Педагогикалық құзыреттілік туралы түсінік


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Педагогика факультеті

Тақырыбы: Педагогикалық құзыреттілік туралы түсінік.

Орындаған: Магнұрова М. А

Топ: П -227

Тексерген: Оралбекова Б. С

Slide 2

Жоспар:

Құзыреттілік және құзырет ұғымдарының арақатынасы

Педагогикалық құзыреттілік түрлері

Slide 3

«Құзыреттілік» терминін ХХ ғасырдың ортасында американдық ғалым Н. Хомский енгізген болатын, бастапқыда ол ана тілінде нақты тілдік қызметті орындау үшін қажет қабілеттіктер деген түсінік берді.

«Құзыреттілік» ұғымы бүгінгі күні оқыту үрдісінде білімді қолданудың ақырғы нәтижесі ретінде қарастырылуда. Оқыту үрдісінде «құзыреттілік» ұғымы студенттердің білімі мен тәжірибесін, дағдылары мен біліктерін белгілі бір мәселені шешуде қолдануы болып табылады.

«Құзыреттілік» - бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігін айтады.

Slide 4

«Құзыр» - тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан сапаларының жиынтығы,

«Құзырет» -тұлғаның қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға қабілетінің дайындығы. Сыртқы ресурстарға білім, білік, дағды, құзыреттіліктер (іс-әрекет тәсілдері), педагогикалық-психологиялық ерекшеліктер, құндылықтар жатады.

Жалпы құзырет - өз бетімен білім алуға, оның барысында пайда болатын танымдық проблемаларды өз бетімен шешуге, өзінің позициясын белгілеуге жеткілікті білімділік деңгейі.

Slide 5

Бұл екі ұғымның мазмұны түрлі болып табылады. «Құзірет» ортаның талабын, ал «құзіреттілік» адамның осы ортаға сай болуын көрсетеді.

Яғни, «құзірет» адамға қатысты сыртқы қызметтік міндеттерін сипаттау үшін, ал «құзіреттілік» ішкі, тұлғалық қасиеттерді көрсету үшін пайдаланылады.

Жоғарыда берілген анықтамалардың негізінде «құзырет», «құзыреттілік» ұғымдарын былайша түсіндіруге болады: құзырет нақты өмірлік жағдайда тиімді қызмет ету үшін тұлғаның өз білімін, біліктілігі мен дағдыларын жұмылдыруға дайындығы болса, ал құзыреттілік тұлғаның өзіне қатысты құзыреттіліктерді меңгеруі, иеленуі, яғни біліктілік пен қызметтілікке деген оның жеке қарым-қатынасы.

Slide 6

Аталған «құзыреттілік», «құзыр» ұғымдарының қолданыстағы білім, білік, дағдыдан айырмасы бар.

Айталық,

білімнен айырмасы - қызмет жөніндегі ақпараттық сипатта емес, өнімді қызмет формасы түрінде байқалады;

дағдыдан айырмасы - оқыған материалды топтастыра, құбылыстарды, заңдылықтарды шығармашылықпен пайдалана отырып өзгерте алатын саналы қызмет;

біліктіліктен айырмасы - бірнеше пән дағдыларын кіріктіру, жалпы қызмет негіздерін сезіну.

Slide 7

Педагогтың құзыреттілігі - педагогикалық қызметті жүзеге асыру барысында теориялық және тәжірибелік дайындықтың бірлестігі.

Slide 8

Педагогикалық құзыреттілік түрлері:

Slide 9 Slide 10

Жалпы кәсіптік құзыреттілік.

Бұл құзіреттілік әр сала маманының кәсіби мазмұнына сай қарастырылған.

Оқыту технологиясы бойынша білім беру мақсаты - оқушыларға өндірістік ситуациялар беру арқылы өз бетінше жұмыс жасау қабілетін, дұрыс шешім қабылдау мүмкіндігін қалыптастыру арқылы бәсекеге қабілетті маман ретінде дамуына көмектесу.

Slide 11

Арнаулы құзыреттілік.

Арнаулы құзіреттілік - маманның сала ерекшелігіне байланысты кәсіби мәселелерді шешу, білім және іскерлік деңгейін көтеру сияқты қабілеттермен байланысты.

Қазіргі заманғы білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау. Өйткені қоғамда «орындаушы» адамнан гөрі «шығармашыл» адамға деген сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір дәлелдеп отыр.

Slide 12

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы - 2008

Мырзабаев А. Б. Шығармашылықты дамытуда белсенді оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері. Қарағанды: Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, 2004 .

Б. А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе. Aлматы. - 2005.

К. Құдайбергенова. Құзырлылық - тұлға дамуының сапалық критерийі. 2008.

Slide 13

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
ҚҰЗІРЕТТІЛІК ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Педагогикалық құзыреттілік ұғымы
Мұғалім тұлғасы
Құзіреттілік
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекет бойынша білім берудің бес саласы- бала тәрбиесінің басты құралы
Педагогикалық (кәсіби) құзіреттілік
Мұғалімнің теориялық дайындығы
Педагогикалық құзыреттілік
БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БАСТАУЫШ
Оқытушының кәсіби құзыреттілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz