ҚАНАЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ
Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласыны ң Ш әк әрім атында ғы Мемлекеттік университеті
Орындаған:Секбеков Ғ
Тексерген:Нуркенова М.К
Тобы:ВМ-305 Б
Тақырыбы
ҚАНАЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІНІҢ
ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ
ҚҚанайналымның жеткіліксіздігі деп белгілі бір жүктемелерден кейін немесе
тіпті тыныштық жағдайлардың өзінде ағзалар мен тіндердің мұқтаждығына
сәйкес айналымдағы қанның тиісті мөлшерімен қамтамасыз етілмеуіне
әкелетін жағдайды айтады. Осының нәтижесінде ағзалар мен тіндер
оттегімен, қоректік заттармен қамтамасыз етілмейді және олардан зат
алмасудың соңғы өнімдері сыртқа шығарылмайды.
Қанайналым жеткіліксіздігінің түрлері.
Қанайналым жеткіліксіздігі мына түрлерде байқалуы мүмкін:
1. Айналымдағы қанның көлемі қатты азаюынан
дамитын гиповолемиялық қанайналым жеткіліксіздігі:
2. Жүректің өзінің қызметі бұзылудан немесе жүрек әлсіздігінен
дамитын жүрек қызметінің жеткіліксіздігі;
3. Қан тамырлары қызметінің бұзылуынан, тамыр қызметі жеткіліксіздігі;
4. Жүрек-қан тамырлары қызметтерінің біріккен жеткіліксіздігі.
Қанайналым жеткіліксіздігі: қауырт (тез дамитын) және созылмалы (баяу
дамитын) болып екіге бөлінеді.
ан жүйесінің патофизиологиясы
Қауырт қанайналым жеткіліксіздігі тез дамитын
жүрек аурулары, қан тамырлары қызметтерінің
жеткіліксіздігі кездерінде немесе олардың
біріккен жеткіліксіздігінде дамиды. Қауырт
миокардтың инфаркты, ауыр жүрек
аритмиялары, кардиогендік шок, коллапс, жүрек
демікпесі немесе өкпенің ісінуі қанайналым
жеткіліксіздігін дамытып, адамның тез жан
тапсыруына әкелуі мүмкін.
Созылмалы қанайналым жеткіліксіздігі (ҚЖ) үш
дәрежеде өтеді.
.
І - дәреже — бастапқы, жасырын ҚЖ. Бұл кезде
тыныштық жағдайда жеткіліксіздік
байқалмайды. Өйткені тыныштық жағдайда
организмнің оттегіге мұқтаждығы минөтіне 300
—350 мл-ден аспайды. Ал қол жұмысын
атқарғанда науқаста алқыну, жүрек қағу,
әлсіздік, тез шаршау т. б. сияқты әйгіленімдер
пайда болады. Сондықтан ҚЖ-нің бұл сатысы
қосымша функциялық жүктемелер беру
арқылы анықталады. Науқастын еңбекке
қабілеттілігі қатты төмендейді.
ІІ - дәрежеде қанайналым жеткіліксіздігі
ІІА және ІІВ болып бөлінеді. ІІА дәрежесінде
жоғарыда келтірілген әйгіленімдер
тыныштық жағдайда болады. ІІВ
дәрежесінде үлкен және кіші қанайналым
шеңберлерінде қанның іркілуі байқалады
ІІІ - дәрежеде қанайналым
жеткіліксіздігінің теңгерілмеген
(декомпенсациялық) ақтық түрі. Бұл кезде
қанайналымның ауыр бұзылыстары дамып,
ағзалар мен тіндерде қайтымсыз
құрылымдық өзгерістер, зат алмасудың
тұрақты бұзылыстары байқалады және
олардың қызметтері төмендейді. Мұндай
науқастар төсек тартып жатып қалады,
еңбекке қабілеті мүлде жоғалады
Анемиялар
Анемия деп қанның белгілі көлемінде
гемоглобиннің және эритроциттердің, жиі
олардың сапалық өзгерістерімен
қабаттасатын мөлшнрі азаюын айтады.
Кейде эритроциттердің саны азаймауы
мүмкін (теміртапшылықты
анемия,талассемия).
Анемияның себептері: әртүрлі дерттер мен
уланулар, қан өндірілуге қажетті заттардың
жеткіліксіздігі, сүйек кемігінің
гипоплазиясы, эритроциттердің гемолизі,
қанкетулер анемия дамуына әкелуі мүмкін.
Қан айналымы– қанның жүрек арқылы қан
тамырлары бойымен жылжуы.
Омыртқасыздардың көпшілігінде және төм.
сатыдағы хордалыларда ашық қан айналу
жүйесі дамыған. Адамдар мен барлық
омыртқалы жануарларда тұйық қан айналым
жүйесі болады. Қан айналымы тамырлар
жүйесінен (артерия, капеляр), жүректен,
бауырдан тұрады
Назарларыңызға рахмет!!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz