Жаңашыл педагогтар




Презентация қосу
Жаңашыл педагогтар
Шалва Александрович
Амонашвили

Педагогикалық ғылым мен тәжірибеде академик
Амонашвили Ш.А. – бастауыш мектеп оқушыларына
эксперименталдық білім беруді енгізген жаңашыл
мұғалім. Ол РБА академигі болып табылатын Грузия
мен Ресейде танымал ғалым және практик педагог.
Ш.А. Амонашвилидің
идеясы
«мұғалім-оқушы» жүйесінде педагогикалық
ынтымақтастық идеясы
«гуманды педагогика» жеке тұлғаға ерекше
көзқарас педагогикасы
тіл мен математиканы оқытудың ерекше
әдістемелері
«Гуманистік-тұлғалық педагогика қағидалары
негізінде бастауыш білім беру сот ісі туралы
трактатта» суреттелген «Өмір мектебі»
технологиясы.
Виктор Федорович Шаталов

1929 жылы туған) – украин педагогы. В.Ф.Шаталов тәжірибесінің бірінші
ерекшелігі - оқу процесін оқушылардың іс-әрекетін, танымдық жұмыстарын
кезеңдерге, бөліп, мұғалімнің қатаң түрде басқаруы. Шаталов 1-кезеңде
тақырыпты жан-жақты түсіндіріп, 2-кезеңде тірек плакаттарын қолданып,
қысқаша түсіндіріп, 3-кезеңде оқушыларға тірек сигналдары (тірек
плакаттарының кішірейтілген түрі) беріліп, оларды балалар өз альбомдарына
желімдеп, 4-кезеңде оқушылар оқулықпен және тірек сигналдарымен үйде
жұмыс істейді. 5-кезеңде сабақ үстінде тірек сигналдарын естеріне түсіріп,
дәптертеріне жазып, 6-кезеңде оқушылар мұғалімге тақырып бойынша
ауызша жауаптар береді. Сонымен теориялық материалмен жұмыс 6 кезеңнен
тұрды. Шаталов тәжірибесінің екінші ерекшелігі – бағдарлама нық бір-
бірімен байланысты немесе қарама-қарсы тақырыптарын біріктіріп оқыту.
Қ.М.Нұрғалиев

Идеясы:
Боран мектебін білімдар әрі бала жүрегіне сезімтал ұстаздар
ордасына айналдыру, жаңалыққа ұмтылуды мақсат ету, жаңалық
үшін ғана емес, жалпының игілігі үшін жұмыс істеу. Жаңашыл
ұстаздың басына тән басты қасиеттер: ерен ерлігі,
жауапкершілігі, еңбекқорлығы, турашылдығы, біліктілігі, талап
қойғыштығы, ұйымдастырушылық қабілеті, адамгершілігі,
педагогтың ізденімпаздығы, шығармашылығы.
Архимед Мыңбайұлы Ысқақов

Негізгі идеялары мен тәжірибелері:
Көпшілік Архимед мектебін "Болашақ" мектебі дейді. Оқу-тәрбие
жұмысында бетбұрыс жасау идеясын ұсынып, әр оқушының еркін дамуына,
азамат ретінде белсенді әрекет етуін, мүмкіндік туғызатын мектептің жаңа
моделін құру идеясын ұсынды. Педагогикалық процесті еркін
демократиялық негізде жүргізу де Мыңбаевтың идеясы. Архимед мектебінің
басым көпшілігі ерекше тәрбиені қажет ететін әдеттегі қиын балалар деп
аталып жүрген 9-10 сынып оқушылары. Алайда, педагогикалық ұжым өз
еріктерімен келген жасөспірімдердің ешқайсысын қиын оқушы деп
есептемейді. 200 жасөспірімнің барлығын да, өздерінің бейімділігі мен ынта-
ықыласына қарай іске тартып, сенім артып, адал еңбектің пайдасына
Р.Нұртазина

Педагог-әдіскер, Қазаң ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі
(1966), Социалистік Еңбек Ері (1968), педагогика
ғылымдарының кандидаты (1974). Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогика институтының орыс тілі мен әдебиеті факультетін
бітірген (1951). Алматыдағы №12 қазаң орта мектебінде 14 жыл
бойы басшылық етіп, орыс тілі мен әдебиетінен дәріс берді.
200-ден астам ғылыми зерттеулер мен оқу-педагогикалық
еңбектердің авторы, қазақ мектептеріндегі орыс тілі әдебиеті
бағдарламасын құрастырушылардың бірі.
Игор Павлович Волков

Ресей Федерациясының еңбегі сіңген мұғалім,
жаңашыл педагог. Ол Мәскеу облысының Реутов
қаласында істейді. И.Волков шығармашылықты
дамыта оқыту технологиясын әзірлеп, іске асырған.
Идеясы: жаңа материалды «ірі блоктар» арқылы
меңгеру;
оза отырып оқыту идеясы (сабақтың бастапқы
бірнеше минутының сабақ барысында
меңгерілетін ұғымдарға арналуы);
даму деңгейі әр түрлі балаларды қосымша
сабақсыз, кез келген «теңеусіз», ата-аналардың
көмегінсіз бірге оқытып, білім беру міндеті.
Қанипа Бітібаеваның
тұжырымдамасы

Қ.Бітібаева әдебиетті "өмір сабағы, өнер сабағы, ой
сабағы, ойлану сабағы" – деп біледі. Ол өзінің әр
сабағын кішігірім өнер туындысы дәрежесіне
көтеруді мұрат еткен ұстаз. Қанипа өткір ойы, батыл
пікірі, оқу тәрбие процесін жетілдіруде тың серпіні
бар, шығармашылық зертханасы қалыптасқан өте
іскер жаңашыл мұғалім.
Қолданылған
әдебиеттер:

1. Ж. Әбиев, С.Бабаев, А. Құдиярова. Педагогика . – Алматы :
Дарын , 2004.
2. Таубаева Ш. Т. , Лактмонова С.Н. , Педагогическая инновация
как теория и практика нововедений в системе образавания :
научный фонд и перспективы развитие . /Книга 1/- Алматы:
Научно – издательский центр «Ғылым » 2001.
3. Жаңашыл педагогтар іс-тәжірибелері. – Алматы,1991.
4. Педагогикалық ізденіс. – Алматы, 1990. – 8-58; 58-100,
147,215-беттер.

Ұқсас жұмыстар
Жаңашыл педагогтар туралы
Жаңашыл педагог қызметі, идеялары
Жаңашыл педагог идеялары. Шалва Александрович Амонашвили
ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГ ИДЕЯЛАРЫ
Оқытудың белсенді формасы мен әдістері
МҰҒАЛІМ ОҚЫТУ
Тәрбиенің ұлттық ерекшеліктері
Педагогикалық тәжірибе
Дарынды балалармен жұмыс
Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымдарында инновациялық іс- әрекеттерді қолданудың жаңа бағыттары
Пәндер