Мағжан Жұмабай




Презентация қосу
Мағжан Жұмабай
• Мағжан Жұмабай 25 маусым 1893, 
Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі 
Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл
жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – 
Алаш қозғалысының қайраткері, ақын,
қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы
өкілі.
“Бірлік” ұйымы жұмысына белсене
араласып, “Балапан” қолжазба журналын
шығаруға қатысады. Ә.Бөкейхан, 
А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы секілді
алаш қайраткерлерімен байланыс
орнатып, Қазақ газетіне өз өлеңдерін
жариялайды. “Алаш” партиясының
 Ақмола облысының комитетінің мүшесі
болды. “Үш жүз” партиясы өкілдерінің
жалған айыптауымен бір айға жуық
абақтыға отырып шықты. Екінші
жалпықазақ съезіне делегат ретінде
қатысып, онда оқу мәселесі бойынша
құрылған комиссияға төрағалық етті.
Онда ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы
қабылданды. Бұл қаулы “Еңбекші қазақ” газетінің 
1925 жылы 14 ақпандағы санында басылды. Орынсыз
сыннан көңілі жабыққан ақын “Сәлем хат” деген
өлең жазды.
Ол “Тілші” газетінде жарияланды. “Еңбекші
қазақ” газетінің 1924 жылы 19 желтоқсанындағы
 санында С.Мұқановтың “Сәлем хат жазған азамат
Мағжан Жұмабайұлына” деген
ескертпемен “Сәлемге сәлем” деген жауап өлеңі
басылды.
Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы
өлең жазбаса да, “уралап айқайламадың” деген
кінәмен, тап күресіне белсене араласып, кедей сөзін
сөйлемедің деген айыппен Жұмабайұлы қатаң сынға
алынды. Жұмабайұлы 1927 – 1929 жылы Бурабайда,
одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер
атқарады.
• Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік
тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-
азаттық, демократияшыл бағытты
ұстанды. Абай поэзиясының өшпес маңызын
бірден танып, оны “хакім” деп атады, ұлы
ақынның “мың жыл жұтса дәмі кетпес” сөзін
жаңа жағдайда ілгері дамытты, Батыс пен
Шығыстың рухани қазынасын сабақтастыру
негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр мен
мазмұн жағынан байытты. Жұмабайұлы ел
ішіндегі әлеуметтік мәселелерді көтерді
(“Шын сорлы”), халқын өнер-білімге шақырды
(“Ләззат қайда?”, “Жазғы таң”, “Өнер-білім
қайтсе табылар”, “Балалық шақ
”, “Қазағым”, “Қарағым”, “Осы күнгі күй”, “Мен
сорлы”).
• Жұмабайұлы шығармаларындағы
романтикалық сарын, әсіресе, оның
символистік арнада жазған өлеңдерінен
айқын көрінеді. Ақын символизмі болашақ
пердесін ашатын жаңа мифология туғызды,
келешек суретін салу саясатшылардың емес,
ақындардың қолында деген сенімге айналды
(“От”, “Пайғамбар”, “Күншығыс”, “Жаралы
жан”, “Айға”, т.б.). Ақын дыбыс-буынның
соны үндестіктерін тауып, қазақ жырын
байыта түсті (“Шолпы”). Жұмабайұлы 
поэзиясындағы құнарлы арнаның бірі – түркі
тақырыбы. Түркі халықтарының бірлігі
тақырыбы Жұмабайұлы поэзиясының
әуелден қалыптасқан алтын арқауы іспетті.
Түрік тақырыбы қазақ халқының ұлт-азаттық
тақырыбына ұласып, отаршылдыққа қарсы
күреске алып келді (“Орал тауы”, “Алыстағы
бауырыма”, “Жер жүзінде”, “Қазақ тілі”, “Тез
барам!”, “Түркістан”, “Орал”). Сондай-ақ,
Жұмабайұлы “Пайғамбар” өлеңінде “Ғұн –
түріктің арғы атасы” десе, “Түркістан” атты
өлеңінде “Түркістан – ер түріктің бесігі ғой” деп
асқақ рухпен жырлады.
түрікшілдік сезімі 1919 – 1923 жылы 
Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған түрік
халқының азаттық соғысына арналған “Алыстағы
бауырыма” атты өлеңінде айрықша байқалады.
Оның бұл өлеңін Мұстафа Шоқай “Яш
Түркістан” журналында (1930, №1) жариялай
отырып, оны түрікшілдік күресі үшін ең
қымбатты және ең пайдалы өлең деп бағалады.
• Жұмабайұлы қазақ поэмасының баяндау
стилін, шешендік мәнерін өзгерту қажет
екендігін алғаш айтқандардың бірі болды.
Қазақ поэмасын суреткерлік арнаға бұрды.
Адам жанының, психология әлемінің құпия
сырларын, иірімдерін, даму диалектикасын
 шеберлікпен кестелеп өрнектей білді.
Жұмабайұлы поэмаларына лирикалық
тереңдік пен эпикалық кең құлаштылық
бірдей тән.
• Жеке адам мен ұлт тағдырын драм.
сюжетте үйлестіріп, көркемдік зор қуатпен
жырлай білді (“Батыр Баян”, “
Оқжетпестің қиясында”, “Қойлыбайдың
қобызы”, “Өтірік ертегі”, “Шын ертегі”).
• Жұмабайұлы – философ ақын. Ақынның философиялық
көзқарасы өз өлеңдерінде жақсылық пен жамандық, әділдік
пен әділетсіздік тәрізді қарама-қайшылықты философиялық
ұғымдарды шебер шендестіре білуінен байқалады. Ол дүниені
біртұтас құбылыс ретінде алып, адамды сол ұлы табиғат,
жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде суреттейді.
Табиғатсыз, жаратылыссыз адам жоқ. Ал табиғат адамсыз
да күн көре береді. Бірақ сана оған бағынбайды, дене бағынса да
сезім бағынбайды. Сондықтан ол бұлқынады, серпінеді, үстем
болғысы келеді (“От”).
• Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта
тани білуде ақын, ең алдымен, ненің болса да мән-мазмұнына
үңіледі, әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады,
табиғаттың өз заңына ғана бағынатын құбылыстардың ішкі
құпия астарын ұғынғысы келеді. Жұмабайұлының ойынша
ақын деген болжап білмес жолға сапар шеккен пір, кейде жын,
кейде бала, сол сапарда ол қиындықты қайыспай көтеретін, не
дүниені тәрк етіп, бәрінен безінетін жан (“Қиял құлы мен бір
ақын”). Ақын“Қорқыт” поэмасында философиядағы мәңгілік
тақырып – өмір мен өлім мәселесін Қорқыт пен ажалдың
аңдысуы түрінде суреттейді. Ажал – хақ, сондықтан да өмір
жібінің түйінінде өлімді болмай қоймайтын өмір ақиқаты
ретінде қабылдау қажет деп санайды ол.
• Жұмабайұлы шығармашылығын тереңірек
зерттеу еліміздің егемендік алуынан бергі
кезеңде ғана нақтылы жолға қойылды.
Жұмабайұлы есімін мәңгі есте қалдыру
бағытында да біршама жұмыстар
атқарылды. Алматы және Петропавл
қалаларында бір-бір көшеге Жұмабайұлы есімі
берілді. Петропавл қаласында және ақынның
туған ауылында ескерткіш қойылған.
Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы 
Булаев ауданы Мағжан Жұмабайұлы ауданы
болып аталды (2000)
• Тапсырды : Тельманов
Мадияр
• Тексерген : Секей Ж

Ұқсас жұмыстар
Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы
Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 - 1910 жылдары
Мағжан поэзиясы
Мағжан Жумабаев "Сүйемін"
Тәрбие бөлімдері
Қазақстан репрессия жылдарында
ТАРЫ – АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ МАҢЫЗЫ МОЛ ӨСІМДІГІ
Ма ғжан Жумабаев (1893-1938)
Ұлттық әдебиеттегі Мағжан (Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов және Дүкенбай Досжан шығарлары)
Ұлттық әдебиеттегі Мағжан ( Сәбит Мұқанов және Дүкенбай Досжан шығарлары)
Пәндер