Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы және дамуы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы:Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы және дамуы
Орындаған:Байзақ Н. С. Тексерген:Қуантқан Б. Тобы:ВС-403

Кіріспе
Ұлттық валютамызмыз, яғни теңгеміздің пайда болуы, оның бар болуы қазақстан республикамыздың тәуелсіз республика екендігінің тағы бір дәлелі болып табылады. Ұлттық теңгеміздің пайда болу тарихын білу ол әр қазақстандық азаматқа тән. себебі, теңге біздің қазіргі өміріміздің басты айналым көзіне айналды. Ұлттық теңгеміздің тарихы туралы, оның қалай өмірге келгені, қалай пайда болғаны туралы көптеген мәліметтер бар.
1992-1993 жылдардағы Қазақстан республикасының ұлттық банк төрағасының көмекшісі Валентин Назаров «бостан елдің еркін валютасы» деген еңбегі бар. Онда 1992 жылы елімізде экономикалық дағдарыстың өршуі, және де ифляцияның пайда болуы, осыған орай ұлттық валютамызды енгізу туралы көптеген мәліметтер келтірген. Ал Қазақстан республикасы ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко жалпы теңге туралы жіне де оның таризы мен келешегі туралы өз пікірін жазған. Ол өз валютамыздың енгізілуінде қандай өзгерістер болғандығы туралы, теңгенің ішкі және сыртңы нарықта алған орны туралы, инфляцияның өскендігін ашық жазған. Сауық Тәкежанов 1990-1993 жылдардағы экономикалық реформа, бюджет және қаржы мәселері жөніндегі Қазақстан Республикасының жоғарғы кеңес комитетінің төрағасы «Теңгенің алтын өлшемі» деген еңбек жазған.

Ерік Асанбаев Қазақстан Республикасының экс-вице президенті «Теңге» кітабының пайда болуына улес қосқан. Оның айтуынша: Егеменді Қазақстанның тұңғыш валютасы туралы осынау кітап, менің пікірімше із суытпай еліміздің жаңа тарих беттерін толтыруға арналуы тиіс. Ал сол тарихымыз оңайға түскен жоқ. 90-шы жылдардың бас шенінде өз валютамызды енгізу қажеттігі Қазақстанға көптеген мән-жайларымен өктемделінді. Біріншіден, рубль сол кезде құлдырай құнсызданды және мемлекеттік дума депутаты Павел Буничтің сөзімен айтқанда, «ағаш сом» атауына ие болды. Екіншіден осы себеппен кәсіпорындардың өзі рубльді пайдалатын шаруашылық мәмлелерден бойын аулақ сала бастады. Үшіншіден, рубль қожайыны Ресейдің өзі бағаны еркін жүзуге жіберіп, кәсіпорындардың айналымдық қаражатын индекстемейтін болды, - деп өз пікірін айтқан.

Ұлттық Теңгенің пайда болуы және оның даумы
Теңге - Қазақстан республикасының мемлекеттік нышаны. Әнұран, ту және елтаңба сияқты ұлттық валюта да мемелкеттік нышандардың қатарына жатады. «Банкнота фабрикасының құрметті қонақтар» кітабында ол ашылған күн - 1995 жылы 19 мамырда ҚР президенті жазып қалдырған мынадай жазу бар: «Біздің еліміздің экономикалық тіуелсіздігінің жарқын туындысы - біздің астанамызда теңгенің алғашқы пайда болуы, халықтың және болашақ ұрпақтың игілігіне қызмет етсін». Ұлттық валютаның сол кезде тұсауын кескен ҚР Жоғарғы кеңесінің жоспарлау - бюджет комиссиясының төрағасы С. Тәкежанов болды. Ол ұсынған теңге деген ат республиканың Жоғарғы кеңесінің және үкіметінің мүшелері арасындағы жабық пікір таласта жеңімпаз болды.
1992 жылы инфляцияның деңгейі 250 пайызды құрады! 1993 жылы шілдеде Ресей келісімді бұзды, Қазақстанға 3 күн бұрын хабарлай отырып, өзінің ұлттық валютасын енгізді. Баға шарықтай түсті. Халықтың жинақ шоттарындағы ақшасы қарқынды түрде құнсызданды. Қазақстанға ескі үлгідегі кеңес купюраларының ағыны қаптап кетті. Дүкендердің сөрелерінен тауарлар әп-сәтте жоқ болып кетті.
Қазақстан Президенті мен Үкіметінің аса зор жігер күшіне қарамастан, біртұтас экономикалық кеңістікті құру мен рубль аймағын сақтаудың жолы болмады. Бөлшектену үдерістері Ресейдегі ақша айырбасынан кейін күрт ушығып кетті. Ұлттық валютаны енгізуді 1961-1991 жылдарғы кеңестік сом төлем құралы болып табылмайтын ТМД -ның басқа өңірлерінен ескі ақша тасқынының алдын алу үшін тездетуге тура келді. Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі құрамында Премьер-министр С. А. Терещенко, Қазақстанның Вице-президенті Е. Асанбаев, Үкіметтің бірінші вице-премьері Д. Сембаев, Ұлттық банк төрағасы Ғ. Байназаров, қаржы министрі Е. Дербісов пен Экономика министрі Б. Ізтілеуов бар ҚР-ның Мемлекеттік комиссиясы құрылды.

Мемлекет басындағылардың сол кезде шығарған жарлығы:
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы
ҚР Конституциясының 78-бабына және ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 29 қазандағы қаулысына сәйкес қаулы етемін:
ҚР-ның аумағында 1993 жылғы 15 қарашада сағат 08:00-ден бастап ҚР-ның ұлттық валютасы - теңге айналысқа енгізілсін.
1993 жылғы 18 қарашада сағат 08:00-ден бастап теңге ҚР-ғы бірден-бір заңды төлем құралына айналды. Теңге 100 мыңнан тұрады. ҚР-да қолдағы ақша банкноттар мен монеталар түрінде айналыста болады.
Теңгені ҚР-ның аумағында меншік нысандарына карамастан барлық жеке заңды тұлғалар төлемдердің барлық түрінде, сондай-ақ ешқандай шектеусіз салымдар мен шоттар қосу үшін банктер қабылдауға міндетті.
Осы Жралық қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді.
ҚР-ның Президенті
Н. Назарбаев
Алматы, 1993 жылғы қарашаның 12-сі

Ұлттық валютаны енгізгенге дейін Қазақстанның саяси ұстанымы ТМД елдері экономикасын біріктіруге бағытталған еді. Шындығында, бірыңғай валютаны пайдалана отырып, кооперацияның артықшылықтарын толайым қолдануға және өз тиімділікпен ынтымақтасуға болар еді. Алайда, қазақстандық басшылық пен ТМД-ның басқа қатысушыларының талпыныстарына қарамастан, рубль аймағы ұзаққа бармады. Ресейлік рубльдің енгізілуі шын мәнісінде ыдыраудың басталуын білдірді және басқа мемлекеттерді өз ұлттық валюталарын енгізуге итермеледі.
Қазақстан теңгені тура он жыл бұрын енгізді. Тарихи даму тұрғысынан бұл мерзім көп емес, бірақ экономикалық тұрғыда өз валютасының Қазақстан үшін маңыздылығын шынайы да бүкпесіз бағалауға толық жеткілікті.
Теңгені енгізу түбегейлі экономикалық түрлендіру жағдайларында жүргізілді. 1992 жылдың қаңтарында бағаны әкімшілік реттеу жағдайында жасырынған инфляцияны босатқан бағаның ырықтану үдерісі басталды. Мемлекет біртіндеп тұтыну, өнеркәсіп тауарларына, ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаларды, энергия тасымалдаушылар тарифтерін реттеуден бас тартты.

1996 жылдың 16-шілдесінде Қазақстан өзіне «Халықаралық валюталық қор келісімдері Баптарының» шарттарына қосылғаннан соң қайсыбір валюталық шектеулерді қолданбауға міндеттеме алды. Біздің еліміз сондай-ақ төлемдік балансқа байланысты себептер бойынша валюталық бағамдардың көбейтілуін іске асырмауға, импортқа шектеулерді енгізбеуге және күшейтпеуге міндеттемелер алды. Халықаралық ағымдық мәмілелер бойынша тқлемдер мен аударымдар жөнінде шектеулер алынып тасталды. Бұл теңгенің еркін айырбасталымдығын қамтамасыз етуге және шектеулерден азат көпжақты төлемдер жүйесіне көшуге мүмкіндік берді.
Ұлттық Банктің 1997-1998 жж. ішкі рыногындағы басқыншылығы жалғасты. Олар теңгенің атаулы бағам тербелістерін деңгейлестіру мақсатында жүзеге асырылды. Осы мезгілде республикамыздың тәуелсіздігінің 7 жыл ішінде ұлттық валютаның АҚШ долларна қатысындағы ең төменгі құнсыздану көрсеткішіне 2, 8 пайызға қол жеткізілді. 1999 жылдың сәуірінде жаңа түзімді енгізген кезде ұлттық валютаның 30, 3 пайызға күрт құнсыздануы болды. Сонан соң құлдырау қарқыны мамырда 12, 4 пайызға, маусымда 2, 5 пайызға кеміді. Ұлттық Банктің валюталық рыноктағы белсенділінің едәуір төмендігін ескергенде, бұл валюталық рынокта ағымдағы нарықтық жай-күйге пара-пар салыстырмалы тепе-теңдікке қол жеткізгені туралы айғақтады. Одан арғы мезгілдерде теңгенің биржалық бағамының орташа айлық тербелістері 0, 3 пайыздан аспады. Тұтастай алғанда, 1999 жыл үшін теңгенің АҚШ доллары бойынша биржалық бағамы 64, 6 пайызға кеміді және жылдың аяғында 1 АҚШ доллары үшін 138, 25 теңгені құрады.
1999 жылғы ішкі валюталық рыноктың дамуы көбінесе экономикадағы оңды алға жылжуларымен айқындалды. Сол жылы евро бойынша сауда-саттықтың басталуы маңызды жаңалық болды.
2000 жылы теңгенің биржалық бағамының тербелістері ұтымды күтіс шектерінде болып, орташа айлық өзгерістері 0, 1-0, 5 пайыз аралығын алды. Осы жылы АҚШ долларына қатысындағы теңге бағамы 5, 2 пайызға кеміп, жыл аяғында 1 АҚШ доллары үшін 145, 4 теңгені құрады.

Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығында былай делінген:
Ұлттық валюта - теңге күні туралы.
1993 жыл, 15-қарашаның ҚР-ның ұлттық валютасы - теңге енгізілген күн ретіндегі тарихи маңызын атап өте отырып, сондай-ақ қаржы жүйесі қызметкерлерінің тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі рөлін арттыру мақсатында қаулы етемін.
1. 15-қараша ұлттық валюта - Теңге күні, ҚР-ның жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып жариялансын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
ҚР Президенті
Н. Назарбаев
Алматы, 1997 ж., қарашаның 13-і

Ұлттық валютаны даярлауды қатаң құпия жағдайында жүргізілген. Жұмысты жүргізу үшін аса маңызды мемлекеттік іспен шұғылданатын команда жинау қажет болды. Ең алдымен қысқаша мерзімде ақша купюраларының нобайларын әзірлейтін суретшілер тобы керек болған. Валютаны шетелде басып шығаруды шешкен. Бастамашы топтың ішінде валютаның атауын таңдау ұзақ дау-дамай тудырған жоқ. Өйткені көршілес қырғыздар мен өзбектер өз валютасын «сом» деп атайтын болды да, біз қазақтар ақшасын баламалы «теңге» деп атауды ұйғардық.
Суретшілер, Қазақстан дизайнерлер одағының мүшелері республиканың халық депутаты Темір Сүлейменовтың маңына топтасты. Өз міндеттерін олар тамаша орындады. Біздің еліміз өз валютамыздың енгізілуіне ұзақ уақыт қарсы болған Халықаралық валюта қорымен бірнеше рет келіссөздер жүргізген. Ең ақыры олар тек 1993 жылдағы жаздың аяқ шенінде ғана өздерінің көзқарастарын өзгертті. Қазақстандағы ХВҚ өкілдерімен келіссөздердің жай-күіне қарамастан, теңгемен жұмыс толыққанды жалғаса берді. Алайда, оны Англия басып шығаратынын білгеннен соң олар кенеттен жасырын қысым жасай бастады, бірақ еш нәтиже бермеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz