Өндірістік жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу


Slide 1

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Өндірістік жазатайым оқиғаларды

тергеп-тексеру және тіркеу

Орындағандар:Қыдырмолданова А. М

Марданова А. Е, Кумашева А. А

Ерсаинов Д. Е, Мусаев А. С

Топ: П- 411

Тексерген:Жуманова Г. Т

Семей 2015 ж

Slide 2

Жоспар

1. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп- тексерудің жалпы жағдайлары

2. Жұмыс берушінің жазатайым оқиға кезіндегі міндеті

3. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудiң тәртібі

4. Арнайы тергеп-тексеру

Slide 3

1. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды

тергеп- тексерудің жалпы жағдайлары

1) жұмыс уақыты басталар алдында немесе аяқталғаннан кейін жұмыс орнын, өндіріс құрал-жабдықтарын, жеке қорғану құралдарын дайындау және ретке келтіру кезінде; 2) жұмыс орнындағы жұмыс уақыты ішінде не жұмыс берушінің немесе ұйымның лауазымды адамының тапсырмасы бойынша еңбек немесе өзге де міндеттемелерді орындауға байланысты басқа жерде болғанда;

Slide 4

3) зиянды өндірістік факторлар әсерінің нәтижесінде; 4) жұмысы қызмет көрсету объектілері арасында жүрумен байланысты қызметкер жұмыс уақытында жұмыс берушінің тапсырмасы бойынша жұмыс орнына бара жатқан жолда;

5) қызметкердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде жұмыс берушінің көлігінде өзге де іс-әрекеттер жасау кезінде болса, өндірістегі жазатайым оқиғалар ретінде тергеп-тексеріледі және есепке алынады.

Slide 5

Тергеп-тексеру барысында жарақаттар мен зақымданулардың: 1) зардап шеккен адамның өз бастамасы бойынша жұмыстарды түскі ас үзілісі кезеңінде, сондай-ақ алкогольдік мас болу, уытты және есірткі заттарды пайдалану күйінде орындаған кезде;

2) өз денсаулығына қасақана зиян келтіру нәтижесінде немесе зардап шеккен адам қылмыс жасаған кезде; 3) зардап шеккен адам денсаулығының медициналық қорытындымен расталған, зиянды өндірістік факторлардың әсерімен байланысты емес жараланса, олар өндірістік жарақаттар және қызметкерлер денсаулығының өндірістегі зақымданулары ретінде рәсімделмейді.

Notes: ы

Slide 6

2. Жұмыс берушінің жазатайым оқиға

кезіндегі міндеті

зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді және қажет болған кезде, оны денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыруға;

авариялық жағдайдың өршуінің және жазатайым оқиғаның орын алуы-на себеп болған факторлардың басқа адамдарға әсер етуін болғызбау жөнін-дегі шұғыл шараларды қабылдауға;

Slide 7

өндірістегі жазатайым оқиға жөнінде зардап шеккен адамның жақын туыстарын дереу хабардар етуге;

арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүшелерін өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру үшін оқиға болған жерге кіргізуге;

өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тіркеуді, есепке алу мен талдауды жүзеге асыруға міндетті.

Slide 8

Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссияның талабы бойынша жұмыс беруші өз қаражаты есебінен: 1) техникалық есептеулердің орындалуын, зертханалық зерттеулердің, сынақтардың, басқа да сараптама жұмыстарының жүргізілуін; 2) оқиға орнын және зақым келтірілген объектілерді фотосуретке түсіруді, жоспарлар, эскиздер, схемалар жасауды; 3) көлік, қызметтік үй-жай, байланыс құралдарын, арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және тексеру жүргізу үшін қажетті басқа да жеке қорғау құралдарын беруді;

Slide 9

3. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудiң тәртібі

Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жазатайым оқиға болған кезден бастап жұмыс берушінің актісімен жиырма төрт сағат ішінде құрылатын, мынадай құрамдағы комиссия жүргізеді:

төраға - ұйымның (өндірістік қызметтің) басшысы немесе оның орынбасары;

мүшелері - ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы және қызметкерлердің өкілі.

Slide 10

Қатерлі улану жағдайында комиссияның тергеп-тексеруіне халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік ор-ганның өкілдері қатысады.

Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру мерзімі комиссия құрылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Өндірістік практикадан өтіп жүрген, жалпы білім беретін, кәсіптік мектептерде және жоғары оқу орындарында оқитын адамдар ұшыраған жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді жұмыс берушінің және зардап шеккен адам өкілінің қатысуымен өз аумағында оқиға болған ұйымның басшысы құратын комиссия жүргізеді.

Slide 11

4. Арнайы тергеп-тексеру

Арнайы тергеп-тексеруге:

ауыр немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалар;

зардап шеккен адамдар жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қара-мастан, бір мезгілде екі және одан да көп қызметкерлер ұшыраған топтық жазатайым оқиғалар;

қатерлі уланудың топтық оқиғалары жатады.

Slide 12

Арнайы тергеп-тексеруді комиссия мына құрамда жүргізеді: төраға - мемлекеттік еңбек инспекторы; мүшелері - жұмыс беруші және қызметкерлердің өкілі.


Ұқсас жұмыстар
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және тіркеу тәртібі
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау: нұсқаулықтар, өндірістік жазатайым оқиғаларды тіркеу және жұмыс орнындағы микроклиматты бағалау
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау нұсқаулығын әзірлеу, өндірістік жазатайым оқиғаларды тіркеу және жұмыс орнындағы микроклиматты бағалау
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері: түрлері мен рәсімдері
Өндірістік босалқы қорларды бухгалтерлік есепке алу және бағалау әдістері
Өндірістегі қайғылы оқиғаларды тергеу мен есепке алу: хабарлау тәртібі, комиссиялар және өрт қауіпсіздігі талаптары
Өндірістік шығындарды ұйымдастыру және есепке алу: негізгі қағидалар мен шоттық құрылым
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудегі жауап алу, куәландыру, тану, тінту және эксгумация тәртіптері
Жетісай аудандық Асық ата ауруханасының 2023 жылғы аккредитациясына дайындық: қауіпсіздік мәдениеті және оқыс оқиғаларды басқару
Материалдық ресурстар: анықтама, есепке алу және басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz