Оқытудың түрлері



Оқытудың түрлері

Оқыту теориясы мен тәжірибесі дамуының жалпы заңдылықтарының бірі-дидактикалық жүйелердің бірізділігі, сабақтастығы. Әрбір жаңа жүйе дәстүрлі жүйелердің күшті қасиеттерін, идеяларын, тәжірибесін өзіне сіңіріп алады.
Оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі бойынша, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымдықты, өнегелі-әдепті көзқарастарды дамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі.

Оқыту түрлері
Догматикалық оқыту
Бағдарламалық оқыту
Проблемалық оқыту
Түсіндіру суреттеу арқылы оқыту
Дистанциялық оқыту
Модульдік оқыту

Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқыту
Оның дәстүрлі оқыту деп аталатыны тарихта ұзақ уақыт бойы өміршең болғанына байланысты. Дәстүрлі оқыту жаңадан пайда болған түсіндіру жолдары мен көрнекіліктерді өзіне кіріктіріп отырады. Бұл жүйедегі негізгі оқыту әдіс-тәсілдеріне көрнекіліктерді пайдалана отырып түсіндіру жатады. Оқушылардың негізгі іс-әрекеті: берілген білімнің мазмұнын тыңдау, қабылдау, естерінде сақтау. Мұндай оқытудың талабы: оқушылар есте сақтаған өткен оқу материалының мазмұнын қатесіз қайталап айтып беруі.

Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқытудың ғасырлар бойы нығайтылған пайдалы жақтары:
Оқыту процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді;
Уақытты үнемдейді;
Мұғалім мен шәкірттердің күш-қайратын жетілдіреді;
Күрделі білімдерді қабылдауды жеңілдетеді;

Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқытудың кемшіліктері:
Оқушылардың дайын білімді жаттап алуы,
Дара және бөліп оқыту мүмкіндіктерінің жетімсіздігі.
Шәкірттердің өз бетінше ойлауына қажетті көңіл бөлінбеуі;

Бағдарламалы (компьютерлік) оқыту
Бағдарламалы оқытудың негізгі мақсаты - оқыту процесін басқаруды жетілдіру, тексеруден өзін-өзі тексеруге, оқытудан өзін-өзі оқытуға көшу. Бағдарламалы оқытуда жаңа бағдарланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету (оқыту) машиналары қолданылады.
Бағдарламалы оқытудың ерекшеліктері: оқу материалы жеке логикалы бөлшектерге бөлінеді; әр бөлімді меңгерген соң, оқушы өздігінен тест-сұрақтарға жауап береді; дұрыс жауап берілсе, келесі бөлімге өтеді; жауап қате болса, өзі бөлімді қайталап өтіп, сұрақтарға тағы да жауап береді.

Оқытудың бұл түрі 1960 жылдан бастап Б. Скиннер, Н. Краудер бастамасынан кейін, педагогика, психология және кибернетиканы ұштастырып пайдаланылады.
Б. Скиннер

Бағдарламалап оқытудың үш принципі бар
Сызықты бағдарламада оқу материалы бірізділікпен беріледі.
Тармақты бағдарламада әр оқушы мақсатқа өз жолымен келеді. Қате жауап берген кезде оқушы керекті тармаққа өтіп, қайтадан оқып, қосымша түсініктеме алып, қатені жойып, негізгі сызыққа қайтып оралады. Мықты оқушылар негізгі сызықпен жүрсе, әлсіз оқушылар тармақтарға кіру арқылы нәтижеге жетеді
Аралас бағдарламада қиын тақырыптар тармақтарға бөлінеді, басқалары сызық бойынша орналасады

Бағдарламалап оқытудың күшті жақтары:
Техникалық оқыту құралдарын пайдалану.
Оқыту қарқыны мен оқу материалы көлемінің даралануы,
Тұрақты тексеру,
Оқушының белсенді өзіндік жұмысы,
Оқу материалының бөлшектелінуі,

Бағдарламалап оқытудың кемшіліктері:
Бағдарлама жасауға көп уақыт, күш керектігінен ол өте тиімді,
Мектептегі компьютерлердің саны мен сапасы жеткіліксіз.

Проблемалық оқыту
Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты (жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс) ашу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми-оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу.
Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.

Аталмыш оқыту жаңадан ғана пайда болған жоқ. Кезінде бұған өз үлесін қосқан педагог-ғалымдар: Сократ, Руссо, Дистервег, Ушинский. Мысалы, Дистервегтің дәлелдеуінше, "жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны іздеп табуды үйретеді”.

Проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін шәкірттерге ұсынатын проблемалық сұрақтар жүйесін жасап шығу қажет.
Ескеретін жайт: кез келген сұрақ проблемалы бола бермейді. Проблемалы сұрақтың жауабы дайын болмайды, оны оқушы міндетті түрде өзі іздеуі шарт. Ол сұрақ баланың сана-сезімінде қиындық туғызуы қажет. Оқушы іштей түйсінген ойлау қиыншылығы проблемалық жағдаят деп аталады. Проблемалық сұрақ, бір жағынан, қиын болуы, екінші жағынан, оқушының шамасына лайық болуы керек. Осындай проблемалық жағдаят туғызу, проблемалық сұрақ қою - проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі.

Проблемалық оқытудың күшті жақтары:
Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.
Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;
Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;

Проблемалық оқытудың кемшіліктері:
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;
Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.

Догматикалық оқыту
Догматикалық оқыту- европада көп ғасырлар бойы өмір сүрді, оқушылар болмыс факті, құбылыстарын және олардың арасындағы байланыстарды дайын күйінде жаттады. Оқушылар бұл материалды есте сақтап, сөзбе сөз еске түсіруі керек болды.
Олардан білімді тәжірибеде қолдану талап етілген жоқ. Оқытудың бұл түрі механикалық естің дамуына көмектеседі, бірақ жеке тұлғаның ақыл-ойының өсуіне жағдай жасамайды. Қазіргі мектепте көп қолданылатын оқыту түрлері: түсіндіру - суреттеу, проблемалық, т. б.

Модульдық оқыту
Модульдық оқыту - баланың белсенді оқу қызметін ұйымдастырады, оны өз жұмысын жоспарлай, талдай, бақылай білуге үйретеді.
Технологиялық картаны мұғалім жасайды. Ол әдеттегі сабақ жоспарына үқсайды. Онда тақырып, оған бөлінген сағат, оқыту мақсаты, жұмыстың түрі, оқу материалын, оқу жұмысы тәсілдерін меңгеру формалары көрсетіледі. Негізгі білімдер, тақырыпты оқу арқылы қалыптасатын жалпы оқу және арнайы іскерлік, дағдылар бөлінеді. Тақырыпты оқу нәтижесінде нені меңгеру керектігі көрсетіледі.

Модуль дегеніміз - мұғалім жасайтын оқушының оқу іс-әрекетінің жоспары.
Оны баспа әрпімен теріп сыныптың әр оқушысына береді. Бұл әдістемелік құралда оқушының әр сабақтағы оқу іс-әрекетінің, мақсаты, оқу тапсырмалары, оларды орындау әдістері көрстілген
Материалмен жұмыс: зертханалық жұмыстар, есептер шығару, проблемаларды шешу, сұрақтарға жауап, тапсырмалар орындау, т. б.

Дистанциялық оқыту
Дистанциялық оқыту (алыстан білім беру), электрондық және телекоммуникациалық құралдар арқылы алыста орналасқан адамдардық оқу-танымдық қызметі мен дамуын ұйымдастыру.
Дистанциялық оқытуға тән нерсе жоғары мотивация және оқушылардағы дамыған танымдық қызмет, тек осылай болғанда оқушылар интерактивтік режимде жұмыс істей алады. Дистанциялық мектептің оқушылары өз қалаулары бойынша оқу материалдарымен, мұғаліммен жұмыстарын шамалап, өз сұрақтарына керекті жауаптарын алады.

Дистанциялық сабақ элементтері
Оқу материалы
Көрнекілік
Диагностикалық
материал

Дистанциялық оқыту құралдары.
• электрондық почта (Е- mаіl) ;
• электрондық журналдардық, конференциялардың тізімі (тақырып бойынша) ;
• нақты уақыт тәртібінде хат жазысу;
• тез хабарласу жүйесі (Интернет-пейджер) ;
• Интернет жүйесіндегі www. WеЬ-сайт ішіндегілер, білімдік сайтқа тіркелгендер қаралады, оn-line-дық виртуалдық кітапханаларға кіреді. WеЬ -бетте басқа беттерге, қорларға сілтеме жасалады. Іздеу сервері арқылы желідегі кез келген ақпаратты табуға болады.
• WеЬ -сайтқа жазатын белсенді арналар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz