыстырады және әр мәнге сәйкес әр түрлі операторларды орындайды. ELSE сөзінің болуы міндетті емес, егер ол болмаса, яғни жәй ол өрнек ешбір мәнге сәйкес болмаса, онда, CASE-тің END

Case операторының орындалу:
Алдымен <өрнектің> мәнi анықталады. Анықталған мән қай тiзiмге жатса, сол тiзiмге сәйкес келетiн оператор орындалады да, басқа операторлар орындалмай, case операторы жұмысын аяқтайды.
Егер <өрнектің> мәнi тiзiмнiң ешбiреуiне жатпаса, онда else-де көрсетiлген <оператор> орындалады. Еlse болмаса, case операторы жұмысын аяқтайды.
Case операторын пайдалану ережелерi:
CASE сөзінен кейінгі өрнек мәні дискретті типке жатуы тиіс; бүтін санды тип үшін ол integer болады;
Өрнек пен тiзiмдегi мәндер бiр типтi болу керек.
Тұрақтылар мәндері бір-бірінен айрықша болып, қайталанбауы тиіс, олардың мәні диапазонға сәйкес келгенде де, бір-бірімен қиылыспай өз аралықтарын ғана қамтуы қажет.

Көп жағдайда аргументтерінің әр түрлі мәні бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процесстерді ұйымдастыру үшін циклдік құрылымды алгоритмдер - қайталау операторлары қолданылады. Олар әр түрлі заңдылық негізіндегі ереже бойынша қолданылады. Цикл - белгілі бір әрекеттер тізбегінің бірнешерет қайталанып орындалуы. қадамдар саны белгілі цикл қадамдар саны белгісіз цикл (шартты цикл)

Циклдік құрылым while P do A;
Мұнда А əрекеті Р предикат мəні ақиқат болып тұрса, қайталана береді. Сондықтан А əрекеті орындалуы кезінде Р-ға əсер ететін айнымалылар мəні өзгеруі тиіс.
Бұлай болмаған жағдайда шексіз цикл орын алады.
Предикат мəні А əрекетіне дейін анықталады, сол себепті кейде А əрекеті бір де бір рет орындалмауы да мүмкін. Цикл - дейін
repeat A until P; (Бейсик, Паскаль тілдерінде)
do A while P; (С/С++, C#, Java, PHP тілдерінде)

Паскаль тілінде қайталау процессін жүзеге асыратын циклдік операторлардың 3 түрі бар:
арифметикалық цикл - FOR,
шартын алдын ала тексеретін цикл - WHILE және
шартты соңынан тексеретін цикл - REPEAT.

Егер шартын алдын ала тексеретін циклдегі операторды неше рет қайталау керек екендігі белгісіз болып, оның тек қайталану шарты берілсе, онда WHILE, REPEAT операторлары пайдаланылады. Ал FOR операторы қайталану саны алдын ала белгілі болған кезде қолданылады. FOR операторын параметрлі цикл операторы деп те аталады, өйткені, қайталау саны функция аргументі сияқты циклдің параметрі қызметін атқаратын басқару айнымалысы арқылы беріледі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz