Балалардың тілін дамыту жүйесіндегі лексикалық, синтаксистік, стилистикалық жаттығулардың маңызы туралы ақпарат



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы: Балалардың тілін дамыту жүйесіндегі лексикалық, синтаксистік, стилистикалық жаттығулардың маңызы.
Орындаған: Оразбаева Ғ.
Тобы: П-305
Тексерген: Тәттімбетова С. Ж.
Семей 2015 жыл

Жоспар:
- Балалардың тілін дамыту жүйесіндегі жаттығулардың маңызы.
- Лексикалық, синтаксистік, стилистикалық жаттығулардың маңызы.

Мектепке дейінгі тәрбиеде, мектепалды дайындықта, жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары бастауышта одан әрі үздіксіз жүргізіліп отырады. Бұл жұмыстар мынадай міндеттерді жүзеге асыруы тиіс:
1) Жаңа сөздер үйрету
2) Орфоэпиялық нормаларды меңгеру
3) Байланыстырып сөйлеуді дамыту
4) Сөйлем құрылымын жетілдіру
5) Мәтінді жүйелі баяндауға дағдыландыру
Осы мақсаттарды жүзеге асыру ана тілі сабақтарында үнемі назарда болады. Сөздік қорды байыту, жаңадан үйренген сөздерді тұрақты қолданысқа түсіру, сөйтіп, сөздік қордың мазмұны жағынан байып, белсенділігі артуы тәрбиеші- мұғалімнің әдіскерлік шеберлігін, балалармен жасалатын өз бетіндік жұмыстық мазмұнына тікелей қатысты.

Балалардың тілін дамытуда сөздік қорын молайтумен қатар, сол сөздерді түсінікті айта қорын молайтып, тілін дамыту өзін қоршаған өмір шындығын бақылаумен тығыз байланыста жүргізіледі. Сондықтан тәрбиеші әр сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда балаға сөз үйретуде заттың атауын білдіретін сөздерді де меңгеру керек. Тәрбиші балаға бағдарлама талаптарына сәйкес әр заттың белгілі жағымен қоса, бұрын белгісіз жаңа белгімен таныстырады. Мысалы, бала бұрын доп, қуыршақ т. б. сөздермен таныс болса, ендіг кезекте - мына доп үлкен, қызыл. Мына қуыршақ кішкене, ал мынау үлкен - деп, түсіндіру отырып, сәбилерді сөйлеуге үйретеді.

Тәрбиеші балалармен сөзбе-сөз қарым-қатынас жасағанда сабақ үстінде баланың әр сөзді анық та дұрыс дыбыстап айтуын бақылап, түзетіп отыру қажет. Әсіресе, зат ретіндегі сөздерді өзара байланыстыра сөйлеп үлгі көрсетіп, баланың сөйлем құрап айта алуына бағдар беріп жаттықтыру қажет. «Қыз доппен ойнады. » деген сөйлемдегі затты білдіретін және қимылды білдіретін сөздерді тапқызу, қалай байланысып түғаннын түсіндіру.

Ересек балалар тобындағылардың сөз қорын байытуда мыналар ескеріледі. Жалпы лексика көлемін кеңейте отырып, кейбір сөздің көпмағыналы болып келетінін білдіру. Арнайы жаттығулар әр сабақ сайын 5-7 минут мөлшерінде жүргізіледі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісіне тәрбиешінің
Балалардың сөздік қорларын дамыту, жаңа сөздерді меңгеру, үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндеті болып саналады.

Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорларын дамыту ісіне ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуын ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Сөздік қорын дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі рөл алады.
Ойын (жаттығу) «Қажетті сөзді»
Ойынның мақсаты: тапқырлыққа, ойланып жауап беруге үйрету, сыққақ сезімін дамыту.
Ойын ережесі: тәрбиеші - мұғалім бір сөз атайды, балалар соған қажет заттардың атына байланысты сөздерді тез айтуға тиісті. Мысалы, тәрбиеші:
-Тоқылатын заттарды ата десе, балалар:
-Шұлық, шәлі, қолғап, жемпір, -деп жауап береді.
-Қайда, немен, кім тоқиды?
-Фабрикада, үйде, бізден, машинамен, тоқымашы тоқиды.
-Тігілетін заттарды ата.
-Көйлек, етік, тымақ, көрпе. Т. б.
-Қайда, немен, кім тігеді ?
Осылай кете береді. Тәрбиеші бақылау заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу жәнеқұрастыру, саяхат, ойын сабақтарынұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын байытады.

Сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы:
«Сөз ойла»,
«Сөз құра»,
«Үш сөз ата».
Сонымен қатар баллардың сқздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта» сияқты жаттығу тапсырмалар балалардың сөздік қорларын дамытып, таным белсенділңктерін арттырады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz