АҚШ менеджментіндегі стратегиялық ерекшелігі


Slide 1

АҚШ менеджментіндегі стратегиялық ерекшелігі

Slide 2

Тәжірибелік қолдану жағынан АҚШ тәжірибесі қызығырақ болып табылады, мұнда соңғы елу жыл ағымында НББ тұжырымдамасының әртүрлі модификациялары қолданылды және олар бұл саланың айтарлықтай басшылары болып есептеледі. НББ-ді енгізу реформасының әр кезеңінде, Гувер комиссиясының өткен жүзжылдықтың 40-шы жылдар соңындағы АҚШ үкіметінің жұмысын қайта ұйымдастыру аумағындағы жаңалықтарынан бастап, АҚШ-тың «Мемлекеттік мекемелер қызметтерінің нәтижелерін бағалау туралы» (1993 ж. ) және «Теңестірілген бюджет туралы» (1997 ж. ) заңдары сияқты кейінгі ұсынымдарына дейін, мемлекеттік қаржыларды шығындауды нәтижелермен байланыстыратын ерекше тәртіптер бекітілген.

Slide 3

АҚШ-тағы бағдарламалық-мақсатты бюджеттеуді қолданудың тәжірибесі мен тұжырымдамасы дамуының келесідей кезеңдерін бөліп көрсетуге болады:

1) Бағдарламалық-мақсаттық бюджет (Performance Budget - PB, 1949-1962

Бұл жүйе негізгі акцентті мемлекеттік ресурстарды шығындаудан нәтижеге жетуге бағытталған мемлекеттік функциялардың орындалуына, қызметтердің іске асырылуына ауыстыруды көздеген. Федералдық бюджет мемлекеттік саясаттың мақсаттарын шығындармен байланыстыратын саяси құжат ретінде болған. Ол сонымен қатар тек шығындар бөлігіндегі шығыстар құрылымын (еңбек ақы, тауарлар сатып алу, үй-ғимараттарын жалға алу және т. б. ) ғана емес бағдарламаны жүзеге асырудан немесе нақтылы мемлекеттік функцияны атқарудан күтілетін нәтижені сипаттады. Бірақ «Performance Budget»-тің күмәнсіз табысына қарамастан бюджеттік бағдарламаларды шығыстармен баламалы түрде байланыстыру мүмкіндігі болмады. Бұған себеп болғанның бірі басқару және басқа да жанама шығыстардың бюджеттік сыныптамада бейнеленуі мен бағдарламаларды басқаруды ұйымдастырудың бірыңғай принциптерінің жасалмауы болды.

Slide 4

2) «жоспарлау - бағдарламалау - бюджеттеу» жүйесі (Planning - Programming - Budgeting System - PPBS, 1962-1971)

PPBS-ке өтудің негізгі себептерінің бірі бәсекелес бағдарламалар арасында бюджеттік ақша бөлу мен шығыс қажеттіліктерін анықтаудағы қателіктерге алып келген бюджеттік жоспарлау процесінің шамадан тыс орталықсыздандыруы болып табылады. PPBS қойылған міндеттемелерді орындаудың ұқсас амалдарын салыстыруға және ең жақсысын таңдауға мүмкіндік берді. Бұл үшін әрбір федералдық министрлік (ведомство) өздері орындайтын қызметтердің барлық түрлерін талдау, бұл қызмет түрлерін белгілі бір әлеуметтік мәні бар мақсаттарға жетуге бағдарланған бағдарламаларға топтастыру, мақсатқа жетуге апаратын міндеттердің немесе іс-шаралардың иерархиясын тұрғызу, бұл иерархияны базалық элементтерге дейін жеткізуге тиіс. Сонымен қатар болашақта бағдарламаларды іске асырудың толық құнын бағалау үшін бағдарламаның әрбір элементтерін орындау шығындарын бағалау қажет болды.

Slide 5

3) Мақсаттар бойынша басқару (Management by Objectives - MBO, 1972- 1975)

Бизнес саласынан алынған бұл әдіс мақсаттарды таңдау кезінде оларға жету құралын таңдау мәселесінде орталықсыздандырудан орталықтандыруды қарастырды. Негізгі белгісі ұйым алдына қойылған мақсаттарға жетуде министрліктің барлық қызметкерлерінің жауапкершіліктері деңгейінің күшейтілгендігі болып табылады. Ең бірінші рет MBO шеңберінде қол жеткен нәтижелердің әлеуметтік маңыздылығын бағалауға талпыныс жасалды. Осыған байланысты айта кететін жағдай НББ-ді енгізудегі басты қиыншылықтардың бірі мемлекеттік шығындар тиімділігінің әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштер жүйесін құру болып табылды.

Slide 6

4) Бюджетті нөлден бастап жоспарлау (Zero-Based Budgeting - ZBB, 1977-198)

Федералды бюджеттің айтарлықтай тапшылығы мен ұзақ мерзімді міндеттемелер жағдайында АҚШ Президенті Картер министрліктер басшыларын 1979 жылы бюджеттік өтініштерді даярлау үшін ZBB пайдалануды міндеттеді. Бюджетті нөлдік негізде жасау кезеңнен кезеңге өтетін артық шығындарды айқындауға және жоюға мүмкіндік береді. Бұл үшін министрліктер мен ведомствалар әрбір бекітілген мақсаттарға жету үшін деңгейлері әртүрлі шығыстар көрсетілген бірнеше бағдарлама ұсынулары керек болды. Сондай-ақ олардың кем дегенде біреуінде шығындар ағымдағы деңгейден төмен болуы керек, яғни мақсатқа қол жеткізудің неғұрлым арзан әдісін табу керек.

Slide 7

5) Нәтижелерге негізделген бюджеттеу (Performance-Base Budgeting - PBB, 1993-1999

АҚШ-тың 1993 жылы қабылданған Government Performance Results Act» (GPRA) - «Мемлекеттік мекемелер қызметтерінің нәтижелерін бағалау туралы» заңы бюджеттік шығыстардың мемлекеттік саясатының негізгі мақсаттары мен осы мақсаттарға жету жолдарын анықтады. Осы арқылы бұл құжатта бағдарламалық-мақсаттық жүйе, НББ жүйесі заңды түрде бекітілген деп көрсетуге болады. GPRA мақсаты - шешім қабылдағанда және есептерді құрағанда басты назарды бөлінген субсидиялар немесе жүргізілген тексерулер саны сияқты министрліктер мен ведомствалардың көлемді көрсеткіштерін өсіруге емес, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін жоғарылату, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру сияқты қызметтерінің нәтижелеріне аудару керек.

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Көшбасшының қасиеттері
Американдық және Жапон менеджменті: ерекшеліктері мен өзгешіліктері
Жапонияға салыстырмалы талдау
Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірбиесі
БАСҚАРУ СТИЛІ АҚШ ЖАПОНИЯ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НАҚТЫ СЕКТОРЛАРДЫҢ ДАМУЫ
Қаржыландыру көздері: инвестициялық қызметтің құрамы мен құрылымы
Өнім сапасын басқару жөніндегі Американдық тәжірибесі
Қазақстан –әлем мойындаған ел
Қазақстан Республикасы үрдіс алған мемлекеттік бағдарламалар - әлемдік тәжірибе нәтижесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz