Өндірістік кәсіпорын қоймаларының негізгі түрлері


Slide 1

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Материалдар мен дайындамалардың цехтағы қоймасы

Тексерген: Тілеуғали Е. Т

Орындаған: Қайдыраш А.

Топ: ХН-221

2015жыл

Slide 2

Жоспары:

Қосалқы өндіріс ғимараттары. Қоймалар.

Өндірістік кәсіпорын қоймаларының негізгі түрлері.

Қоймаларды жобалаудың мақсаттары.

Ашық қоймаларды орналастыру ерекшеліктері.

Қоймалардың өндіріспен байланысы.

Slide 3

Қойма дегеніміз тауарларды сақтайтын коммерциялық ғимарат. Қоймалар көбінесе өндірушілер, импорттаушылар, экспорттаушылар, көтерме саудагерлер, тасымалдаушылар және кеден т. б. тарапынан қолданылады.

Олар қалалар мен ауылдардың маңындағы өнеркәсіптік зоналарда орналасқан ірі көлемді ғимараттар болып табылады. Қоймалар тікелей жүк машиналарынан, темір жолдардан, әуежайлардан, теңіз порттарынан жүктерді тиеп-түсіру үшін арнайы жобаланады. Олар көбінесе стандартты палетталарда орналастырылған жылжымалы жүктер үшін крандар мен тиеуші машиналармен жабдықталады. Қоймаланатын тауарларға кез келген шикізат, қаптау материалдары, қосымша бөлшектер, немесе ауылшаруашылық, өнеркәсіп, саудаға қатысты дайын өнімдер жатуы мүмкін.

Slide 4

Қосалқы өндіріс ғимараттары. Қоймалар:

Өндірістік кәсіпорын қоймаларының негізгі түрлері;

Қоймаларды жобалаудың мақсаттары;

Ашық қоймаларды орналастыру ерекшеліктері;

Қоймалар алаңдарының бөлінуі

Қоймалардың өндіріспен байланысы

Материалдар мен дайындамалардың цехтағы қоймасы

Slide 5

Өндірістік кәсіпорын қоймаларының негізгі түрлері:

Қоймалар ғимараттар мен өнеркәсіпті кәсіпорындардың ерекшеліктеріне байланысты ашық немесе шатырланған; жабық (бірқабатты немесе көпқабатты) сонымен қоса арнайы жабдықталған болып бөлінеді.

Қойманың территориясының алаңы:

жүктер орналастырылған негізгі алаң (қатарланып орналастырылған материалдардың штабелдері мен стеллаждар) ;

Оперативтік аудан (өткелдер, яғни проход, сортировочный және қабылдап, тармақтап таратқыш алаң, яғни өлшеу құрылғылары орналастырылған және қызмет көрсету жайлары орналастырылған) .

Конструктивтік алаң

Slide 6

Қоймаларды жобалаудың мақсаттары:

Қоймаларды жобалаудағы мақсаттардың орындалуы келесі ескерулер негізінде іске асырылады :

1. Өнімдерді шығару үшін жүргізілетін үдерістерді (процестерді) шикізатпен басқа да материалдармен және де ол өнім түрлеріне сұраныстағы кәсіпорындарды уақтылы, сенімді түрде қамтамасыз ету.

2. Өндірістегі учаскелер, цехтар т. б. құрылымдар арасындағы матариалдар ағымдарын реттеу.

3. Қоймаларда сақталудағы заттардың есепке алу негізінде олардың ауысып тұруы жөніндегі ақпараттарды толықтай беру мүмкіншілігі.

4. Материалдардың қоймаларда жатып қалмауы, оларды керекті өндіріс бөлімдеріне тез арада жеткізу шаралары.

Slide 7

Ашық қоймаларды орналастыру ерекшеліктері:

Ашық қоймалар метеорологиялық әсерлерден өзгеріске ұшырымайтын (температура, атмосфералық тұнбалар, күн сәулесі және т. б. ) заттар мен бұйымдарды сақтауға арналған. Бұл қоймалар негізінде жер деңгейімен немесе фундамент арқылы көтеріңкі орналасады. Завод алаңында кейбір кішігірім ашық қоймалар автомобильді теміржолды крандармен, қалыптау машиналармен, тасымалдау транспортарымен жабдықталады. Үгілмелі үйілгіш материалдарды сақтайтын үлкен ашық қоймалар эстакадты көпірлі крандармен жабдықталады.

Шатырлар мен платформалар жауын - шашын, қар және күн сәулесінен қорғалынатын заттарға арналған орын.

Заттарды температурадан, атмосфералық тұнбалардан, шаңданудан сақтау үшін бір немесе көпқабатты жабық қоймалар қолданылады. Жабық қоймалар ауданы тенхнологиялық жобалаудың талаптарына сәйкес келу керек.

Slide 8

Қоймалардың өндіріспен байланысы:

Өндірістік қоймалар өнеркәсіп алаңында кәсіпорындарымен комплексті байланыста болу керек:

а) транспорт қызметімен рационалды байланыста болу керек, яғни алып - тасу;

б) кәсіпорындар мен комплекстік механизациялардың технологиялық процестермен байланысы, яғни орталық қойманың аралық қоймалармен және цехтармен байланысы.

Қазіргі заманғы қоймалар өндірісі механикалық транспорттар арқылы материалдардың үздіксіз орын ауыстыруына ерекше көңіл аударады.

Химиялық өнеркәсіпте үздіксіз цикл жүреді. Көптеген жарылғыш заттар өндірісі, шикізаттық қоймалар, өртке қауіпті заттар өндіріс орындарынан арнайы эстакадалы құбырлар, науалар (лотки), конвейерлер және т. б. арқылы шығарылады. Қоймаларды жобалауда басты бағыттардың бірі қойма шаруашылығын ірілендіру және өнеркәсіп алаңына рационалды орналастыру, яғни ауыр операцияларды жетілдіруге, қойма алаңын жетік қолдануға көмектеседі және жоғары өндірістік қоймалардың көтергіш - транспорттық техникалардың енгізілуіне, олардың ыңғайлы қолданылуына себепші болады.

Slide 9

Қоймалар алаңдарының бөлінуі:

Қоймаларда арнайы бөлімдер (алаңдар) алдын ала дайындалу керек: жүктер орналастырылатын негізгі алаң (қатарланып орналастырылған заттардың штабелдері мен стеллаждар) ; оперативтік алаң (өткелдер, яғни сараптау, қабылдап тарату алаңы, өлшеуіш құрылғылары орналастырылған және қызмет көрсету жайлары орналастырылған алаң ) ; конструктивтік алаң (өнімдерді құрастыру, жинақтау жұмыстары) .

Жабық қоймалар орындарында жинақтау мен комплекстік механизациялауды ұйымдастыруға жоғарғы талаптар қойылады, яғни заттарды тиеу мен алып түсіру жұмыстары.

Бір қабатты қоймалардың биіктігі шамамен 3. 6 М; 4. 8 М; және одан да биік болуы мүмкін. Ал, қоймалардың өткелдері - сақталатын заттардың көлеміне, тасымалдаушы көліктерге, сақталатын орнына байланысты жасалады. Қойманың ұзындығы алдын - ала ойластырылған, сақталатын заттар, өнімдер түрлеріне байланысты жобаланады.

Көп қабатты қоймалар арнайы технологиялық талаптарға және техника - экономикалық мақсаттарға байланысты жобаланады. Көбінесе қалалық аудандарда немесе жеріміздің орналасу ұтымдылығына байланысты тұрғызылады. Көп қабатты қоймалардың ені 30 метр шамасында жобаланады. Оларды жүк тасымалдаушы лифтер мен крандар орнатып салады.

Slide 10

Санитарлық және өрт талаптарына сәйкес қоймалар тобы:

Жылдам тұтанғыш, жарылғыш, улы заттардың және өртке қауіпті реактитердің және концентрлі қышқылдарға арналған қоймалар;

Жанар-жағар май материалдарының қоймалары және мұнай базасы;

Кесілген ағаш дайындамалары, қағаз, текстиль және полимерлі материалдар қоймалары;

Ерекше оқшауландыруды қажет ететін қоймалар (радиоактивті материалдар) ;

Өрт қауіптілігі тұрғысынан қауіпсіз материалдарға арналған қоймалар (қосалқы бөлшектер, саймандар және т. с. с. ) .

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Материалдар мен дайындамалардың цехтағы қоймасы
Операция арасындағы қойма және аралық қойма жайлы ақпарат
Санитарлық –гигиеналық нормативтертердің ғылыми негіздеу
Ақаба суларды тазарту әдістері
Қойма принциптері
Өндірістік кооперативтер
КӘСІПОРЫН ШАРУАШЫЛЫҚ ОБЪЕКТІСІ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ БУЫНЫ РЕТІНДЕ
Активтердің тиімділігі
Шығындар түсінігі
Кәсіпорын және оның негізгі өндірістік қорлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz