Мыс. Оның қосылыстары және оларды пайдалану


Slide 1

Мыс және мысты-молибденді кендерді байыту технологиясы. Заттық құрамы, негізгі түрлері. Кеннің және концентраттың сапасына қойылатын талаптар. Технологиялық сызбалар және байыту көрсеткіштері.

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Slide 2

Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Мыс. Оның қосылыстары және оларды пайдалану.

2. Мыс және мысты - молибденді кендер.

3. Мысты және мысты - молибденді кендерді байыту.

4. Кен және концентраттар сапасына қойылатын талаптар.

5. Технологиялық сызбалар байыту көрсеткіштері.

6. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Минералды шикізатты тұтынудың өсуімен қатар адамзаттың іс жүзіндегі әрекетінде қолданылатын химиялық элементтердің де саны өсуде. Кендердің байытылу мүмкіншілігін және экономикалық тиімділігін анықтайтын негізігі қасиеттеріне ондаңы бағалы заттардың проценттік үлесі, минералдық құрамы және сеппелік дәрежесі жатады. Бұл қасиеттердің әрқайсысының байыту процестеріне тигізетін әсерлерінің маңызды ерекшеліктері бар. Кенде бағалы заттың проценттік үлесі артқан сайын оны бөліп алу дәрежесі өседі. 30 жылдары құрамында 0, 3% мыс бар кендерді байытып, мыс концентратын бөліп алу тиімсіз болса, қазіргі кезде технологияның жетіліуіне байланысты мыс үлесі 0, 2% тең кен байытылады. Бағалы зат үлесінің тиімді төменгі шегі әр зат үшін әртүрлі болады. Мысалы, молибденнің проценттік үлесі 0, 01% жоғары болса кен тиімді байытылады.

Slide 4

Мыс

Адамдар металдардың ішінде алғашқы болып мысты рудадан тез еритін, оңай бөлінетін болғандықтан ерте кезден қолдана бастаған. Мыс алынатын табиғи шикізаттың құрамына мысы бар 240 - тан аса минерал кіреді. Олардың ішінде өнеркәсіптік негізгілері халькопирит (құрамында мыстың мөлшері 34%), бoрнит (63, 3%), ковеллин (66, 4%), халькозин (79, 8%), теннантит (57%), тетраэдрит (52, 3%), Энаргит (48, 3%), куприт (88, 8%), тенорит (79, 8%), малахит (57, 7%), азурит (55, 3%), хризоколла (36, 1%), брошантит (56, 2%), атакамит (59, 5%) . Мысты құмтас кен орындарында мыстың мөлшері көп болады. Қазақстан бұл кен типтері басты орында (мысалы, Жезқазған кен орны) .

Slide 5

Малахит (Cu2(CO3) (OH) 2) . Азурит (Cu3(CO3) 2(OH) 2) .

Хризоколла(Cu2H2Si2O5(OH) 4*nH2O)

Кеннің құрамында пирит(FeS2) пен пиротинмен (Fe7S8) бірге әрқашан кварц және Al, Fe,

Mg, Са әртүрлі силикаттары кездеседі.

Тотықты кендер негізінен тотықтардан, карбонаттар мен силикаттардан тұрады. Тотықты минералдар негізінен Жер бетіне жақын жатады.

Slide 6

Мыс - молибденді кендер

Мыс молибденді кендерде молибден молибденит (MoS2) минералы түрінде болады. Молибденнің кендегі проценттік үлесі өте төмен болады. Мыс-молибденді кендерді өңдеудің тиімді технологиясын дайындау өзектілігі, ең алдымен бұл кендердің Қазақстан аумағындағы мыс- молибденді кендердің құраушылары болып табылады. Оларға Тастау, Қоңырат, Саяқ, Ақтоғай кен орындары жатады. Бұл кен орындардың кендері флотацияны қолдана отырып, фабрикаларда байытылады, нәтижесінде мысты, молибденді концентраттар, сонымен қатар, кальций молибдаты, аммоний перренаты алынады.

Slide 7

Мыс кендерін байыту технологиясы негізгі 3 сатыдан тұрады:

Slide 8

Алғашқы этап: грохоттау

Мыс кендері тербелмелі құрылғының букерлері арқылы жақтаулы уатқышқа біркелкі жіберіледі. Бұны біз бірінші уату сатысы деп атаймыз. Біріншілік грохоттаудан кейін мыс кендері екіншілік грохоттауға таспалы конвейерлер арқылы біржақты цилиндірлі-конусты уатқышқа түседі. Ал одан соң майдалау үшін көпжақты цилиндірлі-конусты уатқышқа жіберіледі.

Slide 9

Екінші этап: майдалау

Диаметрлері 0-12 мм болатын ұнтақталған мыс шарлы диірменге майдалау үшін келіп түседі. Бұл құрылғы кенді 0, 075мм-ге дейін майдалай алады. Одан кейін спиральді классификаторда ұнтақтау процесі жүреді. Егер кеннің өлшемдері талаптарға сай келмесе кеніміз шарлы диірменге қайта жіберіледі.

Slide 10

Үшінші этап: флотациялық байытылу

Бірқатар үгіткіштерде үгітілген кен сумен араластырылады. Нәтижесінде кен пульпа іспеттес өте майдаланған массаға айналдырылады. Пульпаны қарқынды араластыра отырып, көпіршіктер түзілу үшін ауа арқылы үрлейді. Судағы полярсыз молекулалар ауа мен су арасындағы шекараға орналасуға тырысса, ал полярлы молекулалар кенді қаптауға ұмтылады. Нәтижесінде кеннің бөлшектері көпіршіктерге жабысып, беткі қабатқа көбіктер түрінде шығады.

Slide 11

Флотациялаудың бірінші сатысы

Флотациялаудың екінші сатысы

Slide 12

Мыс концентраттары

Пайдалы қазбаларды байыту өнімі, не шикізатты химиялық өңдеудің өнімі. Бұл өнімдерде пайдалы концентрат мөлшері бастапқы шикізаттағыдан көп болады. Олар байыту фабрикасынан тікелей пайдалануға не металлургиялық өңдеуге жіберіледі. Металлургиялық өңдеуге жіберер алдында оларды флотациялық байытудан өткізеді. Мыс кенін байыту барысында негізгі алынатын өнім, құрамындағы мыс 55 - ға жететін ( көбінесе 10 - дан 30 -ға дейін) мыс концентраты болып есептелінеді. Ал флотация кезінде мыстың концентратқа өту шығымы 80 - дан 95 - ға дейін болады. Байыту барысында мыс концентратынан басқа қосымша пиритті және түсті металдар концентраттары алынады. Қазақстанда мыс шикізат көздері Орталық, Шығыс ( Кенді Алтай ) және Оңтүстік Қазақстан облыстарында шоғырланған. Соңғы жылдары мыстың күрделі концентраттарын балқытып, ұсатып өңдеу Балқаш мыс зауытында жүргізілуде.

Slide 13

Қазақмыс

Қазақмыс - пайдалы қазба байлықтарды өндірумен айналысатын, негізгі қызметін Қазақстанда атқаратын, Ұлыбританияда тіркелген халықаралық компания. Компанияның негізгі қызметі - мыс өндіру және сату болып табылады. Компания аса ірі 10 әлемдік мыс өндірушілер қатарына кіреді. Мыс өндіру бөлімшесінің өндірістік алаңқайларының ішінде 15 карьермен жер асты кендері, 10 кен байыту фабрикасы және мыс балқыту кешені бар.

Бұл компания иелігінде Бозшакөл мен Ақтоғай. 2007 жылы компанияға тиесілі мыс кені - дәлелденген 700 млн тоннаны, ал шамамен алғанда - 2 млрд тоннаны құрайды. Қазақмыстың еншілік мекемесі - «Корпорация Қазақмыс» ЖШС - Қазақстанда 19 жерасты мыс кені мен 2 металлургиялық комбинаты бар.

Slide 14

Балқашмыс

Қазақстанның түсті металлургия саласындағы ірі кәсіпорын. Балқаш көлінің солтүстік жағалауындағы Бертіс шығанағында (Балқаш қаласынан орналасқан. Ол алғаш (1938) Балқаш мыс және түсті металл өңдеу зауыттары мен Қоңырат мыс және Гүлшат қорғасын-мырыш кеніштерін біріктіру нәтижесінде Балқаш кен-металлургия комбинаты болып құрылған. “Балқашмыс” негізінен тазартылған мыс, асыл және сирек кездесетін металл үгінділерін, қорғасын мен мырыш өнімдерін, молибден мен темір концентраттарын, күкірт қышқылын шығарады. “Балқашмыс” кен өндіруден бастап түсті металл прокатын шығаруға дейінгі технологиялық процестер толық атқарылатын және түгелдей автоматтандырылған бірден-бір өндіріс орны. Кәсіпорын ұзақ жылдар (1940 - 1980жж) бойы Қазақстан ауыр өнеркәсібінің көшбасында болды. Нәтижесінде өнімнің сапасы артып, Балқаштың шақпақ мысы сапа эталоны ретінде Лондонның түсті металл биржасында тіркелді. 1998 жылы “Балқашмыс” Корея республикасының “Самсунг” корпорациясының басқаруына берілген “Жезқазғантүстіметтің” құрамына кірді. “Балқашмыстың” афинаж зауытында платина және сирек кездесетін металдар алу көзделген. “Балқашмыстың” өнімдері, негізінен, Батыс Еуропа мен Қытайға сатылуда. [

Slide 15

Жезқазған мыс кені экономикасы

2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны, Сәтпаев қаласында “ Қазақмыс” корпорациясы ЖШС және Ұлытау ауданының Қарсақпай мыс кентінде жұмыс істейтіндерді есепке алғанда, 47175 адамды құрады. Орташа атаулы еңбекақы - 39511 теңге. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі 210886, 1 млн тенге құрады. Жылдық деректер бойынша 2006 жылғы негізгі капиталға инвестициялар 160057, 8 млн тенге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемге 103, 6 пайызды құрады. Кәсіпорынның өз күшімен орындаған жұмыстар көлемі 2006 жылы 1655, 5 млн тенгені немесе 2005 жыл көлеміне 163, 9 пайыз 2006 жылғы бөлшек айналым көлемі 8678, 1 млн тенге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі - 3314, 7 млн тенге.

Slide 16 Slide 17

Кентас 200 метр тереңдікке дейін таралған. Кентастанудың сипаты сеппе және желілі сеппе түрінде. Сондай-ақ, тік бағыттағылармен қатар көлбеу кентастану белдемділігі де білінеді. Кен орынның тотығу және сульфидке қайта баю белдемдеріндегі кентас сарқылған. Металдардың қоры бойынша Қоңырат мыс кен орны ірі кен орындары қатарына жатады, қазір мұнда аз көлемде ашық әдіспен кен өндірілуде.

Қарағанды облысы, Балқаш қаласынан солтүстікке қарай 15 км жерде. Алғаш 1927 жылы Михаил Петрович Русаков ашқан. Геологиялық барлау жұмыстары 1928 жылдан жүргізіле бастады. 1934 жылдан Балқаш тау-кен металлургия комбинатының шикізат қорын беретін негізгі кеніші.

Қоңырат кен орны

Slide 18

Саяқ кенді ауданы

Саяқ кенді ауданы - Қарағанды облысында Балқаш қаласынан шығысқа қарай 200 км жерде, Балқаш - Саяқ - Ақтоғай темір жолының бойында орналасқан кенді өңір. Кен орны 1930 жылы ашылып, кен өндіру жұмыстары 1970 жылы басталған. Бастыминералдары: борнит, халькопирит, буланжерит, арсенопирит, кобальтин, молибденит, т. б. Өндірістік мәні бар металдары: мыс (10 - 15%), молибден (0, 01 - 1%), кобальт (0, 151%), алтын (орташа 7, 8 г/т), т. б. Кентас ашық кеніш арқылы өндіріледі. Ауданның кен орындары «Балқашмыс» кәсіпорнының шикізат базасы болып табылады.

Slide 19

Ақтоғай кен орны

Ақтоғай мыс кен орны - Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстарының түйіскен жерінде орналасқан. Ақтоғай темір жол станциясынан шығысқа қарай 22 км жерде. Мыс-молибдені бар кенді штокверк 800 м тереңдікке дейін бойлайды, оның ұзындығы 2500 м, ені 50-830 м. Кенді штокверктегі мыс пен молибденнің мөлшері оның ішкі және сыртқы шекарасына қарай азаяды және бұл екі құраушының ең үлкен шоғырлануы бір-біріне сәйкес келеді.

Slide 20

Кен және концентраттар сапасына қойылатын талаптар

Кендердің байытылу мүмкіншілігін және экономикалық тиімділігін анықтайтын негізгі қасиеттеріне ондағы бағалы заттардың проценттік үлесі, минералдық құрамы және сеппелік дәрежесі жатады. Бұл қасиеттердің әр қайсысының байыту процестеріне тигізетін әсерлерінің маңызды ерекшеліктері бар. Кенде бағалы заттың проценттік үлесі артқан сайын оны бөліп алу дәрежесі өседі. Оның байтылу мүмкіншілігі заттың проценттік үлесінің белгілі бір шамадан төмен болмауымен анықталады. Оның төменгі шегі байыту процестерінің даму деңгейімен байланысты. Концентраттардың сапасы оларды металлургиялық не басқа жолдармен өндеу процесстерінің тиімділігіне көп әсер етеді. Осыған байланысты концентраттар сапасына белгілі бір талаптар қойылады.

Бекітілген стандарттар заң ретінде саналады. Бірақ техникалық прогрестің дамуына байланысты олар мезгіл-мезгіл өзгертіліп отырады. Ол тек мемлекеттік аттестациялау комиссиялардың(ГАК- государственная комиссия) шешімі нәтижесінде жүргізіледі.

Slide 21

ГОСТ 48-77-74 бойынша мысты кендерден алынатын мыс концентраттарына қойылатын талаптар (құрам, %)

Марка

Cu аз емес

Қосымшалар көп емес

Марка

Cu аз емес

Қосымшалар көп емес

Zn

Pb

Zn

Pb

КМО

40

2

2, 5

КМ5

20

10

8

КМ1

35

2

3, 0

КМ6

18

11

9

КМ2

30

3

4, 5


Ұқсас жұмыстар
Бейорганикалық дәрıлıк заттар
Микроэлементтердің адам организміндегі рөлі
Мырыш - ІІБ топ элементі
ХРОМ МЫС
Шыны өндірісі
Табиғи ресурстар түрлерін тиімді қорғау шаралары. ҚР-ның табиғи және қазба байлықтары мен мәселелері
d - элементтердің сонымен қатар Cr, Mo, W қосылыстарының медицина мен фармация қолданысындағы химиялық негіздер туралы түсінік
Куміс айна реакциясы
Шыны, әйнек
Органикалық тыңайтқыштар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz