Адамгершілікасыл қасиет
Презентация қосу
Адамгершілік-асыл қасиет.
Орындаған: Айтмағанбетова Жанар
ФМФ. Т-413топ.
Мақсаты:
Оқушыларды қайырымдылыққа, әдептілікке,
сыпайылыққа, инабаттылыққа, кішіге қамқор, үлкенге
құрметпен ізетті болуға тәрбиелеу; сыныптас
құрбыларының қадірін білуге, өзара сыйластық
орнатуға, ата-баба салтын қастерлеуге тәрбиелеу;
оқушыларды адамгершілікке, жүйелі ойлауға, топ
болып жұмыс істеуге дағдыландыру.
Жоспар:
Адамгершілік туралы мәлімет беру
Рухани-адамгершілік тәрбиесін
қалай береміз?
Заман талабына сай адамгершілікті
қалай үйретеміз?
Нақыл сөздерге мән беру
Кеңестер
Қортынды
Адамгершілік — бұл рухани тәрбие.
Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет
және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына
бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке,
Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда
адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз - өзін
сыйламайды.
Рухани - адамгершілік тәрбиесі - өзіндік сананы
дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп
ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен
дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін
және бағдарларын қалыптастыруды болжайды.
Оқушыларды рухани - адамгершілікке
тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі
қажетті, кезек күттірмес мәселе.
ЖАҢА КЕЗЕҢДЕГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ ЖАС
ҰРПАҚҚА - АДАМГЕРШІЛІК - РУХАНИ ТӘРБИЕ БЕРУ.
«АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ ҚҰРАЛЫ – ЕҢБЕК ПЕН АТА - АНА
ҮЛГІСІ» - ДЕП,
Ы. АЛТЫНСАРИН АТАМЫЗ АЙТҚАНДАЙ, ҚҰНДЫ ҚАСИЕТТЕРГЕ
ИЕ БОЛУ, РУХАНИ БАЙ АДАМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАЛАНЫҢ
ТУЫЛҒАН КЕЗІНЕН БАСТАЛУЫ КЕРЕК. ХАЛЫҚТА «АҒАШ ТҮЗУ
ӨСУ ҮШІН ОҒАН КӨШЕТ КЕЗІНДЕ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ, АЛ
ҮЛКЕН АҒАШ БОЛҒАНДА ОНЫ ТҮЗЕТЕ АЛМАЙСЫҢ» ДЕП БЕКЕР
АЙТЫЛМАҒАН. СОНДЫҚТАН БАЛАНЫҢ БОЙЫНА ЖАСТАЙЫНАН
ІЗГІЛІК, МЕЙІРІМДІЛІК, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ, ЯҒНИ АДАМГЕРШІЛІК
ҚҰНДЫ ҚАСИЕТТЕРДІ СІҢІРІП, ӨЗ - ӨЗІНЕ СЕНІМДІЛІКТІ
ТӘРБИЕЛЕУДЕ ОТБАСЫ МЕН ПЕДАГОГТАР ШЕШУШІ РОЛЬ
АТҚАРАДЫ.
Заман талабына сай білім беру жүйесі өзінің басым
бағдарын жеке тұлғаның рухани-адамгершілік тұрғыдан
кемелденуіне аудара бастады. Дер кезінде адамгершілік
құндылықтары қалыптаспаса, бұл қасиеттер адам
дамуына тек кедергі болып қана қоймай, сонымен қатар
жасөспірімдік шақта бала дамуында әлеуметке қарсы
мінез-құлықтың болуына әсерін тигізеді.
Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс.
Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде,
үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру
барысында, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске
асады.
ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ – ДЕНІ САУ, ҰЛТТЫҚ
САНА СЕЗІМІ ОЯНҒАН, РУХАНИ ОЙЛАУ ДӘРЕЖЕСІ
БИІК, МӘДЕНИЕТТІ, ПАРАСАТТЫ, АР-ОЖДАНЫ МОЛ,
ЕҢБЕКҚОР, БОЙЫНДА БАСҚА ДА ИГІ ҚАСИЕТТЕР
ҚАЛЫПТАСҚАН ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ. ЖАС ҰРПАҚТЫҢ
БОЙЫНА АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРДІ СІҢІРУ АТА-АНА
МЕН ҰСТАЗДАРДЫҢ БАСТЫ МІНДЕТІ. ӘР АДАМ
АДАМГЕРШІЛІКТІ КҮНДЕЛІКТІ ТҰРМЫС ТІРШІЛІГІНЕН,
ӨЗІН ҚОРШАҒАН ТАБИҒАТТАН БОЙЫНА СІҢІРЕДІ.
КӨРНЕКТІ ПЕДАГОГ В.СУХОМЛИНСКИЙ «ЕГЕР БАЛАҒА
ҚУАНЫШ ПЕН БАҚЫТ БЕРЕ БІЛСЕК, ОЛ БАЛА СОЛАЙ
БОЛА АЛАДЫ» ДЕГЕН.
Адамның адамгершілігі-оның жоғары қасиеті.Оның
негізгі белгілерінің бірі-өзі үшін ғана емес,ел,қоғам
үшін өмір сүру,адамдық ар-намысты ардақтау,әр
уақытта жақсылық жасауға дайын болу. «Өзің үшін
еңбек қылсаң,дейді Абай,-өзі үшін оттаған хайуанның
бірі боласың. «Досыңа достық-қарыз іс,дұшпаныңа әділ
бол».Ақылды,мейірімді адам әруақытта өзгенің
жақсылығын бағалағыш келеді.Арлы адам-ардақты
адам.Арымыз таза болса,тарихымыз да таза.
Адам атаулының жақсы қасиеттерінің бірі-адалдық,ол
өмірде қымбат асыл қасиет,асыл мінез,ашық,шыншыл
қарым-қатынас.
«ӨТІРІКТІҢ БАЛЫН ЖАЛАП ТІРІ ЖҮРГЕНШЕ,ШЫНДЫҚТЫҢ
УЫН ІШІП ӨЛГЕН АРТЫҚ» ДЕГЕН БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ.
КЕМПІРҚОСАҚ ТҮСТЕРІНЕ
БАЙЛАНЫСТЫ КЕҢЕСТЕР.
1-түсі.Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастаңдар.
2-түсі.Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі
туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлап
жүріңдер.
3-түсі.Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды
қуантқаныңды,жұбатқаныңда күлдіргеніңді еске түсіру
үшін бірнеше минут арнап көр.
4-түсі.Әнді жиірек тыңдаған дұрыс.
5-түсі.Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.
6-түсі.Тыныштық сақтай білуге үйрен.Нәзік үнмен биязы
сөйлеуге дағдылан.
7-түсі.Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі-жамандыққа
жақсылық-ер кісінің ісі»деген сөз жаныңда жүрсін.
Қортынды.
Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде
алдыма қойған мақсатымның бірі-қоғамға
пайдалы,үлкенге құрмет,кішіге қамқор бола білетін жан-
жақты дамыған жеке түлғаны қалыптастыру болып
табылады. «Біз тәрбиелеп отырған ұлдарымыз бен
қыздарымыздың өмірі жарқын,болашағы айқын болсын»
Ақын ағаларымыздың өлеңімен қортындылайын.
Адам бол,адам
Адам бол,адам
Адам-әлем бөлшегі,
Адам бол,адам!
Сұлу бол,адам
Жылу бол,адам
Биікте бол,адам
Сүйікті бол,адам. (Ж.Молдағалиев)
Көк аспан аясында күлімдеген күнімізді
түнерген бұлттан қорғадық,артынан жадырап
кемпірқосақ керілді,міне осындай әсем табиғат
аясына асыл қасиеттерге толы «Адамгершілік
ағашын» өсірдік.Осы әсем ағаш алдағы
уақытта сіздерге сая болсын,бір-біріңізге деген
ықылас сезімдеріңіз еш уақытта
жойылмасын,үнемі
қайырымды,мейірімді,адал,ақкөңіл,еңбекқор,ә
діл,ақылды парасатты болыңыздар!
Назарларыңызға
Рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz