Өнім сапасы, негізгі көрсеткіштері
Презентация қосу
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы:Өнім сапасы, негізгі
көрсеткіштері
Тексерген: Турусбекова А.С
Орындаған: Шалқарова Ж. Ш
Топ: ХН-221
ӨНІМ САПАСЫ – ӨНІМНІҢ ҚОЛДАНУ МАҚСАТЫНА
СӘЙКЕС ҚАЖЕТТІЛІКТЕРДІ ҚАНАҒАТТАНДЫРУҒА
АРНАЛҒАН ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ЖИЫНТЫҒЫ.
КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІНІҢ БІРІ
РЕТІНДЕ ХАЛЫҚ СҰРАНЫСЫН ЖОҒАРЫ САПАЛЫ
ӨНІММЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
ӨНІМ САПАСЫ ОНЫ ҚҰРАСТЫРУ КЕЗЕҢІНЕН
БАСТАЛАДЫ, ЖАСАУ КЕЗЕҢІНДЕ ҚАМТАМАСЫЗ
ЕТІЛЕДІ, АЙНАЛЫСТА БОЛУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ
КЕЗЕҢДЕРІНДЕ САҚТАЛЫНАДЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ
КЕЗЕҢІНДЕ ҚАЖЕТ ДЕҢГЕЙДЕ ҰСТАУҒА КҮШ
СІҢІРІЛЕДІ.
Қазіргі заманғы нарықтық экономика өнім сапасына
мүлдем басқа талаптар қояды. Кез келген фирманың
нарықтағы орнын сақтау және тұрақты етіп жасау үшін
оның бәсекелестік қабілетін өсіру қажет. Ал фирманың
бәсекелестік қабілеті екі көрсеткішпен байланысты болады
— баға деңгейі және өнім сапасы. Аталған екінші
фактордың дәрежесі бірінші орынға шықты. Тіпті еңбек
өнімділігін өсіру, қорларды үнемдеу шараларының маңызы
өнім сапасын өсіру жұмысынан төмен болып қалды. Сапа
— бұл фирма беделі, пайданың, дамудың қайнар көзі,
барлық дерлік персоналға ең негізгі көрсеткішке айналды.
Өнім сапасының өсу процесі кәсіпорынның нарық
жағдайларында өз орнын сақтау қабілетін қамтамасыз
етуге, ғылыми-техникалық прогрес қарқынын өсіруге,
өндіріс нәтижелігін өсіруге негіз болады.
Өнім сапасының деңгейін төмендетудің
негізгі салдары:
1. Экономикалық
1.1. Сапасы төмен өнімді шығару ға,
тасымалдауға, сақтауға кеткен
материалдық, еңбек шығындары.
1.2. Өндірістік инфрақұрылымдағы
жоғалтулар.
1.3. Жөндеуге кеткен қосымша шығындар.
1.4. Халықтың жөндеуге кеткен қосымша
уақыт шығындары.
1.5. Табиғи қорларды алу үшін қолданылатын төмен сапалы
техниканы қолдану нәтижесінде осы табиғи қорлардың
жоғалтулары.
1.6. Экспорттың төмен үлесіне байланысты алынбай қалған
валюталық табыс.
1.7. Импорттауға байланысты қосымша валютаны ң шы ғындалуы.
1.8. Сапаны техникалық бақылау органдарыны ң қосымша
материалдық және еңбек шығындары.
2.Әлеуметтік
2.1. Отандық өнімнің дефициттілігі.
2.2. Ұлттық кәсіпорындарында шығарылатын өнім беделіні ң
төмендеуі.
2.3. Қажеттіліктерді толық көлемде қанағаттандырмау.
2.4. Халықтың тұрмыстық жағдайының төмендеуі.
2.5. Халықтың тауар жасау дефектілерін жою ға байланысты өз бос
уақытын тиімсіз жұмсау.
2.6. Ұжымдағы моральдық климаттың нашарлауы.
2.7. Кәсіпорын пайдасының азаюы.
3. Экологиялық
3.1. Ауа, су бассейндерін, жерді тазартуға кеткен
қосымша шығындар.
3.2. Халық денсаулығын қалпына келтіруге
байланысты қосымша шығындар.
3.3. Нашар экологияға байланысты ауыл
шаруашылық өнімдерінің шығарылу көлемдерінің
азаюы.
3.4. Ауаның нашар сапасына байланысты ғимараттар
мен транспортты қосымша жөндеуге кеткен және
тездетілген амортизация шығындары.
Өнім сапасын сипаттайтын көрсеткіштер
Өнімнің қасиеттері оның сапа көрсеткіштерінде айқындалады.
Көрсеткіштердің келесі топтары бар.
Қолдану көрсеткіштері өнімді қолданудан болатын пайдалы
эффектіні сипаттайды және қолдану шектерін көрсетеді. (мысалы
машина өнімділігі)
Сенімділік көрсеткіштері өнімнің бұзылмаушылығын, сақталу
дәрежесін (өз көрсеткіштерін сақтау қабілеті), қолдану мерзімін
(өнімді қажет деңгейде сақтау үшін кеткен шығындар).
Технологиялылық көрсеткіштері өнімді шығарғанда немесе
жөндегенде жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ету үшін
конструкторлық-технологиялық шешімдердің нәтижелігін
сипаттайды..
Стандарттау және унификациялау көрсеткіштері — өнім
құрамында стандартты, унификацияланған және бірегей құрамдас
бөліктердің үлесін көрсетеді және басқа өнімдерге қарағанда
унификация деңгейін сипаттайды.
Эргономиялық көрсеткіштер адамның өніммен әрекеттесуін
сипаттайды (гигиениналық, антропометриялық, физиологиялық
және психологиялық қасиеттер).
Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің ақпараттық көркемділігін,
форманың тиімділігін, тұтастығын сипаттайды.
Тасымалдау көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға бейімділігін
сипаттайды.
Патенттік-құқықтық көрсеткіштер өнімнің патентпен
қорғалуын, патенттік тазалығын сипаттайды.
Экологиялық көрсеткіштер — өнімді қолдану, сақтау, тасымалдау
нәтижесінде қоршаған ортаға кері әсер ету қасиеттері.
Қауіпсіздік көрсеткіштері сатып алушыға және қызмет көрсетуші
персоналға қауіпсіздігін сипаттайды. Сонымен қатар, өнімнің бағасы да
өте маңызды көрсеткіштің бірі болып табылады.. Баға көрсеткішіне
байланысты экономикалық тұрғыдан оңтайлы сапа мәселесі туындайды.
Сатып алушы өнімді алғанда оның қасиеттері оның бағасын қайтару ға
жеткілікті ме деген сұраққа жауап беруге тырысады. Бағамен қоса
өнімнің эксплуатациялық сипаттамалары да маңызды орын алады,
өйткені олар осы өнімді қолдануға және жөндеуге кеткен шығындарды
айқындайды.
Экономикалық тұрғыдан оңтайлы сапа деп сапаның шығындарға
қатынасын атайды:
Копт = Q (1)
C∑
мұндағы Копт – экономикалық тұрғыдан оңтайлы сапа;
Q – өнім сапасы;
C∑ - өнімді шығаруға және қолдануға кеткен шығындар, теңге.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Сергеев И.В. Экономика предприятия.
М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 106-
134 б.
2.Бейсенова М., Садықбаева А.
Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы),
Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 54-68 б
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz