Уоррен Баффеттің бизнес жоспары
Презентация қосу
Уоррен Баффеттің бизнес
жоспары
Қазірде 70 миллиард долларға жуық
дәулеті бар Уоррен Баффетт Блумберг
қаржы порталындағы мықтылардың
тізімінде үшінші орында тұр. Сексенді
алқымдаған дабыралы бизнесмен
байлығының комақты бөлігін іргесін өзі
қалап, бағдарын инвестиция тарабына өзі
бұрған Berkshire Hathawaysкомпаниясында
тауыпты. Ең қызығы, атышулы
компанияның 10 миллион ақциясы (құны
$31 миллиард) 2006 жылы Билл Гейтстің
қайырымдылық қорына аударылған. Көзі
тірісінде байлығының едәуір бөлігін
заңды мұрагерлеріне емес, әлемнің түкпір-
түкпірінде денсаулық сақтау, білім беру
жүйелерін жақсарту арқылы кедейлікпен
күресіп жүрген Гейтстің қорына табыстауы
бекер емес. Өзі жиі қайталайтын
“Балаларыма жеткілікті қаржы
қалдырамын, бірақ әлгі байлық олардың
көп уақыт ас ішіп,
аяқ босатуына мүмкіндік бермейді” деген
сөзі көп нәрсені аңғартады.
Әсілі, Баффетт пен оның досы Чарльз
Мунгердің инвестиция құю өнеріне арнайы
тоқталып, бажайлап түсіндірген кітаптар
шаш-етектен.
Тіпті, оқшау Баффетология ғылымы да
бар. Бенжамин Грэхэмді
ұстаз тұтып, оныңIntelligent Investor атты
толымды еңбегін жіті оқыған Уоррен
Баффетт инвестиция әдістерімен ара-тұра
бөлісіп тұрады. Бүгінде Қытайдың ең алып
компанияларының бірі –Fosun
International оның кеңестерін ұтымды
қолданып, оза шауып жүргендердің
қатарында.
Уоррен Баффетт және қаржылық есептердің түсіндірмесі (Warren
Buffett and Interpretation of Financial statements) атты кітапта оны ң әдіс-
тәсілдері егжей-тегжейлі сыпатталады.
Мысал үшін, әлемнің маңдайалды
инвесторының пайымдауынша, ұтықты инвестиция
деп жыл сайын тұрақты өсімі бар компанияға
құйылған қаржыны айтады. Ондай компания өзінің
индустриясында топ жарып, бәсекелес шақ
келтірмеуі тиіс. Ерекше өнімі немесе айрықша
қызметі бар компанияларды Уоррен Баффетт
ең орайлы компаниялар қатарына жатқызады.
Олардың арасында –Coca-Cola,
Wrigley’s немесе Moody’s бар. Сапасы жоғары өнім
шығаратын және елден бөлек қызмет
көрсететін айдындыWal-Mart пен Costco да Уоррен
Баффетті қызықтыратын алыптардың бірі.
Барлық тұрғысы ұтымды, бәсекелестік қабілеті күшті компаниялар
төл тауарларына немесе қызметтеріне атаулы өзгеріс жасауды керек
етпейді. Ақша құюдың тісқаққан, әккі маманы Уоррен Баффетт қандай да
бір компанияны оның табыс есебін (income statement) талдау ар қылы
бағалайды екен. Мұндағы ең маңызды пропорция – пайыздық
көрсеткішпен анықталатын Жалпы майда маржасы (Gross Profit Margin).
Жалпы пайда маржасы жалпы пайданы жалпы кіріске бөлуден туындайды
(Gross Profit/Total Revenue). Бәсекелестік арты қшылы ғы мы қты
компанияның жалпы пайда маржасы жыл өткен сайын өзгелерден жо ғары
болады. Мысалы, Coca-Cola-ның жалпы пайда маржасы кем дегенде 60%-
ды құрайды. Ал біресе банкротқа ұшырап, омырыла сөгілетін, біресе
қайта қанаттанып, айға шабатын United Airlines компаниясының дәл сол
көрсеткіші 14-ақ пайыз.
Келесі көрсеткіш – R&D (Research and Development) шы ғындары.
Майталман инвестордің пікірінше, ғылыми зерттеуге, қандай да
бір тауарды дамытуға қомақты қаржы құятын компаниялардың бәсекеге
шыдас беруі күмәнді. R&D-ге қисапсыз ақша шығындайтын ірілі-ұсақ
фирмалардың табысы шектеулі, болашағы бұлдыр, ондайлардың бірте-
бірте тоқырауға ұшырауы кәдік. Бұл, әрине, Баффеттің пікірі.
Компанияның баланстық есебінде Уоррен Баффетт мырза а қшалай
резервтерді, сәйкес инвентарьді және таза пайданы (net earnings)
іздейді. Жекеменшік мүлік, зауыттар мен құрал-жабдықтардың бар-
жоғы да оны қызықтырады. Әдетте, ол артық мүкамалдың болғанын
қаламайды, себебі олар тұрақты жаңартуды, жаңа саймандар сатып
алуды қажет етеді. Жырынды инвестор компанияның ұзақ мерзімді
қандай да бір инвестиция жасап-жасамағандығын да білгісі келеді.
Қомақты қарыздарын, берешектерін де есептейді. Ол назар аударатын
құпиялардың соңғысы – бөлінбеген пайда (retained earnings).
Ақша қозғалысының есебін (cash flow statement) қолма-қол талдау
арқылы Баффетт капитал шығыстары күрделі компаниялардан іргесін
аулақ салады. Оның пікірінше, биржадағы акциялардың
қозғалысын күнбе-күн тексеріп, уақыт жоғалтудың қажеті жоқ.
Негізгі кілтипан – жақсы бизнестің акцияларын ыңғайлы,
орайлы бағаға сатып алу. Ол үшін, инвестиция тарабында нәпақа
тауып жүрген мамандар немесе осы кәсіпке бой ұрған жастар әуелі
бухгалтерияның басты қағидаларымен жыға танысқаны абзал. Сірә,
бизнестің тілі – бухгалтерия. Оны меңгерген жанның қаржылық
есептерді танып-білуі мейлінше жеңілдейді екен.
Назарларыңызға рахмет!!!
Орындаған:Керім Бақдаулет
Топ:П-211
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz