Қосылған құнға салық бойынша бюджетпен есеп айырысулардың салықтық есебі
Презентация қосу
ҚОСЫЛҒАН ҚҰНҒА
САЛЫҚ БОЙЫНША
БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП
АЙЫРЫСУЛАРДЫҢ
САЛЫҚТЫҚ ЕСЕБІ
Орындаған: Әбілғазы М.С
УА-205 тобы
Республикалық бюджет кірістерінің ішінде ең
маңыздысы - қосылған құн салығы (ҚҚС). Ол
тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді)
өндіру және олардың айналысы процесінде
қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын
айналым құнының бір бөлігін бюджетке аудару,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының
аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі
аударымды білдіреді. Салық салынатын айналым
бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн
салығы сатылған тауарлар (жұмыстарды, қызмет
көрсетулер) үшін есептелген қосылған құн
салығының сомасы мен алынған тауарлар
(жұмыстарды, қызмет көрсетулер) үшін төленуге
тиісті қосылған құн салығының сомасы арасындағы
айырма ретінде айқындалады.
Салық салу объектілері:
-салық салынатын айналым;
-салық салынатын импорт қосылған құн салығын
салу объектілері болып табылады.
Төлеушілері Қазақстан Республикасында қосылған
құн салығы бойынша есепке тұрған мынадай
тұлғалар:
-жеке кәсіпкерлер;
-мемлекеттік мекемелерді қоспағанда заңды
тұлғалар;
-қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты
мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;
-заңды тұлға сәйкес қосылған құн салығын дербес
төлеушілер ретінде танылған құрылымдық
бөлімшелері қосылған құн салығын төлеушілер
болып табылады.
ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ БОЙЫНША
ЕСЕПКЕ ҚОЮҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
1.Қорытындысы бойынша тауарларды өткізу бойынша
айналымның мөлшері белгіленген өткізу бойынша ең
төменгі айналымнан асатын болса, тұлғалар кез келген
кезең аяқталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен
кешіктірмей қосылған құн салығы бойынша есепке қою
туралы салық органына өтініш беруге міндетті.
2.Өткізу бойынша айналымды анықтау кезінде салықтан
босатылатын өткізу бойынша айналым, егер ондай мүлік
кәсіпкерлік қызмет мақсатында пайдаланылмаса, есепке
алынбайды.
3.Өткізу бойынша айналымның ең төмен деңгейі
көрсетілген кезеңнің соңғы айына белгіленген
айлық есептік көрсеткіштің 15 000 еселенген
шамасын құрайды.
4.Қосылған құн салығы бойынша есепке қойылуға
жатпайтын, бірақ қосылған құн салығын салуға жататын
тауарларды өткізуді жүзеге асыратын немесе жүзеге
асыруды жоспарлаған тұлға қосылған құн салығы
бойынша есепке қою туралы өтінішті салық органына
САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ИМПОРТ ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН ЗАҢДАРЫНА СӘЙКЕС
ДЕКЛАРАЦИЯЛАНУҒА ТИІСТІ, ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНА ӘКЕЛІНЕТІН
НЕМЕСЕ ӘКЕЛІНГЕН ТАУАРЛАР САЛЫҚ САЛЫНАТЫН
ИМПОРТ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
Тауарды (жұмыстарды, қызмет
көрсетулерді) өткізу орны болып:
-егер тауарды беруші, алушы немесе үшінші тұлға
тасымалдайтын болса, тауарды тасымалдау
басталған орын
-басқа жағдайларда- тауарды алушыға беру орны
-егер жұмыстар, қызметтер жылжымайтын
мүлікпен тікелей байланысты болса, осы мүліктің
орналасқан жері
-егер олар жылжымалы мүлікпен байланысты
болса, жұмыстарды, қызметтерді нақты жүзеге
асыратын орын.
Қосылған құн салығын төлеуші
қосылған құн салығы бойынша
декларацияны тапсыру үшін мерзімі
белгіленген күнге дейін немесе сол күні
бюджетке әрбір салық кезеңі үшін
салық төлеуге міндетті. Салық төлеуші
тиіс қосылған құн салығын қоспағанда,
импортталатын тауарлар бойынша
қосылған құн салығы уәкілетті
мемлекеттік органмен келісім бойынша
кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті
орган белгіленген тәртіппен, кеден
төлемдерін төлеу үшін Қазақстан
Республикасының кеден заңдарында
белгіленген күні төленеді.
САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ САЛЫҚ САЛЫНАТЫН
АЙНАЛЫМ МӨЛШЕРІН ТҮЗЕТІ:
-тауарлар толық немесе ішінара
қайтарылған;
-мәмленің шарттары өзгерген;
-өткізілген тауарлар үшін баға, өтем
өзгерген;
-өткізілген тауарлар үшін теңгемен
төлеу кезінде құнының айырмасын
алған.
ҚҚС СТАВКАСЫНЫҢ КЕМУ
САЛДАРЛАРЫ ӘРТҮРЛІ.
Біріншіден, ҚҚС ставкасының кемуі есебінен салық
төлеушіде, әсіресе өнімді даярлаудан өтізуге дейін ұзақ
уақыт өткен кәсіпорындарда айналым қаржылары
неғұрлым аз жұмсалатынын атап өту керек. ставканың
кему олардың айналым қаржыларын үнемдеуіне, демек
салық жүктемесін азайтуына мүмкіндік береді.
Екіншіден, ҚҚС ставкасы кеміген кезде салық
төлеушілердің өз жұмыстарына немесе көрсететін
қызметтеріне баға қалыптастыруға екі көзқарасты
болжауға болады.
Бірінші көзқарас, бағаларды өзгеріссіз қалдыруда
болып табылады, яғни ҚҚС ставкасы кеміген кезде
салық төлеушінің қарауында қалған табыс сомасы
ұлғайтылады. Екінші көзқарас, салық төлеушілер өз
бағаларын төмендету жағына қарай түзету жасайтын
нұсқа да болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасында
қосылған құн салығын төлеуші болып
табылмайтын резидент еместен
жұмыстар, қызмет көрсетулер алынған
жағдайда, аталған жұмыстар, қызмет
көрсетулер белгіленген тәртіппен
алушының салық салынатын
айналымына енгізіледі.
Салық салынатын импорт Қазақстан
Республикасының кеден заңдарына
сәйкес декларациялануға тиісті,
Қазақстан Республикасының аумағына
әкелінетін немесе әкелінген тауарлар
салық салынатын импорт болып
табылады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz