Дискретті кездейсоқ шамалардың ықтималдықтары мен үлестіру заңы

Дискретті кездейсоқшаманың ықтималдықтарын үлестіру заңы
Қазақстан Республикасы бәләм және ғылым министірлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
“Геодезия және құрылыс” кафедрасы
Орындаған: Акманов А. Е.
Тексерген: Мухаметов Е. М.
Семей 2015
КІРІСПЕ
Эконометрика сөзі екі сөзден тұрады . «экономика» және «метрон». (грек сөзі - метрон ) Терминнің өзі эконометриканың мынадай ғылым екендігін білдіреді: экономикалық теория арқылы ашылған және негізделген байланыстар мен қатынастардың сандық мағынасын білдіретін ғылым. Й. Шумпетер (1883-1950) алғаш рет бұл пәннің «эконометрика» деп аталуына атсалысқан. Ал кеңес ғалымы А. Л. Вайнштейн (1892-1970) бұл ғылым грек сөзі «метрияға» ( геометрия, планиметрия) негізделгенін және «эконометрика» сөзіне сәйкес болатынын айтқан. Сонымен эконометрика пәні- экономикалық құбылыстарды талдау мен өлшеуге негізделген пән. Эконометриканы оқу үшін бірнеше пәнді де үйрену керек. Атап айтқанда, экономикалық теория, статистикалық және математикалық әдістер.
Дискретті кездейсоқ шамалардың үлестіру заңы деп оның мүмкін мәндері мен олардың ықтималдықтарының сәйкес келуін атаймыз және бұл заң таблицалық, аналитикалық немесе графикалық түрде беріледі.
Заң таблицалық түрде берілген жағдайда, таблицаның 1-ші жолында олардың ықтималдықтары беріледі.
X х1 х2 … хn
р р1 р2 … рn
Кездейсоқ шама бір санақ кезінде тек бір ғана мүмкін мән қабылдайтын болғандықтан, оқиғалары, оқиғалардың толық тобын құрайды, демек бұл оқиғалардың ықтималдықтарының қосындысы 1-ге тең болады.
Мысал. Заттай лотереяға 100 билет шығарылған, оның ішінде 50 теңгелік 1 ұтысжәне 1 теңгелік 10 ұтыс бар. 1 билет алған адамның ұту мүмкіндігі Х кездойсоқ шамасының үлестіру заңын тап. -тің мүмкін мәндері:, , ,
Үлестіру заңы
X 50 1 0
р 0, 01 0, 1 0, 89
Тексеру: 0, 01+0, 1+0, 89=1
Бернулли формуласымен анықталатын ықтималдықтардың үлестіру заңын биномдық үлестіру деп атаймыз.