Сәбилік кезең: өмірінің екінші жылындағы моторика, тіл мен әлеуметтік-эмоциялық дамудың ерекшеліктері


Slide 1

Сәбилік кезең

Slide 2

Нағыз адамзат ерекшелігінен тұратын жандану комплексі күлу, алғашқа әлеуметтік қажеттілік-қарым-қатынасқа қажеттліктің туғандығын айқындайды. Ал баланың қарым - қатынасқа қажеттілігінің қалыптасуы, ол өзінің психикалық дамуында жаңа кезеңге өткендігін білдіреді. Нәрестелік кезең аяқталып сәбилік кезең басталады.

Slide 3

Бала өмірінің 2-ші жылының даму жетістігі- жүру. Бұл баланы дербестікке жетелейді және кеңістікті әрі қарай меңгеруге жағдай жасайды. Өмірінің 2-ші жылының соңында балаларда қимыл координациялары жақсарады, олар күрделі әрекет комплекстерін меңгере бастайды.

Slide 4

Бұл жастағы балалардың затты меңгеруі алғашқы ойлау формаларының дамуына шешуші әсер етеді. Бұл жастағы баланың ойлауы көрнекі - әрекеттік сипатта болады. Заттық әрекетті жетілдіру балатілінің дамуына әсер етеді. Бала сөйлеуі диалогты сипатта болады, сұрақ және үлкендердің жауап мазмұндарынан құралады. 2 жылдың аяғында бала өз тілінде екі сөзден тұратын сөйлемді пайдаланады.

Slide 5

Сөйлеуді баланың қарқынды меңгеруі фактісі ретінде баланың бір сөзді бірнеше рет қайталауды ұнатуы. Осының қортындысында бала сөзді дұрыс түсінеді және сөзді дұрыс айтады, сөйлем құрады. Бұл кезең баланың қоршағандардың тілін жоғары қабылдауы. Сондықтан, бұл кезеңді бала тілінің дамуының сензитивті (жағымды) кезеңі деп атайды. Бұл кезеңдегі тілдің қалыптасуы психикалық дамудың негізі болады.

Slide 6

Сәбилік жаста адамгершілік сезімнің белгілері қалыптаса бастайды. Бұл тек үлкендер балаларды басқалармен санасуға үйреткенде болады. Өмірінің 2-ші жылында балада бірге ойнайтын жолдастарына жағымды сезім пайда болады. Симпатияны көрсету формасы әртүрлі. Бұл күлу, жылы сөздер, жанашырлық, басқа адаммен қуанышты бөлісуге ұмтылу.

Slide 7

Үлкендермен қарым-қатынаста бала өмірінің 2-ші жылында мадақтауға жағымды эмоционалды реакция қалыптасады. Бұл өзін-өзі сүю, өзін-өзі бағалаудың дамуына ішкі жағдай жасайды. Сәбилік кезеңде баланың еркінің алғышарттарының іргетасы қаланады. Бұл алғышарттар даму үшін бала өмірінің жағдайын, қоршаған адамдармен өзара қарым-қатынас сипатын өзгерту қажет болады.


Ұқсас жұмыстар
Бала өмірінің алғашқы жылы: психикалық дамудың негізгі бағыттары мен сөйлеу тілінің қалыптасу кезеңдері
Ерте сәбилік шақтағы психикалық даму: моторлық, тілдік және әлеуметтік ерекшеліктер
Жасөспірімдік кезең: психологиялық ерекшеліктері, дағдарыстары және әлеуметтік-психологиялық жаттығулар
Ерте балалық шақ пен мектепке дейінгі кезең: даму ерекшеліктері мен тәрбиелік рөлі
Нәрестелік және ерте сәбилік кезеңдегі рефлекстер мен соматикалық факторлардың психикалық дамуға ықпалы
Эмоциялық интеллект: ұғымы, құрылымдық компоненттері және әлеуметтік маңызы
Эмоциялық-ерік сферасының бұзылыстары: балалардағы клиникалық белгілері, себептері және даму ерекшеліктері
Жас ерекшелік психодиагностикасы: нәрестелік және сәбилік кезеңдегі психиканың дамуы
Әлеуметтік педагогикада дамудың теориясы мен рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру
Тіл стильдерінің түрлері мен негізгі ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz