Үш тілдік мәселе
Презентация қосу
Үш тілдік мәселе
Қай кезеңде болмасын,
көп тілді меңгерген халықтар
мен ұлттар алдыңғы қатарлы
елдің қатарына кіріп, өзінің
коммуникациялық және
интеграциялық қабілетін
кеңейтіп отырғаны тарихтан
белгілі. Мәселен, ежелгі
Мысырдың өзінде бірнеше
тілді білетін мамандар
иерархиялық сатымен
жоғарылап, көбіне салық
төлеуден босатылған
көрінеді.
Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері
көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді
меңгеруді маңызды міндет деп санайды.
Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап
дамып, өркениеттен кенже қалмау үшін көп тілді
меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап
отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде еркін
сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге
қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз.
Осы ретте, президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазір біз
балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын
тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасау ға шаралар
қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде
ынталандырылуы керек», – деген болатын 2012 жылы 14
желтоқсандағы Жолдауында.
Бүгінде ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап
оқытыла бастады. Бұл, өте дұрыс нәрсе. Себебі, бала
жастайынан тілді базалық деңгейде білсе, болаша қта
кәсіби деңгейде үйреніп алуына мүмкіндік туады.
Қазақ мектебінде оқыған жас қалада тұрғаннан кейін
орыс тілін де білетіні айдан анық. Сонымен қатар,
ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылғаны құптарлық
дүние. Қазіргі кезде мектеп бағдарламасынан
ағылшын тілін еркін меңгерген көптеген бітірушілер
шет елдерде білімін дамытып, тәжірибесін молайтуда.
Тіл адам баласының басты қазынасы болғандықтан – тіл
байлығы елдің елдігін, жұртшылығын, ғылымы мен
әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғам-құрылыстары
мен салт-санасынынң, жауынгерлік дәстүрінің – мұрасының
қай дәрежеде екенін танытатын дәлелді көрсеткіші. Әр
халықтың ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы
үшін «Ұлы» деп қырғыздың атақты жазушысы Шыңғыс
Айтматов айтқандай, тіл – ұлттың тірегі. Ол жан-дүниеңді
ашып көрсететін мөлдір айнаң. Тіл жоғалса, ұлт та
жоғалатыны белгілі. Барлық қазақстандықты біріктіретін –
қазақ тілі сондықтан, егемен елімізді сақтап қалу үшін
ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік тілге ерекше ықылас
қажет.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін
айтқанда, Елбасымыз атап көрсеткендей:
«Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса
қырандай қалқыған, ойға салса
қорғасындай балқыған, өмірдің кез кезген
орайында әрі қарау, әрі қалқан, әрі
байырғы, мәңгі жас, отты да ойнақы Ана
тіліміз» мәңгі жасасын демекпіз.
«Ұлым тіліңді жаман сөзден, көзіңді
жамандық бағудан сақта. Ұлым, сөзіңді
жүрегіңмен тербеп, содан соң айт, бұлай
етсең баршаға сүйкімді боларсың. Ұлым,
біреуден жаман сөз естісең, оны жүрегіңнің
жеті қарыс түкпіріне тұт, оған жаман болар,
саған жақсылыққа қайтар», - деп дана Хикар
ұрпағына осы бір даналық сөзді жадымызда
мәңгі ұстап өзге тілдерді еркін меңгере
отырып, өз ана тілімізді сақтап, айтар
сөзімізді өз орнымен пайдалана білейік!
Назарларыңызға рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz