Қазақстандағы саяси ойлар тарихы




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАНДАҒ
Ы САЯСИ ОЙЛАР
ТАРИХЫ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ
ОЙШЫЛДАР
1)ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ
2) ЖҮСІП ХАСХАДЖИБ БАЛАСАҒҰНИ
А) ҚҰТТЫ БІЛІК
3) МАХМҰД ҚАШҚАРИ
А) ДИУАНИ ЛҰҒАТ-АТ-ТҮРІК
4) ЖЕТІ ЖАРҒЫ
5) ШОҚАНУАЛИХАНОВ
6) ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН
7) АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ
Әбу Насыр Әл-
Фараби
Қазақтың бірінші философы,
әлеуметтанушысы, математигі,
астрономы, физигі, ботанигі, логика ж әне
тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу
Насыр Мұхаммед ибн Тархан Әл-Фараби
870-950 жылдары өмір сүрді. Бабамыз
ғылымның сан саласы бойынша 160-тан
астам трактаттар жазып, артына мол мұра
қалдырды. Саясаттануға байланысты
“Рахымды қала тұрғындарының
көзқарастары”, “Азаматтық саясат”,
“Бақытқа жету жолдары”, “Саясат
туралы” деген еңбектері бар
Әл-фараби басқаруды

Қайырымды Қайырымсыз

Білімді, мәдениетті
Теріс әрекеттер мен жаман
басқару халықты бақытқа
қасиеттер бой алады.
бастайды, олардың іс-
Сондықтан ол надан адам
әрекетін, ерік-қасиетін осы
басқарған, озбырлыққа
жолға бағыттайды. Ол
сүйенген, қайырымсыз,
үшін басқару заң күшіне,
қатал мемлекеттік
игі тәжірибеге негізделуі
тәртіпті өткір санайды
тиіс.
Жүсіп Хасхаджиб Баласағұни
ЖҮСІП ХАСХАДЖИБ
БАЛАСАҒҰНИ (1021-
1075) АТЫ ӘЛЕМГЕ
ӘЙГІЛІ АҚЫН ,
ФИЛОСОФ, ҚОҒАМ
ҚАЙРАТКЕРІ
БОЛҒАН. НЕГІЗГІ
ЕҢБЕГІ “ҚҰТАДҒУ
БІЛІК” (ҚҰТТЫ БІЛІК)
б і л і к
Қ ұтты

“Құтадғу білікте” мемлекетті орталықтандыру, оның бірлігі,
мемлекетті басқару мәселелеріне басым көңіл бөлінген. Ол-
тек саяси трактат қана емес, онда өмірдің мән-мағынасына,
адамның тағдыры, оның қоғамдағы орны мен ролі, халықтың
мінез-құлқы, салт-санасы, әдет-ғұрпы және т.с.с. туралы
көзқарастар жинақталған үлкен шығарма. Ол шындыққа,
бақытқа жетудің адамгершілік жолдарын іздейді.
Әділет,ақыл,рақымдылықты жырлайды.Өмірде әділ заңды,
еркіндікті аңсайды.
Махмұд Қашқари
Махмұд Қашқари ( 1029—1101)
- түркі ғалымы, әйгілі «Диуану
лұғат-ат-түрк» («Түркі
сөздерінің жинағы») атты
еңбектің авторы. Толық аты
жөні Махмұт ибн әл Х ұсейн
ибн Мұхаммед. Туған жері
қазіргі Қырғызстан жеріндегі
Ыстықкөл жағасындағы (кей
деректе Шу
бойындағы)Барсхан қаласы.
Ыстықкөл маңындағы болған
Барысхан қаласында
әскерилер отбасында дүниеге
келген. Қарахан әулетінен.
Диуани лұғат-ат-түрік
Махмуд Қашғаридің шығармаларынан
түркі тайпаларының ХІ ғасырдағы
әлеуметтік-саяси жағдайы, олардың
отырықшылыққа көшіп, қала
мәдениетін қабылдағаны,
мемлекеттік-әкімшілік дәстүрге зор
мән бергені көрінеді.
“Диуани лұғат-ат-т үрік” (“Түркі
сөздерінің жинағы)” еңбегінің негізгі
идеясы әскери,табиғат,
адамгершілік,махаббат, рухтық-
этикалық, тұрмыстық оқиғалар да
сөз болады.
Жеті Жарғы
Тәуке хан "Жеті жарғы" деп аталған қазақ
әдеп-ғұрып заңдарының жиынтығын жасады.
Мұнда құқықтық тәртіп деп мемлекеттік
құрылымының негізгі принциптері
айқындалды. Ол "халық кеңесі" мен "Билер
кеңесін" тұрақты орган ретінде
қалыптастырып, рөлін арттырады. Тәуке хан
қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер әкелген
ірі реформатор болды.
ШоқанУалиханов
ШоқанУалиханов (1835-
1865)- Қазақтың белгілі
ойшысы. Ол ғалым.
ағартушы-демократ,
саяхатшы, этнограф,
зерттеуші. Халықты
патша-шенеуліктері мен
жергілікті байлардың
зорлық-зомбылықтарынан
қорғауды, қолынан
келгенше оның рухани және
мәдени өркендеуіне ықпал
жасауды өзінің мақсат-
мүддесі деп білді.
ШОҚАННЫҢ ОЙЫНША,
ХАЛЫҚТЫ ҚАНАУДАН
ҚҰТҚАРУ ҮШІН БИЛІКТІ ЖОЮ
КЕРЕК, СОНДА ҒАНА ХАЛЫҚ
БАҚЫТТЫ БОЛАДЫ. ҚАЗАҚ
ЕЛІНДЕГІ ТӘРТІПТІ
ӨЗГЕРТУДІҢ ЖОЛДАРЫН ІЗДЕДІ.
ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫСТЫҢ
ЖАҢАРТУДЫҢ ЖОЛЫ РЕТІНДЕ
РЕФОРМАНЫ ТАҢДАДЫ. "СОТ
РЕФОРМАСЫ ЖАЙЫНДАҒЫ ХАТ"
ДЕГЕН ЕҢБЕК ЖАЗДЫ. СОЛ
РЕФОРМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ҮШІН
КӨП ЗЕРТТЕУЛЕР ЖҮРГІЗГЕН.
Ыбырай
Алтынсарин
(1841-1889)
Саясатқа ат салысқан тұңғыш ұстаз.
Халықты дүниеге "дұрыс көзқараспен" қарауға
тәрбиелеуді өзінің негізгі мақсаты етіп қойған.
Тек білім, ағартушылық қана бұқара халықты
билеп-төстеушілердің қысым қыспағынан
құтқара алады деп, барлық күш-жігерін олардың
білімін көтеруге арнаған. 1887ж. Ырғызда 20
адамдық интернат және қазақ қыздарына
арнайы мектеп ашқан.
Абай
Құнанбаев
(1845-1904)
Қазақ даласының ғұлама ойшылы . Ол
қазақ халқының мүддесі үшін күресте
достық, татулық, бірлік- керектігіне
назар аударды. Ол адамның "ақыл,
ғылым, қайрат" арқылы жоғары
дәрежеге көтеріліп, асқақтайтындай
қоғамның прогрестік дамуын аңсады.

Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы дамуы, саяси ойшылдар
Қазақ халқының мәдени мұрасы
Саяси ойлар тарихы
САЯСАТТАНУ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ
Николло Макиавелли саяси ойлары
Саяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Саясаттану әдістері
МӘДЕНИ МҰРА БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ
Кеңестік тоталитарлық қоғам тұсындағы ұлт мүддесінің аяқ асты болған тұсарын ақиқатты тұрғыда зерттеп, парасатпен зерделеу тарихшылардың басты парызы
Президентінің мемлекеттік бағдарламасы
Пәндер