Жекешелендіру


Slide 1

Жекешелендіру

Slide 2

Жекешелендіру - бұл заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттен мемлекеттік меншік объектілерін, сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың өзгертілуі арқылы құрылған акционерлік қоғамдардың акциялар үлесін алуы.

Slide 3

Жекешелендіру экономиканы қайта құрудың аса маңызды элементі болып табылады. Өйткені, жекешелендірудің бірқатар артықшылықтары бар: 1. Микроэкономикалық артықшылықтары: - капиталды инвестициялау; - өзіндік құнды төмендету және тиімділікті көтеру; - жаңа басшылық; - жаңа технологиялар.

Slide 4

2. Макроэкономикалық артықшылықтары: - бәсекелестіктің күшеюі; - қаржылық тұрақтылық; - капитал нарығының дамуы; - әлеуметтік бағдарламалар; - тікелей шетел инвестицияларын тарту. 3. Шетелдік инвесторлар үшін пайдалы болуы: - жаңа нарықтар; - тәуекелдің төмендеуі; - нарыққа кірудегі ең төменгі тосқауылдардың болуы; - тұтынушылар үшін пайдалылығы.

Slide 5

Жекешелендірудің түрлері: 1. Кіші жекешелендіру - жұмысшылар саны 200 адамға дейінгі мемлекеттік меншіктің шағын объектілерін жекешелендіру. 2. Жаппай жекешелендіру - жұмысшылар саны 200 адамнан асатын орта кәсіпорындарды жекешелендіру. Басқаша, бұл купондық жекешелендіру деп аталады. 3. Жеке жобалар жекешелендіру - жұмысшылар саны 5000 адамнан асатын ірі және стратегиялық маңызы бар мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру. 4. Жекеше жекешелендіру - мемлекеттік меншік объектілерін жекелеген бөліктерге бөліп жекешелендіру. 5. Қарапайым кездейсоқ жекешелендіру - мемлекет тарапы-нан бақылау орын алмайтын жекешелендірудің түрі.

Slide 6

Жекешелендірудің әдістері: 1. Аукциондар, бұлар конкурстар жариялау арқылы қандай да бір мүлікті сату және сатып алу тәсілдерін қарастырады. Бұл жерде үміткерлер қатысатын ашық сауда коммерциялық конкурс арқылы жүргізіледі. Коммерциялық конкурс - максималды бағасы ұсынылып, сатып алушы қойылған шартты толық орындауға келіскен жағдайда мемлекеттік меншік объектілерін сату. 2. Акцияларды сату, яғни кәсіпорын капиталындағы үлестерді сату. Бұл жерде тендерлер жарияланып, үміткерлер қатысатын жабық сауда инвестициялық конкурс арқылы жүргізіледі. Инвестициялық конкурс - коммерциялық конкурсқа ұқсас, бірақ жеңіс өлшемдері жекешелендіру объектісінің инвестиция мерзімі мен мөлшері болып табылатын сауда-саттық.

Slide 7

3. Жалға берілген кәсіпорындардың мүлкін сатып алу. Бұл жерде кәсіпорындарды сату аукциондар арқылы ашық сауда тәсілдерімен жүргізіледі және сатып алушыға максималды баға қоюдың талабы ұсынылады. Қазақстанда кең көлемді жекешелендіру 1991 жылы басталды. Бұл үдерістің негізгі бағыттары үш кезеңнен өтті. Үкіметтің бағдарламалары бойынша 31 мың кәсіпорынды мемлекетсіздендіру және жекешелендіру жоспарланды. 1991-1992 жылдарға арналған мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің алғашқы ұлттық бағдарламасы мемлекеттік меншікті басқа нысандарға айналдыруды, азаматтардың мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктерін (акцияларын) сатып алуды мақсат етіп қойды. 1993-1995 жылдарға арналған екінші ұлттық бағдарлама кіші, жаппай және жеке жобалар бойынша жекешелендірудің түрлерін қарастырып, нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасауды мақсат етті. 1996-1998 жылдарға арналған үшінші ұлттық бағдарлама негізінен жекешелендіру үдерісін аяқтау арқылы экономикада жеке сектордың басымдылығына қол жеткізіп, оны бекітуді мақсат етті.

Slide 8

Бірінші кезең. Кіші жекешелендіру 1991-1992 жылдары жүргізілді. Бұл кезеңде сауда, қызмет көрсету аясындағы кіші және орта кәсіпорындардың 50%-ы жекешелендірілді. Мемлекеттік меншіктің мөлшері мен құрамын белгілеу, меншік құқығын беру тетіктерін әзірлеу шаралары жүзеге асырылды. Екінші кезең. Үлкен және жаппай жекешелендіру 1993-1996 жылдары жүргізілді. Бұл кезеңде орта және ірі кәсіпорындар жекешелендірілді. Бұл кезең кіші жекешелендіру бағдарламасының аяқталуын, жаппай жекешелендіру және жеке жобалар бойынша жекешелендіруді белсенді іске қосуды көздеді. Бұл жерде жаппай жекешелендірудің мынадай артықшылықтарын көрсетуге болады, біріншіден, жаңа жұмыс орындарын құру есебінен жұмысбастылықты көтеруге жағдайлар туындайды, екіншіден, жаппай жекешелендіру шаралары үлкен мемлекеттік шығындарды талап етпейді. Сонымен қатар, жаппай жекешелендіру мемлекеттің халыққа ұлттық мүлікті қайтару шарасын мақсат тұтып, кәсіпорындарды кең көлемде қайта құрылымдауды, оларды басқаруды жетілдіруді және қаражаттардың қосымша көздерін қамтамасыз етуді қарастырады. Республиканың жұмысқа жарамды халқының 17%-ның тағдыры жаппай жекешелендірудің нәтижелеріне тәуелді болып табылды.

Slide 9

Үшінші кезең. Жеке жобалар бойынша 1997-2000 жылдары жүргізілген жекешелендіру жекешелендірудің аяқталу кезеңі деп аталады. Күтілген оң нәтижелері: экономикалық тиімділіктің өсуі, кәсіпорындарды басқаруды жетілдіру, жекешелендірілген кәсіпорындардың және олардың өндірген тауарларының бәсекелік қабілеттілігін көтеру.

Slide 10

Назарларыңызға рахмет!!!

Орындаған: Жақашева А. Д АУ-401


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының жекешелендіру мәні
Қазақстан Республикасының жекешелендіру және оның ерекшеліктері
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері
1) Экономикалық теорияның қалыптасу кезендері. 2) Экономика ғылым саласында Нобель сыйлығының лауреаттары. 3) Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру процесі
Жекешелендірудің инвистициялық купондары мен жекешелендіру
МЕНШІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНСТИТУТ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ МАҚСАТЫ
Меншікжәне әлеуметтік - экономикалық қатынас
Меншік иесі, заттаң
Қазақстан Республикасының меншіктік қатынастардың қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz