Жалаңаш тұқымдылар


Slide 1

Жалаңаш тұқымдылар

Slide 2

Ашық тұқымдылар, жалаңаш тұқымдылар (Cymospermae) - тұқымы мен тұқым бүрі жеміс жапырақшасының үстінде ашық жататын жоғары сатыдағы өсімдіктердің ежелгі тобы. Олар девон, тас көмір, пермькезеңдерінде пайда болған. А. т-дың 600-дей түрі саговниктәрізділер Cycadophyta, гинкготәрізділер (qіnkgophyta), қылқан жапырақтылар (Conіferophyta) және Qnetophyta гнеттәрізділер немесе қабықты тұқымдылар (Qnetophуta) болып 4 топқа бірігеді. Қазақстанда 3 тұқымдасы, 6 туысына жататын 25 түрі бар. Олар негізінен Қазақстанның таулы аймақтарына топтасқан. А. т-дың түрлеріне Алтайдың самырсынды тайгасы, Тянь-Шаньның шырша және сирек аршалы ормандары жатады. А. т-ға жататын өсімдік түрлерінің тұқым мен тұқым бүрі жабық тұқымдылардай аналық керегесімен қапталмайды. Сонымен қатар олардың гүл серігі мен трахеялары да болмайды, ал гүлдері дара жынысты, бір үйлі. А. т. - ағаш тәрізді өсімдіктер (ағаштар, бұталар, шырмауықтар), олардың ішінде шөптесін өсімдіктер мүлде кездеспейді. А. т-дың ормандарда атқаратын рөлі ерекше. Олар су айналымын реттейді, топырақты эрозиядан сақтайды. Кейбір түрлерінің (қарағай, самырсын, шырша, т. б. ) шаруашылыққа маңызы зор.

Slide 3

Тіршілік формалары:

Басым көпшілігі ағаш, сирек бұталар, кейде лианалар.

Slide 4

Шығу тегі:

Тұқым ең алғаш папоротниктердің ерекше топтарында пайда болған. Бұл папоротниктер тек қазба қалдықтары арқылы ғана белгілі. Олар бастамасын əртүрлі споралы папоротниктерден алған ерекше рет тұқымды папоротниктерге (Pteridospermae) бөлінген. Жалаңаш тұқымды өсімдіктер көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша шығу тегі жағынан бірдей өсімдіктер тобын құрмайды.

Slide 5

Жалаңаш тұқымдылардың эволюциясы екі бағытта жүреді:

Мегафиллді өсімдіктер тобы өте ертедегі жалаңаш тұқымдыларды біріктіреді - Саговниктер (Cycadopsida), Тұқымды папоротниктер (Pteridospermae), Беннеттиттер (Bennettitopsida) жəне сыртқы пішіні папортниктердің вайяларына (жапырақтарына) ұқсас қауырсын тиімді ірі жапырақтарымен ерекшеленеді. Өсімдіктердің бұл тобының арғы тегі папоротник тəрізділер болуы мүмкін.

Микрофиллді жалаңаш тұқымды өсімдіктер тобы ұсақ жапырақтары- ның болуымен сипатталады. Ол Кордаиттерді (Cordaitidae), Гинкголарды (Ginkgopsida) жəне Қылқандыларды (Pinopsida) біріктіреді. Бұл топтың арғы тегі болып ертеде жойылып кеткен жалаңаш тұқымды өсімдіктер өкілдері саналады

Slide 6

Жалаңаш тұқымдылардың жіктелуі:

Жалаңаш тұқымды өсімдіктер бөлімі түрлік формаларының əртүрлілігімен ерекшеленеді, соған байланысты олардың жіктелуі туралы əртүрлі көзқарастар бар. Жалаңаш тұқымдылар бөлімін 3 класс жəне 7 қатарға, басқалары 3 класс жəне 9 қатарға бөледі. Көптеген систематиктер жалаңаш тұқымды өсімдіктерді 6 классқа бөледі: 1) Тұқымды папоротниктер - Pteridospermae 2) Саговниктер - Cycadopsida 3) Беннетиттер - Bennettitopsida 4) Гинкголар - Ginkgopsida 5) Қылқандылар - Pinopsida 6) Гнетумдар - Gnetopsida немесе қабыршақ тұқымдылар Clamydospermatopsida.

Slide 7

Мегафиллді өсімдіктер тобы:

Slide 8

Тұқымды папоротниктер

Тұқымды папоротниктер немесе Птеридоспермдер (Pteridospermae) классы. Олар тік өсетін ағаш жəне лианалар түрінде болған. Папоротник вайилеріне ұқсас қауырсын ілімді ірі жапырақтары жəне қосалқы тамырлары болады. Тұқымбүршікте тек бір ғана мегаспора сақталады, одан бастапқы эндоспермнен жəне оған енген жұмыртқа клеткаларымен екі архегонийлерден тұратын өскінше (аналық 9 гаметофит) жетілген. Аталық жыныс гаметалары - сперматозоидтар. Ұрықтану жəне ұрықтың түзілуі өсімдіктің үстінде өткен. Олар ұрықтарымен көбейеді.

Slide 9

Саговниктер

Саговниктер - Жалаңаш тұқымды өсімдіктердің өте ертедегі жəне қарапайым тобы. Олар 120-ға жуық түрлері бар тропикалық жəне субтропикалық өсімдіктердің кіші тобын құрайды. Екі үйлі өсімдіктерге жатады. Жалаңаш тұқымды өсімдіктердің ішінде түрлерінің əртүрлілігі жағынан Саговниктер Қылқандылардан кейін екінші орынды алады. Сыртқы көрінісі жағынан олар көбіне пальмаға ұқсас, оларды кейде ағаш тəрізді папоротник деп атайды. Осы ағаш тəрізді, сирек аласа бойлы, өсімдіктің биіктігі 25 м жəне жуандығы 1 м жетеді. Тік сабақтарында ірі қауырсын, көбіне тікенді жапырақтары шоқталып орналасқан.

Slide 10

Беннетиттер класы


Ұқсас жұмыстар
Жалаңаш тұқымдылар бөлімі
Тірі организмді классификациялау ерекшеліктері
Жалаңаш тұқымды өсімдіктер
Даражарнақты класы
Фитоценоз структурасы
Жоғары сатыдағы өсімдіктер
Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары
Ашық тұқымды өсімдіктер
Жабық тұқымдылардың өмірлік циклі
Жабықтұқымды өсімдіктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz