Тәрбие психологиясы және мәдениаралық тәрбие ерекшеліктері


Slide 1

Тәрбие психологиясы

Slide 2

Тәрбие психологиясы - балалар ұжымының, баланың іс-әрекетін мақсаттылық ұйымдастыру жағдайыңда жеке адамның дамуын зерттейтін педагогикалық психологияның бөлімі.

Slide 3

Тәрбие сөзі «тәрбиә» араб-парсы тілдерінен енген, қазақ тіліне аударғанда «негіз» деген мағынаны білдіреді. Тәрбие деп үлкендердің кішілерге азаматтық қасиетін қалыптастыруға тигізетін әсерін айтады. Баланың көкейіне не болса, соның бәрін жазуға болмайды. Біреуді біреу тәрбиелей алмайды, әркім өзін-өзі тәрбиелеп, азамат қатарына жете алады. Соңғы пікір мына сияқты дәлелге сүйеді : ешкім баланың басына өсиеттерді енгізіп, оның рұқсатынсыз ісін, қылығын сол өсиеттерге бағындыра алмайды.

Slide 4

Тұлғаның мотивациялық саласының мазмұнын, оның бағыттылығын, құндық бағдарлануын, сондай-ақ әр түрлі жағдайда тәрбиеленіп жатқан балалардың өзіндік сана-сезімдеріндегі айырмашылықты, балалар ұжымы мен бозбалалар ұжымының құрылымын, олардың жеке тұлғаның қалыптасуындағы рөлін, психикалық депривацияның жағдайы мен салдарын зерттейді.

Slide 5

Тәрбиенің қозғаушы күштері - тәрбиеші қажеттіліктерінің жаңаруы мен оны қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы шынайы қарама-қайшылықтар, оны тәлімгердің реттеу әрекеті. Бұл қайшылықтарды баланың белсенділігі арқылы шешу оның өзін дамытуға бағытталады.

Slide 6

Жапон елінің бала тәрбиесі:

Бала тәрбиесімен тек анасы ғана емес, әкесі де белсенді айналысады. Мысалы демалыс күндері, саябақтарда баласын ұстаған әкелерді көптеп байқауға болады. Осылай балаға екі жақты махаббат пен қамқорлық береді. Сырттай қарағанда, жапондықтар балаларына мүлдем ұрыспайтын сияқты. Жапондық тәрбиенің және тілдік мәдениеттің ерекшелігі - бәрін сөзбен айтпау. Бірінші кезекте, баланы өзіндік мысалмен тәрбиелейді. Яғни, айтпайды, көрсетеді: бала ата-анасының қарым-қатынасын қас қабағынан, үнсіздігенен ақ байқайды.

Slide 7

ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕРИАЛДАР

Slide 8

Америкалықтар даралықты жоғары бағалайды, адамдар арасындағы өзгешелікке үлкен мән береді, бостандық құндылығын қадірлейді, барлығына уақыт үнемдейді, барлығына да үлгергілері келеді, кез келген салада бәсекелескенді жандары қалайды, тәкаппарлықты жақтыртпайды, артық әңгімеден гөрі, бірден іске көшкенді жөн көреді. Дегенмен, әңгіме барысында үнсіздік пен үзілістерді де ұнатпайды, кез келген жерде пікір айтудан жалықпайды; Немістер тақуалы, нақты мақсат қоюды, ширақтықты, кез келген салада жоспармен, кестемен жүргенді ұнатады. Олардың түсінігінше, кешігу - сыйламау; Арабтар комплиментке батқанды, ризашылық пен назар білдіргенді жақсы көреді және әріптестердің көзінше белгілі бір қызметкерді жамандамайды, олардың санауынша бұл әдепсіздік; Француздар іске бірден көшпей, өздеріне қызықты сұрақтарды әңгіме барысында қозғағанды жөн көреді, ортақ тақырыптар арқылы іске көшеді. Әңгіме дүкен құруды біледі, қазақтар сияқты анда-санда кешігіп тұрады. Аңқаулықтары мен арамдықтары бірге жүреді. Өмірге деген көзқарастары жеңіл. Ел таңбасы Лалагүл. Орыстар жомарт, көңілшек, достарымен ақ дастарханда қазақтар сияқты ас ішкенді жандары қалайды; Испания мен Латын Америка елдерінің халқы қызба болып келеді, оларды «қой деймін, ауырып қаласын» деп қана тоқтатуға болады. )

Slide 9

Үндістан мен Тайландта көзді қысу кемсіту болып саналады; Мексикада қызыл гүлден гөрі, ақ гүл табыстаған жөн, өйткені қызыл түс олардың түсінігінше қан мен өлім белгісі; Қытай мен Түркияда керісінше, ақ пен көк түстерден гөрі, қызыл кеңінен қолданылады; Малайзияда адамға қаратып саусағыңды сілтеуге болмайды. Бірдеңе қабылдасаң тек оң қолмен немесе қос қолмен ғана болады; Еуропалықтар америкалықтардың дауыстап сөйлейтінін жақтыртпайды; Батыс мәдениетінде әңгімелескенде көзге тіке қарау сыйластықтың белгісі; Жапондықтар түрткенді, орынсыз құшақтағанды агрессия ретінде қабылдайды, амандасқанда бас изеу олар үшін жеткілікті. Сосын олар «жоқ», «жасай алмаймын», «білмеймін» деп тіке айтпайды. Жапондықтар үшін көзге тіке қарау шарт емес, олар үшін үнсіздік пен тыныштықты сақтау - күш пен ер-азаматтықтың белгісі.


Ұқсас жұмыстар
Отбасы психологиясы: құрылымы, түрлері және тәрбие қағидалары
Тәрбие үдерісі: мазмұны, ерекшеліктері және заңдылықтары мен принциптері
Тәрбие теориясы: өзіндік тәрбие, қайта тәрбиелеу және педагогикалық принциптер
Тәрбие түрлері және тұжырымдамалық негіздері: мектептегі тәрбие бағыттары
Тәрбие үдерісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету: ерекшеліктері мен мақсаттары
Тәрбие сағаты: Кітап - білім мен тәрбие көзі
Тәрбие негіздері: қағидалар, әдістер және тәрбие технологияларын жүзеге асыру кезеңдері
Сыныптан тыс және мектептен тыс экологиялық тәрбие: ұйымдастыру ерекшеліктері мен міндеттері
Тәрбие психологиясының басты міндеттері мен бағыттары
Қазіргі оқу-тәрбие үдерісіндегі тәрбие технологиясы және тұлға қалыптастырудың педагогикалық қағидаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz